Нагашбаева нуршат талгатқызы


қандырып ал - көтер басты, көзіңнді аш



Pdf көрінісі
бет32/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

қандырып ал - көтер басты, көзіңнді аш. Автор Желтоқсан оқиғасына 
байланысты кейбір қазақ зиялыларының жағымсыз іс-әрекеттеріне де сілтеме 
жасайды. Қаламгер, байқап отырғанымыздай, претекстке парадигматикалық 
қатынастар арқылы ғана қатысты шығарма тудырған. Негіз болған 
шығарманың семантикасы қаламгер үшін идеал, және оқырман оған бірден 
назар аудартынына қаламгердің сенімін көреміз. Міне, осылай, белгілі бір 
шығарманың сыртқы пішінін, семантикасын пайдаланып, оған қарама-қарсы 
мәнде, бірақ жасырын мән үстейтін пародиялық шығарманы перифраз деп те 
атайды.
Перифраз қазіргі тіл білімінде тек стилитикалық тәсіл, көркем троптың 
бір түрі ретінде ғана қолданылып келеді. Яғни, әдебиетте белгілі бір сөзді 
қайталап қолдана беремеу үшін, оның мағынасы мен ерекше белгілерін 
көрсететін сөз тіркестерін қолдану. Мысалы,
«Алтын дән аялаған кең алқапта, 
Жер кемесі - комбайн гүрілдейді. 
Баладай екі өркеші - шөл кемесі – 
Түйем де басқа малдан кем түспейді» (Айтыс).
Перифраз бір ұғымды сөз тіркесі деңгейінде ғана, мысалда 
көрсетілгендей, басқаша сипаттау деп қана түсіндіріліп келеді. Ал, 
перифраздың интертекст түзу қабілетіне назар аударылмай келеді. «Тіл білімі 
сөздігі» атты еңбекте перифраза мен парафраза егіз ұғым ретінде көрсетіледі. 
Ал А.Квятковскийдің сөздігінде перифраз терминіне мынадай анықтама 
беріледі: «Жазушының белгілі бір шығарма формасын падалануы, бірақ онда 
айрықша қарама-қарсы, көбінесе сатиралық мазмұн беріліп, түпнұсқаның 
синтаксистік құрылысы мен шумақ саны, кейде тіпті жекелеген лексикалық 
құрылымы да қатар сақталады» (79, 209) 
Туынды мәтіндер арасында перифраз - автордың өзі таңдап алған 
шығарманың стиль ерекшеліктерін өзгертіп, заманның шындығына қарай 
жаңғыртып, жаңа мәтін тудыруы. Тағы бір мысал ретінде Абайдың 
«Интернатта оқып жүр» атты өлеңіне пародия шығарма Е.Сапаровтың 
«Англияда оқып жүр» шығармасын алайық. «Англияда оқып жүр» перифраз 
болып табылады. Енді өлең жолдарының өзіне кезек берейік: 
«Англияда оқып жүр, 
«Дөкей» көкем баласы. 
Новый қазақ, бундурхит, 
Ана тілдің шаласы. 
«Балам бәрін білді» - деп 
Секеңдейді анасы. 
Басында жоқ олардың 
Историяның саласы. 


75 
«Дача», «Вилла» дәруі 
Салсам деген таласы. 
«Заявление» жазуға 
Ұрысса келер шамасы... 
Жігерсізге не керек, 
Тек доллар ғой «шарасы». 
Жуып кием демейді, 
Кірленсе көйлек жағасы. 
...Болмаса ісі «қулықсыз» 
Ілінбес қыздың сарасы. 
Сол «мистерді» азсынса. 
Қашса, кейін қашқынша, 
«Кім кінәлі?» - қарашы. 
«Көкем» дұрыс айтпайды, 
Шаша бер деп олжаңды. 
Ойнағаны «казино», 
Кім құтқарар ол жанды? 
Жасаса да болжамды, 
Бұл «азартқа» кім тартты? 
Я, ағылшын баласы, 
Я, немістің данасы?!. 
Миында жоқ бірінің 
Ақыны мен термеші... 
«Я кемірсем, я жесем 
«Қоям» деген бір-ақ ой, 
Ісінің жоқ мазасы. 
«Поняткасы» кімнің бар болса, 
Түсінер бәлкім санасы, 
«Скажите» болсаңыз 
«Конкретный» 
Қандай болар бағасы?».
Шығарма атауының өзі перифраз болып табылатын бұл өлеңде түрлі 
деңгейде цитациялар да бар. Сондықтан да әр түрлі ассоциация тудыруға, 
интерпретациялауға болады. Эмоционалды ақпар беретін сөздер мен, қазіргі 
қоғамда жиі қолданылатын жаргон сөздер (дөкей, көкем, новый қазақ
бундурхит - вундеркинд мағынасында, понятка, қулық, конкретный), 
макаронизмдер (вилла, дача, заявление, казино, история, мистер, азарт) мен 
жалпыхалықтық лексика, ұлттық нақышты көрсететін сөздер айқын 
қайшылықта алынған. 
Перифразды көбіне еліктеу, орыс тіл біліміндегі «подражание»-ге 
ұқсатып жатады. Екі терминнің айырмашылығы, еліктеуде қаламгер 
претекстке, еліктеу объектісіне көзқарасын (жағымды) тікелей білдіріп 
отырады. Автор-субъект пен объект арасындағы байланыс уақытқа тәуелді 


76 
болмайды. Автор шығармасын өз объектісіне және оқырманға бағыттайды. Ал 
перифраз кезінде претекстпен сыртқы құрылымы ұқсас болғанымен олардың 
семантикасы екі түрлі болады: 
«Мен, мен едім, мен едім, 
Мен студент кезімде 
Еңіреп жүрген ер едім. 
Арғымақ мініп таксиден, 
Сайран салған сері едім». Мұндағы коммуникация автор-субъект пен 
субъект арасында, сондықтан пародия субъектке қарай ауысқан. 
Қорыта келгенде, пародия мен перифраз жаңа мәтін түзудің, сол арқылы 
интертекст жасаудың тағы бір түрі болып табылады. Автор өзі таңдап алған 
претекст мәтініне пародия жасап, сол кезең мен қазіргі оқырманды 
жалғастырар құбылыс деп танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет