Нагашбаева нуршат талгатқызы


Қазақ әдеби шығармаларындағы пародия және перифраз



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

2.6 Қазақ әдеби шығармаларындағы пародия және перифраз 
құбылыстары 
Автор өз шығармасында өзі куә болған қоғамдағы немесе кез келген 
жағдайды, шындықты жан-жақты, дәл жеткізуге тырысады. Сол үшін қаламгер 
қоршаған дүниеге сыни көзбен қарап, оны ирониялық тұрғыда көрсететін 
пародиялық шығармалар жазады.
Ғалым Т.Қожакеевтің түйіндеуінше, пародия - «қарсы өлең, өлеңге қарсы 
өлең». Себебі, пародия жасаушы автор нысанға алып отырған шығарманы өз 
шығармасына нысанға ала отырып, соған ұқсата екінші бір шығарма жазады.
Пародияны сатираның немесе сынның жанры ретінде танумен қатар, оны 
басқа бір мәтін негізінде туындайтын жаңа мәтін, яғни туынды мәтін немесе 
екінші (вторичный) мәтін деп қарау да қалыптасқан. Соңғы түсінік мәтінаралық 
байланыстарға 
тән, 
Ю.Карауловтың 
мәтінаралық 
байланыс 
туралы 
зерттеулеріндегі прецедентті мәтіндерге берген анықтамасының негіздерін 
және сол анықтамалар негізінде еңбектер қалдырған орыс зерттеушісі 
М.Вербицкаяның екінші, туынды мәтін теорияларын ұсынып, автор ғана емес 
оқырман да претекспен таныс болса, шығарма әсерлілігі мен оның эстетикалық 
әлеуеті артатындығын көрсетеді. 
Ғалым Ю.Н.Тынянов пародия жанрының зерттелуіне елеулі үлес қосты. 
Ол өзінің («Достоевский и Гоголь (к теории пародии)», «Пародия туралы», 
«Архаистер және Пушкин», «Әдеби факт») еңбектерінде пародия жанрын жан-
жақты зерттеп, пародияның екі желісін алға тарқан және пародияның 
қызметтерінің бірі ретінде қажетті трансформация құралы және «жаңа» мен 
«ескі» арасындағы күрестің тұтқасы ретінде көрсетеді. Мысал ретінде 
М.Е.Салтыков-Щедриннің «Бір қаланың тарихы» мен А.С.Пушкиннің 
«Горюхин аулының тарихы» атты шығармаларын алып, екі шығарма 
арасындағы байланысты көрсетеді [22.198].
Пародия жанрында ғалым В.И.Новиковтың еңбектерін де ерекше атап 
көрсетуге болады. Ол пародияның функциялары жайында маңызды 
заңдылықтарды атап кеткен. Ғалым Ю.Тыняновтың екі желі туралы ойын 
жалғастырып. Үшінші сондай планның бар екенін айтады: «Бірінші «план» да, 
бізге таныс немесе біз анықтаған екінші «план» да, олардың арасындағы 
«үйлеспеушілік» те шығармашылық тұрғыдан мағына үстей алмайды. Пародия 
жай ғана «екі ойлылық» емес, ол күрделі, терең мағыналы, нақты үшінші 
«план» негізінде, яғни бірінші мен екіншінің қатынасы бүтін мен бүтіннің 
қатынасындай. Үшінші «план» - басқалай жеткізуге келмейтін мағынаның шегі 


73 
және ол пародиядан басқа құралдарда кездеспейді. Үшінші план ойда бірінші 
мен екінші «пландардың» тығыз байланысы» [23. 31-32 б].
Пародия әдетте бір шығарманың құрылымдық, семантикалық 
ерекшеліктерінің цитациясы негізінде жазылады. Бұл мәтіндерде сөз - әдеттегі 
сөз сияқты сөйлеу тақырыбын да, өзгенің сөзін де қамтиды. Пародиялық 
мәтіндер қатарына перифраз, травести, пастиччо, спуф мәтіндер жатады.
Екінші мәтін болып отырған туынды мәтіндер осы интертекстуалдылық 
байланыстың нысаны болып табылады. Өйткені, пародия мәтіндер лексика-
семантикалық тұрғысынан претексі ескерілмей, интерпретациялана алмайды. 
Бұл кезекте претекст лексикалық, құрылымдық деңгейде цитация болады да, 
мәтін түзуші механизмге айналады. Осылай екінші мәтінде претекске айқын 
қайшылықты жасырын ақпар, мән түзіледі. Негізі, пародиялық шығармаларда 
эксплицитті мәннен гөрі имплицитті ақпардың күш-қуаты басым болады. 
Пародия жасаушы қаламгердің тудырған мәтіні мен негіз болған мәтін 
арасындағы қайшылық айқын сезілгенде ғана оқырман үшін комикалық әсер 
қалдыруы мүмкін. Мына бір мысалға назар аударалық: 
«Ұйықта, қазақ! 
Ұйықта, қазақ! Ұйқыңды қандырып ал, 
Көлден балық аулама, балдыры бар. 
Бау-бақша, егін егіп керегі не, 
Даланың дауылы бар, жаңбыры бар. 
 
Ток соғады, жолама электрге, 
Май боласың, жуысаң электрге. 
Бес ешкіңді баға бер қораңдағы, 
Ғылыми жаңалыққа құлақ түрме. 
 
Қазақты сорлатпаған ұшқыш болып, 
Жермен жүр аяқ-қолың күс-күс болып. 
Аспаннан жерге құлап, мерт болғанша, 
Тірі жүрген артық қой ішкіш болып. 
 
Ұйқы қалың, өмірден кеш қаламыз, 
Соны сезбей, кей кезде төс қағамыз. 
Желтоқсанда жастарға жала жауып, 
Жылап-сықтап Қайратты еске аламыз». 
Мына өлең шумақтары, байқап отырғанымыздай, Міржақып Дулатовтың 
«Оян қазақ!» өлеңіне пародия. Автор нысанға алып отырған мәтініне қарама-
қарсы, болымсыз мағынада сөз тіркесін алу арқылы семантикалық контраст 
жасаған. Міржақып Дулатовтың «Оян қазақ!» өлеңін оқып көрелік: 
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты! 
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 


74 
Қазағым, енді жату жарамасты!» 
Пародия мәтінде, айтып өткеніміздей, Міржаұқып Дулатовтың өлеңіндегі 
сөз тіркестерді болымсыз мағынада алған: оян қазақ - ұйықта қазақ, ұйқыңды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет