46
9 ТАРАУ. НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ ҚАМТАМАСЫЗДЫҒЫНЫҢ
ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ТӘСІЛДЕРІ
•
Дәстүрлі тәсілдердің жалпы жағдайы
•
Кепілдік және кепіл беру
•
Банктік кепілдік
•
Несиені қайтару қамтамасыздығының дәстүрлі емес тәсілдері
9.1. Дәстурлі тәсілдердің жалпы жағдайы
Екінші
деңгейдегі
банктің
несиелендіру
қызметінде
несиенің
қайтарылмау (жойылмау) тәуекелдігі аса айтарлықтай мәселе болып табылады.
Сондықтан, бұндай тәуекелдіктің минимальді болуы үшін банктер
қарызгерлердің, оларға берілген несиелерді қайтару қамтамасыздығының түрлі
тәсілдерін қолданады.
Қарызгерлердің мәміледегі міндеттемелерін орындамаудан несие беруші
сенімді түрде қорғау мақсатында, банктік менеджменттің ағылшын-америкалық
мектебінің банкирлері «қауіпсіздік белдеудің»
екеуінің ең жақсысы болып
табылатын үшіншінің болғанын ұсынады. Олар, 1-ші белдеуге, нақтылы ақша
ағымын, несиені қайтарудың басты көзі болып табылатын табысты жатқызады.
Екінші белдеуде, несиені қайтару қамтамасыздығы ретінде қарызгердің
ұсынған активтерін жатқызады. Ал,3-ші белдеуді
несие қамтамасыздығы
бойынша кепіл берумен (гарантиямен) байланыстырады. Бұл ұсыныстар, тек
өзіндік ғана емес, сонымен бірге үлкен практикалық маңызды болып табылады.
Осы аспекте несие қамтамасыздығын тиімді пайдалану қажеттілігі
Қазақстандағы банктік заң актілерін жетілдіруді талап етті. Мысалы, ҚР
Президентінің заңдық күші бар «ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы»
Жарлығында (35 бабта) атап көрсетіледі:
1) заң актілерімен немесе мәмілемен
қарастырылған айып төлеу, кепіл заты
кепіл беру, кепіл болу және басқа да тәсілдер несиені қайтару қамтамасыздығы
болуы мүмкін;
2) кепіл заты туралы мәміледе, содан слң заң
актілерінде қарастырылған
жағдайда банк мәжбүрлік тәртіппен кепіл мүлігін аукционда өз еркінше сатуға
құқылы. Осы жарлықтың 36 бабында мәмілесі бойынша өз міндеттемелерін
орындамаған қарызгерге қатысты несие беруші -банк:
а) жаңа несиелерді бермеу;
б) қарызгердің кез-келген шотындағы ақша
қаржыларын несиені өндіріп
алуға бағыттау (мәміледе ескертілген болса);
в) төлем қабілетсіз қарызгерді банкрот деп тану туралы сотқа талаптың
өтініш білдіруге болатындығы қарастырылған.
Аталған тәсілдердің әрқайсысы қарызгердің несие мәмілесі бойынша өз
міндеттемелерін
мәжбүрлеп
орындатуды
мақсат
етіп
қояды.
Іс-
тәжірибиеде,несиені қайтару қамтамасыздығының аталған түрлі
тәсілдерін
47
аралас-құрастыру жағдайы да аз кездеспейді және ол,қолданыстағы заң
актілеріне қайшы келмейді.
Несие қайтару қамтамасыздығы тәсілдерінің негізгі түрлері келесі
тармақтарда.
Достарыңызбен бөлісу: