Нагашбаева нуршат талгатқызы


Бас-басына би болған қиқымдарға



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

Бас-басына би болған қиқымдарға, 
Құнанбайдай бір кие керек шығар» деген Ғ.Жайлыбайдың өлеңіндегі «Бас-
басына би болған қиқымдар» Абайдың мына өлең жолдарынан аланған: 
«Бас-басына би болған өңшең қиқым, 
Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын, 
Өздеріңді түзелер дей алмаймын, 
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың». 
Ал мәтінде цитата қандай түрде келеді – ол авторға байланысты. Мысалы 
сөз тіркесі деңгейіндегі цитация: «Айырылып қалған соң ғана айы өтіп, сан 
соға өкінер едік. Өзгені қойып, мықтымсып жүрген мына менің өзім сол 
Апамнан тірі кезінде неге ғана бәр-бәрін: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері 
илеп, өңдеп киім тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігуді, саба, сүйретпе, 
торсық істеуді тәптіштеп жазып алмадым. Енді міне... қолымызды мезгілінен 
кеш сермеп отырғанымыз» («Апамның астауы», О.Бөкей). Бұл шығармадан 


39 
Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлең жолдарынан 
алынған сөз тіркесі деңгейіндегі цитацияны көре аламыз.
М.Жұмабаев «Қазағым» атты өлеңінде цитацияның бірнеше түрі қатар 
келеді: 
«Ауыл болсаң – қоғам бол» - деген сөзбен
Бұлтартпай ертеңді-кеш жүріп барсақ, 
Сол шақта көп түкіріп көл де болар, 
Көлде толқын айдаушы жел де болар. 
Мектеп пен медреселер көп салынып, 
Ағайын тату-тәтті ел де болар. 
Жиылмай өнерге аяқ баса алмаспыз, 
«Заман түлкі болғанда, тазы болмай» 
Биік қырдан алдағы аса алмаспыз!»
Біріншісі – мақал сөйлем деңгейіндегі цитация және ол түпнұсқаға 
сілтеме жасау негізінде жасалып тұр. Екіншісі – «Көп түкірсе – көл» деген 
мақалдан сөз тіркесі деңдейінде келтірілген цитация және ол басқа мәтіннен 
үзінді түрінде келтірілген. Үшінші цитата да бірінші секілді сөйлем 
деңгейіндегі цитация және түпнұсқаға сілтеме негізінде жасалынған. 
Қасым Аманжоловтың мына бір өлең жолдарына зер салайық: 
««Ит ашуын тырнадан алғандай» - ақ 
Әлсізін әлділер асып, атқан». 
Алғашқы жолдан трансформацияланған мәтелді көре аламыз. Автор 
мәтелді жай ғана кірістірмей, теңеу ретінде қолданған.
Ал кейде цитата түрінде келтірілген мақалдар трансформациялануы да 
мүмкін. Автор ұйқасқа байланысты өзгертіп қолданады, бірақ бұл жағдайда да 
мақал мағынасы өзгермей сақталады: 
«Ұстасын, жатсын, уайым жоқ: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет