38
Цитация ғылыми текстерде көптеп кездеседі. Бірақ көркем мәтіндердегі
цитаталардың ғылыми стильдегі мәтіндердегі
цитаталардан бірнеше
айырмашылығы бар:
1)
Көркем шығармада цитата қолданғанда қаламгер мәтін әсерлілігін
күшейту үшін еш өзгеріссіз алады. Мұқағали өлеңіндерінен тағы да бір мысал
келтірелік. Мысалы Мұқағалидың:
«Байғазы етіп байлаған халқым маған,
Менің де
бір күйім бар тартылмаған.
Менің де тұғырдағы қыраным бар
Асқар шың аспанды аңсап шаңқылдаған»
деген жолдарынан Қасым
Аманжоловтың мына өлеңіндегі фрагментті көре аламыз:
«Домбырамда бір күй бар тартылмаған,
Көңілімде бір сыр бар тартылмаған.
Күйімді де сырымды сыйлар едім
Жаным сүйер жар болса жарқылдаған»
Бұл өлеңінде де М.Мақатаев вербалды сілтеме арқылы, яғни,
менің есімдігіне
де демеулік шылауын қосып, күшейту арқылы басқа автордың сөзқолданысын
меңзеп тұр.
2)
Автор өзінің шығармасын басқа автордың
немесе өзі идеал тұтқан
объектіні бағалауы үшін қолданады.
«Қараулықтың қапаста қаңғыр үні
Мен де ән салам. Сан адам салды мұны.
«Жаза алмайтын өлеңді ермек үшін»
Жақсылардың болайын жаңғырығы» (Г.Салықбай)
3)
Қаламгер өз заманының қиын жағдайын не сол кезеңдегі оқиғаны
әсерлі жеткізіп әрі дәл келтіру үшін шығармасына
өзінен бұрынғы автордың
сөзқолданысын кіріктіруі мүмкін. Мысалы:
«Дүрбелеңнен сыр тартсам дерек шығар,
Тарихымның тор көзі елеп шығар.
Достарыңызбен бөлісу: