Нагашбаева нуршат талгатқызы



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

«...Маңайы толған ақ сәлделі мүриттер: «Я, шайхым!...» деген 
дауыстары жер жарады.
Байқан молда «өңім бе, түсім бе» деп басын көтерді. Әлдеқайдан 
жұмсақ, майда дауыс естілді: 
– 
Азған дүниеде азапты көп тартқан құлым едің... Сен болмасаң
дүниені әлем-тапырық қып жіберейін деп едім, бір сенің құрметің үшін 
қалдырдым. Енді мына азғандарды тура жолға салу үшін сені бас қылдым: 
еліңді үгітте, мұсылмандыққа шақыр!... - дейді.
Дінге үгіттеуді естігенде, молданың ойына комсомолдар түсті. «Дін-
апиын» деген комсомолдар сөзі шыңылдап құлақты жарып бара жатқан 
секілді. 
– 
Құдіретті күшті құдай. Тапсырған жұмысыңды толық орнына 
келтірер едім, бірақ комсомол дегендері іске келте болады, дінді мазақтап 
ойын істейді, мені мазақтап тақпақ айтады... - деді. 
– 
Оларды көндіріп берейін, - деген дпуыс естілді. 
– 
Кәрімді ше? 
– 
Кәрімді қолыңа берейін. 
– 
Мұғалімді ше? 
Дауыс біразға дейін семіп барып: 
– 
Мұғалімге құдіретім жетпейді: менің қол астымда емес, оның 
құдайы басқа... - деді (179 бет). Мұны естіген молданың тасыған көңілі 
бәсеңсіп-ақ қалады. Бірақ, артынша. – Әкеле жатыр, әкеле жатыр... деген 
дауыстар естіледі. Кәрімі екі жендет ортаға салып айдап келе жатыр екен.
Жазушы мифологиялық сюжетті, оның көркемдік құрылымын алып 
отырғанымен баяндап отырған оқиғасы өмір шындығы. Әсіресе, Кәрімнің 
мына сөздері ақиқат ауылынан алыс емес: 
«...Кәрім солқылдап жылап отыра кетті.
– 
Мен жазықты, тақсыр, айыбымды кешіңіз! Мен сізге протокол 
істегенде, қастықпен істегенім жоқ. Көдебайдың айтуымен істедім... - деді 
Кәрім жылап. 
– 
Комсомолға неге кірдің? 
– 
Ойбай, тақсыр, күнім үшін кірдім. Мен шын комсомол емеспін... 
Мен дінді сөккенде мұғалімге көз қылып қана айтушы едім. Оңашада 
намазымды тастаған жоқпын. Нанбасаңыз Жамақтың қатынынан сұраңыз, 
соның үйіне барып талай бесін намазын оқығам...» Осындағы Кәрімнің 
айтқаны сол кездегі тарихи жағдайды астарлап жеткізіп тұр деп ойлаймын. 


72 
Жазушы түс арқылы комсомолға, партияға, жаңа үкіметке өз күні үшін өтіп, 
елдің көзін ала беріп ішкі есептерін жүзеге асырып келген бай-құлақтардың, би-
төрелердің, молда-ишандардың шын мәніндегі бет-пердесін, ішкі пасық 
пиғылдарын әжуалайды. Қалай болғанда да, автор түс мәтіні арқылы 
шығармаға жаңаша серпін береді. Әңгімедегі сюжет пен кейіпкер түс мәтіні, 
интертекст арқылы ашылғандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет