68
Жаман түс көріп жан тәсілім ете жаздаған Қасен түсінен шошынып, қара
терге түсіп жатыр. Әлгі алқымнан алған ажал - Түс екендігіне әйелінің
даусынан кейін ғана көз жеткізген Қасен енді ғана ес жиып:
«...керегі не, өліп
тірілгендей болдым...» - дейді. (303-б)
Туындының идеялық түс қызығын, көркемдік тұстастығын осынау
сәтімен табылған тәсіл - Түс ұстап тұр. Және ол кейіпкердің болмыс-бітімін,
ішкі ой иірімдерінің құпия қалтарыстарын психологиялық,
сезімдік тұрғыдан
әшкерелеп, характерлік қызметін қоса атқарады.
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы «Қайтқанда» деп аталатын алғашқы
тарауда да түс бар. Жалғыз ұлы қайтыс болып, келіні екеуі қалған қарт батыр
Қодар: «Түс шіркін жұбаныш па, тәңір-ай!» - деп ойлағанымен өзі де сол күні
түсінде баласын көріп, қам көңіл болып оянған. Ал, келіні Қамқа болса түсті
кәдімгідей медеу көреді:
«Әкем екеуің неге жылай бересіңдер, мен тірімін ғой.
Мен, міне келдім ғой. Қойшы, Қамқа! Қабағыңды ашшы!» деп, осы бір түрл
сай-сүйегімді босатты! - дейді Қамқа. Осы кезде Қамқаның да, Қодардың да
көздерінен үнсіз жастар біртін-біртін сорағытып ағып отыр еді».
Автот кейіпкерлерінің сол сәттегі жан қиналысын, бірінің жалғызы,
бірінің жан жары - Құтжаннан айрылғаннан кейінгі айықпас қайғысын,
соның
жүрекке салған жарасы мен салмағын осы түс арқылы жеткізіп отыр. Ата мен
келін арасын ажырамастай етіп отырған да осы ортақ қайғы. Алайда олардың
ар-абыройы ел, әруақ алдында таза екендіктерін автор осы түс арқылы
мойындатқызғандай, автор сөзбен емес, осы түс арқылы астарлап сездіргендей.
Бөжейге құн орнына берілген кішкентай Кәмшат тағдырының
трагедиямен тәмамдалуы да «түспен» тұспалданып, талданады. Сүйіндік
ауылынан естіп келген әңгімесін Абай Зере мен Ұлжанға айтқанда Кәмшаттың
шешесі Айғанымның сол күнгі түсін еске алып:
«Түс көрдім. Кәмшат жер
Достарыңызбен бөлісу: