Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет49/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

References 
1. Abay. (1983). The Book of Words. Zhalyn, Almaty. 
2. Auezov M.O., (1967). Kunanbayev A. Articles and researches. Nauka. Almaty. 
3. Kunanbay Abay. (1954). Poems, proses. Translation from Kazakh. Moscow.
4. Abay. (1982). The Book of Words. Translation by Sanbayev S. 2 Ed. Almaty. 
5. Abay. (1993). The Book of WordsPoems. Almaty. 
 
 
 
Қалқабаева С.,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
ЖАСТАРДЫҢ АДАМИ БОЛМЫСЫН СӨЗ ЕТКЕН РОМАН 
 
 
Қай халықтың әдебиетiн алсақ та, замандас тақырыбына жазылған шығармалардың алуан бiр 
тобы студент жастар өмiрiн қамтиды екен. Олардан жоғары мектеп мәселесiн қозғап, жастардың 
идеялық-адамгершiлiк бейнесiн, рухани iзденiстерiн көрсетуге деген ұмтылыстар байқалады. Бұған 
қырқыншы жылдар соңында жарық көрген Л. Касоның «Днепрдiң арғы жағында», Ю. Трифоновтың 
«Студенттер» романдары, Е. Успенскийдiң «Бiздiң жаз», В. Добровольскийдiң «Сұр шинельдегi 
үшеу», «Женя Маслова» повестерi дәлел. Сондай-ақ, Г. Коноваловтың «Университет», В. Аксенов-
тың «Әрiптестер», Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романдары, М. Мағауиннiң 
«Көк мұнар», С. Шәймерденовтiң «Болашаққа жол» (кейiнгi аты «Инеш»), З. Қабдоловтың «Өмiр 
ұшқыны» повестерi осы тақырыпты толықтыра түседi. Аталған шығармалар, бiрiншiден, қиындығы 
мен қызығы мол студенттер тiршiлiгiн, олардың ынтымақты ортасын, жас қыздар мен жiгiттердiң 
махаббат сезiмдерiн, үлкен еңбек жолына аттанар алдындағы рухани дайындықтарын көрсетуiмен 


106 
қызықты болса, екiншiден, бiлiм мен ғылымға құштар әрi жолдастық сезiм мен азаматтық парызды 
жоғары қоятын Петр Лагоденко, Вадим Белов, Спартак Галустян («Студенттер»), Александр 
Максимов, Владислав Карпов, Александр Зеленин («Әрiптестер»), Ербол Есенов, Меңтай 
Ербосынова, Майра Абаева («Махаббат, қызық мол жылдар»), Едiге мен Гүлшат («Көк мұнар»), 
Женя Менделеева, Ерен Дайыров, Мәулен Жандосов («Болашаққа жол»), Қабен мен Жанар («Өмiр 
ұшқыны») сынды образдармен үлгi-өнеге бердi. Бұл туындыларға жалпылап осылай баға бергенi-
мiзбен, әрбiр жазушы көтерген мәселесiн әр қырынан сөз етiп, өзiндiк әдiстермен шешуге тырысқан. 
Тұтастай жастар қауымының жүрегiне жол тауып, әрбiр шаңырақтың төрiнен орын алған 
«Махаббат, қызық мол жылдар» романы да жазушының дара қолтаңбасымен ерекшеленедi. Адамның 
ең мәндi де қымбат студенттiк жылдарындағы шынайы сүйiспеншiлiк сезiмiн Ә.Нұршайықов 
лирикалық әуенмен төгiлте баяндап берген. «Адамшылық алды – махаббат, ғаделет сезiм», – деп ұлы 
ақын Абай айтқандай, Ә.Нұршайықов шығарма оқиғасын махаббат төңiрегiнде құра отырып, жас 
кейiпкерлердiң сүйiспеншiлiк сезiмдерiн сынға салып, ең асыл адамгершiлiк қасиеттердi аршып 
көрсетедi. Сол арқылы жас қауымды тәрбиелеуге ұмтылады. Бұл мақсатын жазушы «Махаббат, 
қызық мол жылдар» кiтабы қалай жазылды?» мақаласында: «Махаббатқа соқпай кететiн сезiм аз. 
Анаға сүйiспеншiлiк, жарға құштарлық, отанға перзенттiк, туған топыраққа борыштық сезiмдерiнiң 
бәрi махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл сезiмдердiң бiрi адамгершiлiк сезiмi де 
махаббатпен сабақтас. Өйткенi махаббат қадiрiн бiлмейтiн адамда адамгершiлiк сезiмi болмайды, ал 
адамгершiлiгi жоқ кiсiнiң жүрегiне махаббат ешқашан да ұя салмайды. Мiнеки, осы себептен де мен 
жастардың жүрегiне махаббат арқылы жақындауды мақсат еттiм» (1,80), – деп ашық айтқан.
Адамның iшкi сұлу сезiмi – махаббат психологиялық тереңдiкпен, ұлттық мiнезге сай етiп 
суреттелген «Махаббат, қызық мол жылдар» романы жарық көрген күннен берi оқырман қауым 
жүрегiнiң төрiнен орын алып келедi. Автор осы романның өзiне ғана оқырманнан мыңға жуық хат 
алыпты. Сондай-ақ мерзiмдi басылымдарда отызға жуық пiкiрлер жазылып, бiрқатар әдеби-сын 
еңбектерде тiлге тиек етiлдi. Осы зерттеу мақалалардың бәрiнде де романға жақсы баға берiлiп, 
ыстық iлтипат бiлдiрiлген. Көпшiлiк қауым солардың бiрiнде айтылғандай: «...романды совет 
студенттерiнiң биiк моралi, жалпы жас жеткiншектi жақсы жолға бастайтын әсерлi, өнегесi мол, 
махаббат, достық, адамгершiлiктi жырлайтын туындыға санайды» (2). Сондықтан да болар соғыстан 
кейiнгi жылдардағы студенттердiң асыл мұраттары мен армандары дәл бүгiнгiдей әсер қалдырып, 
қазiргi студент жастардың көңiлiне ұялай кетедi. Расында, мұнда махаббат пен достық сезiмдерiнiң 
сұлу жарасымдылығы, адамгершiлiк қасиеттердiң асқақтата көрсетiлуi шығарма абыройын 
арттырды. Әсiресе романның студент жастар арасында көп оқылып, талқыға түсуiнiң мәнiсi бар. 
Өйткенi студенттiк орта, олардың күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгi, арман-мақсаттары шынайы түрде 
көрiнiс тапқан. Роман, атап айтқанда, ҚазҰУ-дiң тiл-әдебиет факультетiнде 1945-1949 жылдар 
аралығында оқыған бiр топ жастар өмiрiне негiзделген. Шығарма авторы Ә. Нұршайықовтың бұл 
жылдары осы аталған оқу орнында оқығаны өмiрбаянынан белгiлi. Демек жазушы роман оқиғаларын 
өзiнiң әрi құрбыларының басынан өткерген, өзiне етене таныс жайлардан өргенi анық. Сондықтан да 
болар автор мен бас кейiпкер Ербол арасында ұқсастықтар көп. Бiз оны жазушының «Махаббат, 
қызық мол жылдар» кiтабы қалай жазылды?» мақаласында кейiпкерлерiнiң прототиптерi жайында 
оқырманға айтқан жауабынан да аңғарамыз.
Мәңгiлiк жастық шақтың өзiндей көрiнетiн осы романда бейнеленген студенттер арасындағы 
сыйластық, жарасымды әзiл-қалжың, сауық кештерi оқырман жүрегiнде әдемi әсер қалдырып, алуан 
түрлi характерлер мен образдарды елестетедi. «Бес саусақ бiрдей емес» дегендей, Ербол 
замандастарының мiнездерi де, тағдырлары да әрқилы. Жазушы осы заңдылықтарды ескере отырып, 
бiрнеше жиынтық образдар жасауға ұмтылған. Мысалы, қалжыңқой, қу тiлдi Жомартбек, бiлiмi 
саяздау, жеңiл ойлы Зайгүл мен Қанипа, сабырлы да ақылды қыз Майра, ер мiнездi Тана, надандау 
Бүркiтбай, есерсоқ, дөрекi Тұмажан, маскүнем Шалдуар Шалғынбаевтардың әрқайсысы – дара мiнез-
бiтiс иелерi. Жазушы сол тұстағы жақсылы-жаманды қасиеттердi осы кейiпкерлер арқылы жинақтап 
көрсеткен. Өз замандастарының асыл қасиеттерiн Ербол мен Меңтай бойына шоғырландырған. 
Шығарманың бас кейiпкерлерi – кешегi солдат, бүгiнгi студент Ербол мен инабатты сұлу 
бойжеткен Меңтай, ал негiзгi оқиғасы осы екеуiнiң арасындағы ұяң сезiмге, шынайы сүйiспеншiлiкке 
құрылған. Екi жастың жүрегiн тербеткен махаббат әуенiн сипаттауда автордың әрiден жырланып 
келе жатқан халқымыздың «Қыз Жiбек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сияқты ғашықтық жырлары 
мен «Қамар сұлу», «Шұғаның белгiсi», «Қалың мал» романдарындағы қазақи сүйiспеншiлiктiң 
ұлттық дара сипатын көрсету дәстүрiне жүгiнгенi бірден байқалады. Романда адамның махаббат 
сияқты құпия да сұлу сезiмi психологиялық тереңдiкпен ұлттық мiнезге сай етiп берiлген. Мұны 
филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Кәкiшев те: «Бұл романда бар адамзатқа тән 


107 
махаббат сезiмi бүгiнгiдей анайыланбай, «жалаңаштанбай», қазақи мiнезiмен, қазақи қылық 
қияпатымен суреттелген» (3), – деп дөп басып айтқан. Романның бiр артықшылығы осынысында 
болса керек. Осы аңқып тұрған «қазақи мiнез», әсiресе Меңтай мен Ербол болмысын, мiнез-құлқын 
сипаттаған тұста қоюырақ көрiнедi. Меңтайдың инабаттылығы, арлылығы, ұстамдылығы, нәзiктiгi, 
жан дүниесiнiң тазалығы ұлтымызға тән үйлесiмдiлiкпен суреттелген. Сондай-ақ Ербол да Төлеген 
мен Қозылардай махаббатта да, майданда да ерлiкке әзiр ер-азамат ретiнде танылады. Әсiресе, 
соғыстан жеңiспен оралып, романтикалық күйде жүрген солдатты топ студент қыздардың iшiне тап 
қылып, төрт жыл армандай болған аруларды көргенде, көште кетiп бара жатқан қырық қыздың 
бiрiнен-бiрiнiң асқан сұлулығына тамсанып, есi кеткен Төлегендей күй кештiруi, олардың 
әрқайсысына портреттiк сипаттама бергiзетiн тұстары, жазушының ауыз әдебиетi элементтерiн өте 
шебер пайдаланғандығын көрсетедi. Жарасымды жеңiл юмормен жазылған осы эпизодты езу тарта, 
күлiмсiрей отырып оқисың. Романның мұндай жетiстiктерi ондағы махаббат дастанының ұлттық 
өрнекпен өрiлiп, сұлу жарасымдылық табуына септiгiн тигiзген. 
Жазушы суреттеуiнде Ербол сырт көзге жуас, жасықтау, тым қарапайым болып көрiнгенмен, ол – 
майданда ер, еңбекте бейнетқор, бiлiмге құштар, махаббатқа адал, достыққа берiк, жаны да, ары да 
таза табанды жiгiт. Оның iшкi бай сезiмiнен бас алған мұндай сұлу жан дүниесi шығарманың өне 
бойында бiртiндеп, табиғи түрде нанымды ашылған. Өйткенi адам характерi ұзақ уақыт бойында 
қалыптасатын процесс. Әрi Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай: «...сөз жүзiнде емес, мiнез-құлықты iс 
жүзiнде шыңдау арқылы iске асыруға болады». Ә.Нұршайықов осындай заңдылықтарды әр кез 
ескерiп отырған. Роман басында Ербол ұяң, ұялшақ, ынжықтау ауыл баласын елестетсе, соңыра 
еңбекке араласып, ел өмiрiн көрiп келгеннен кейiн басқаша қырынан танылады. Оның ашық та 
батыл, шешен де бiлгiр азамат болғанын көремiз. Оны ширатқан еңбек пен өмiр. Рас, Ерболдың өмiр 
жолы оңай болмады, тiршiлiктiң талай ауыртпалықтарын көтеруiне тура келдi. Күндiз оқу оқып, 
кешке жұмыс iстедi. Тiптi жексенбi күндерi базарға барып отын түсiрiсiп, одан тапқанын тамағына 
талшық еткен күндерi де болды. Ербол басынан өткерген осындай қиындықтарды сөз ететiн тұстар, 
бiр жағынан, оның күнделікті тіршілік ағымындағы шыңдалу, ширығу, өсу жолын нанымды етсе, 
екiншiден, соғыстан кейiнгi жылдардағы студенттердiң жұпыны өмiрiн, елдегi тапшылықты шынайы 
көрсетедi. 
Соғыстың салдары Меңтайдың өзi тоқыған свитерiне Ерболдың сия төгiп алатын эпизодында да 
астарлы түрде берiлген. Жеңiл юмормен жазылған осы оқиғаға автор бiрнеше мағына сиғызып, 
әлеуметтiк, эстетикалық әрi моральдық мән бере алған. Дәрiс үстiнде сия сауытқа созған Ербол 
қолының қыз қолына жанасқан сәттегi кешкен күйi, сияның Меңтай свитерiне төгiлгеннен кейiнгi 
халi лирикалық нәзiктiкпен баяндалған. Осындай сәттерде ғашық
адам басынан өткеретiн жүрек 
дiрiлiнiң, албырттықтан туған оғаш мiнез, үмiт пен күдiк аралас мазасыз ойлардың психологиялық
дәлдiкпен берiлуi сүйiспеншiлiк сезiм шынайылығына иландырады. Жазушы бұл оқиғаны Ербол мен 
Меңтай арасындағы алғашқы сүйiспеншiлiктi айғақтайтын деталь ретiнде де пайдаланған. Дәрiс 
үстiнде сия сауытқа созған Ербол қолының қыз қолына жанасқан сәттегi кешкен күйi, сияның 
Меңтай свитерiне төгiлгеннен кейiнгi халi лирикалық нәзiктiкпен баяндалған. Осындай сәттерде 
ғашық
адам басынан өткеретiн жүрек дiрiлiнiң, албырттықтан туған оғаш мiнез, үмiт пен күдiк аралас 
мазасыз ойлардың психологиялық
дәлдiкпен берiлуi сүйiспеншiлiк сезiм шынайылығына 
иландырады. Оқырман қауымды сұлу махаббат әлемiне елiте әкетiп бара жатқан нәзiк лирикалық 
әуендi бұзған Тұмажанның зұлымдық әрекетi, бiр-бiрiн сүйген екi жастың арманды айрылысы аппақ 
уыз адал сезiмдi күйреткендей көңiлiң жүдей қалады. Бiрақта олай емес екен. Қайта осы тұста 
Ерболдың Меңтайға деген сүйiспеншiлiгiнiң үлкен жүрек пен биiк адамгершiлiктен туғандығына куә 
боламыз. Ерболдың өзiн де, қызды да қинамау үшiн алыста болуды ұйғарып, университеттiң сырттай 
оқу бөлiмiне ауысуы, көршi облыстық газетке орналасуы осындай сезiмнен туады. Алайда, XVII 
ғасырда өмiр сүрген француз жазушысы Р. Бюссидiң: «Махаббаттағы айрылысу отқа тиген жел 
сияқты, әлсiз от сөнiп қалады, қуатты от лаулап жанады», – деп айтқанындай, бұл арманды айрылысу 
Ерболдың Меңтайға деген махаббатын қайта арттыра түстi.
Жазда сессияға келгенде Меңтай 
жайынан хабардар болып, оны iздеп табады. Сүйiктiсiн алғаш көргендегiсiндей пәк күйiнде 
қабылдап, сүйе бiледi. Алайда көркем шығармада әрбiр кейiпкер автор ойының құлы, идеясының 
құрбаны екенiн ұмытпауға тиiспiз. Меңтай өмiрiн трагедияға құру арқылы автор қыздарды сабақ 
аларлық өмiр мектебiнен өткiзсе, жiгiттердi қыз тағдырына жауапкершiлiкпен қарауға мiндеттейдi. 
Шығарманың тәрбиелiк мәнi осынысында болса керек. 
Әдебиет зерттеушiсi, профессор Т. Нұртазин бiрде Қазақ Ұлттық университетiнде осы кiтап 
бойынша өткен оқырмандар конференциясында сөйлеген сөзiнде: «Бұл романның өзiне тән үш 
қазығы бар. Олар – махаббат, достық, адамгершiлiк. Жазушы өзiнiң өнер өрмегiн осы үш қазық 


108 
бойымен тарқатып отырады» (4), – деген. Айтса айтқандай, бұл шығармада достық мәселесi де 
салмақты идеяны көтередi. Романда шынайылығымен сөз етiлген Ербол мен Тана, Меңтай мен Майра 
арасындағы көңiл мен сезiм жақындығын ой елегiнен өткiзсек, қазақтың дана да дара ақыны Қадыр 
Мырза Әлидiң: «Достық түбi – адалдық» деп жазған ғибратнәмә жолдарын ерiксiз еске аласың. Әрi 
олардың достықтары сыйластыққа, адал сезiмге құрылғандығына иланасың. 
Романда Меңтай мен Майра, Ербол мен Жомартбек арасындағы достықтың таза ниет, ақ көңiлден 
туғандығына шүбәланбаймыз. Әрқашан жұптары жазылмай жүретiн бұлардың өзара сыйластықтары, 
қамқорлықтары шынайы достықтың үлгiсiн көрсеткендей. Шығармада Жомартбек адал достықты 
қастерлейтiн жан ретiнде бейнеленсе, Майра ақ пейiл дос, сенiмдi серiк бола алуымен есте қалады. 
Майраның адамгершiлiк қасиеттерiн, әсiресе, аша түсетiн тұс Бүргендегi көрiнiс. Ол Меңтайға қиын 
кездерде қол ұшын бере алған қамқоршы дос. Оның iс-әрекеттерiнен, салмақты ойы мен сөздерiнен 
ана тәрбиесiн көрiп өскен ақылды да сабырлы қыз екендiгiн көремiз. 
Ә. Нұршайықов жас адамның адамгершiлiк сапалары ғайыптан дарымай, өмiр сындарынан өту 
арқылы, игi ықпалдардың әсерi негiзiнде қалыптасатындығын әркез ескере отырып суреттей білген. 
Осылай автор жастар өмiрiнiң көлеңкелi жақтарымен қоса, жарқын болмысын образбен сомдап, 
көңiл бөлiп, сабақ боларлық жайларды сөз еткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет