Н. Е. Дабылтаева инвестицияны



Pdf көрінісі
бет25/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

8.3. Несиелік мониторинг 
Банктік қызметте несие табыстар құрылуының негізгі көзі және сонымен 
бірге тәуекелдің де басты себебі болып табылады. Осыған байланысты несиелік 
портфель құрамымен оның сапасына, көп жағдайда, банктің тұрақтылығы және 
оның даму болашағы тәуелді болып келеді. Сондықтан, қазіргі заман 
талаптарына сай болатын немесе соған ұмтылатын барлық банкттер несиелік 
мониторгті қажетті деңгейде ұйымдастырып, жүргізуге тиісті. 


43 
Несиелік мониторг түсінігі несиені мақсатты және тиімді пайдалану 
бақылау жүесін,оны уақытылы және толықтай қайтаруды, осыған қатысты 
мәселелерді шешу үшін қажетті шаралар қабылдап жасауды білдіреді. 
Неселік мониторгты ұйымдастыру және жүзеге аыру тәсілдерінің 
көптігіне қарамастан,олардың барлығы мынадай 4 негізгі принциптерге 
негізделеді: 
1) Несие беруші – банктер барлық несие түрлерін мезгіл-мезгілімен тексеруді 
жүргізу. Мысалы, ірі несиелердің барлығы әрбір 30,60 немесе 90 күндік 
кезеңдермен банктік қарастыруы бойынша, тексеріледі, ал қалғандары (кішірек 
несиелер) ішін-ара таңдау тәртібімен тексеріледі. 
2) Әрбәр несие бойынша барлық маңызды жағдайларды тиісті тексерумен 
қамтамасыз ету жолында несиелік бақылау, бөлшектеп жасалынған 
кезеңдермен жүйелі түрде жүргізіледі, оның ішінде: 
- жасалынған мәмілеге сәйкес төлем кестесінің сақталуы; 
- несие қамтамасыздығына салынған мүліктердің өтімділігі (сапасы және 
жағдайы); 
- сот қарастыратын жағдайдағы барлық қажетті құжаттардың растығы және 
толықтығы, сонымен қоса олардың қолда болуы; 
- қарызгердің қаржылық жағдайын нақтылы бағалап,зерттеу және оның 
банктік несие мөлшеріне қажеттілікті ұлғайтуды немесе азайтуды болжамдау
- берілген қарыздардың несие саясатына несие потфелін қлыптастырудағы 
стандарттарға сәйкестігін анықтау. 
3) Мәселе тудырған несиелерді жан-жақты тексерудің жиілігіне және 
тереңдігіне аса қатты көңіл аударып,әрбір нақтылы жағдайға байланысты 
олардың өсу тенденциясына немесе өткір мәселелерінің әлсіреуіне де көңіл 
аударуды қүшейтеді. 
4) Экономикалық құлдырау жағдайында,содан соң банктік несие берілген 
салалардағы айтарлықтай мәселелер туындау жағдайында да тексеруді 
көбейтіп,мазмұның тереңдету. Бұл мәселелерінің ішінде салықтық және 
экспорт-импорттық 
заң 
актілеріңдегі 
айтарлықтай 
өзгерістер 
мен 
технологиялардың өзгеруі немесе жаңа бәсекелестердің пайда болуы, т.б. 
қарастырылуы мүмкін. 
Нарық жағдайындағы банктердің несие қызметінде ішкі аудиттің болуы 
қажеттілігі жағынан өте актуальды. Осы мақсатпен банктің 1-ші бастығына 
немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаға тікелей бағынатын арнаулы 
аудиторлық қызмет құрылады. 
Ішкі аудиторлық тексерудің негізгі мақсаттары болып мыналар табылады: 
- мерзімі өткен несиелер бойынша банктік шоттардағы қаржы қалдықтарының 
жағдайын анықтау; 
- несиелерді қайтару қамтамасыздығы мен несие тәуекелін азайту (міндеттеме) 
мүмкіншіліктерін нақтылы жағдайды анықтау; 
- несиелендіру үдерісін ұйымдастырудағы нақтылы жағдайды тексеру-
бақылаушылық талдау оның ішінде несие беру тәжірибиесі банктің несиелік 
меморандум талаптарына сәйкестігі,есепке алу құжаттарындағы несиелердің
әсіресе мерзімі ұзартылған және мерзімі өткендердің дұрыс сәйкес 


44 
бейнеленгендігімен несиелендіруден шеккен зияндардың орнын жабу 
мүмкіндігі, т.б. тексеріледі. 
Ішкі банктік аудиторлық тексеру кезінде арнаулы тіркеу жорналына 
несие алуға тапсырылған өтініштің дұрыс есепке алынғандығына бақылау 
жасалынады. Бұл жердегі негізгі реквизиттік көрсеткіштер: өтініштің түскен 
күні, клиенттің (болашақ қарызгердің) аты және мекен-жайы,сұралып отырған 
несие сомасы,тағайындылығы,мерзімі және қойылған үлестік ставкасы, несие 
қамтамасыздығы мен материалдарды банктік несиелік Коммитетінің қарауына 
жіберілген және шешім қабылдаған күндерін белгілейтін ескертпе кестесіне 
тексеру жүргізіледі. 
Аудиторлық бақылаумен,содан соң,несиелік досьенің (істің құжаттар 
жинағы) дұрыс қалыптастырылуы мен жүргізілуі тексеріледі. Бұл жерде,әдетте 
барлық құжаттар мынадай 4 бөлімдерден шоғырландырылады: 
1) Негізгі несиелік құжаттар – несиелік мәміленің және қамтамасыздық 
мәміленің көшірмесі,оған кепіл,банктік гарантия,сақтандыру,т.б,құжаттарға 
қолын қоюға өкілеттілік беретін сенімхат,қамтамасыздық жағдайы туралы 
қажетті куәлік, несиені қайтару кестесі кіреді; 
2) қарызгер туралы қаржы-экономикалық ақпараттардың дәлелдемелері пайда 
және зияндар туралы есеп, баланстар, бизнес-жоспар, ақша түсімдері туралы 
мәліметтер,салықтық декларация және лицензия көшірмелері; 
3) қарызгердің несие қабілеті туралы қажетті материалдар мен банк жүргізетін 
талдау нәтижесінің мәліметтері, несиелік-анықтама бюросынан алынған 
аналитикалық құжаттар, банктермен комиссияларға жіберілген қарызгердің 
несие тарихы туралы сұрауларға алынған жауаптар және т.б; 
4) несие беру және қайтару мәселелері бойынша қарызкермен хат алысу 
(жазысу),барлық кездесулердегі,осы мәселелер бойынша пікірлесумен телефон 
арқылы сөйлесу жазбалары. 
Қарызгер берілген несиені толық жойған жағдайда,оның несиелік досьесі 
(ісі) жабылып,банктің архивіне өткізіледі. Бұл туралы сәйкес анықтама 
жасалынады. 
Ал 
несие 
жойылмаған 
жағдайда,досье 
(іс) 
несиені 
қайтармағандығы (мәмілені бұзғандығы) туралы қарсы талап қою үшін заңдық 
қызмет бөліміне беріледі және арбитражға жәберіледі. Банктік аудиторлық 
қызметі арбитражға жіберілетін барлық қажетті құжаттардың растығы мен 
толықтығын тексереді. 
Неселік мониторингті жүргізу кезінде, несие беруші банк-өзінің 
операциялық 
бөлімінде 
арнаулы 
қарыз 
шотын 
ашумен 
жүзеге 
асырылатындығын ескергені қажет. Бұл шот банктің 1-ші басшысы мен 
орындаушы банк қызметкерінің қолдары қойылған жазбаша жарлыққа сәйкес 
ашылады. Ол жарлықта несие сомасы, мерзімі, пайыздық ставкасы және несие 
беру үшін негіздемесі көрсетіледі. Аудиторлық қызмет,ссудалық шоттардың 
жағдайын,содан соң әрбір қарызгерге ашылған дербес шоттар бойынша 
қарыздық операциялардың аналитикалық есебі сәйкес бланкаларда жүргізілуін 
бақылайды. Аудитор, сонымен бірге, активтік баланстық шоттарда жүргізілетін 
синтетикалық есеп жағдайында тексереді. 


45 
Аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша мынандай бес негізгі мәселелерге 
сәйкес түйіндеме жасалынғаннан кейін, есеп жасалынады: 
1)несие берудің жалпы жағдайы және оның жойылуы
2) 
төлеумешіліктің негізгі себептері,оның ішінде банктік несиелік 
қызметкерінің несиелерді берудегі жеткіліксіз біліктілігінен туындайды және 
орнатылған процедурадан (ережеден) ауытқудан банк басшысының нұсқауы 
бойынша болуы да мүмкін; 
3) несиені қайтару үмітсіздігіне байланысты есептен шығару (списания) 
ситуациясы; 
4) берілген несиелер бойынша қарызды жабуға арналған қорлар жағдайы; 
5) несие бойынша есептік (отчеттық) құжаттарды жүргізу жағдайы,оның ішінде 
несиелік құжаттама. 
Аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша жасалынған есепті, несиені 
қайтару мәселелерін шешу үшін, қаржы-несиелік, ұйымдастыру-кадрлық және 
басқадай шараларға қатысты ұсыныстар беріледі. 
Банкке, несиелік мониторинг банктік несиелендіру бағдарламасын 
орынды,дұрыс жүзеге асыру үшін қажет болып табылады. Ол банк басшысына 
мәселе 
тудырған 
несиелерді 
жылдам, 
тез 
анықтауға,құрылымдық 
бөлімшелермен нақтылы өкілетті орындаушылардың іс-қимылының банктік 
несие саясатын сәйкестігін тұрақты бақылауға көмектеседі, сол сияқты біртұтас 
тәуекелді дұрыс және дер кезінде бағалауға банктің қаржы тұрақтылығын 
нығайту бойынша қажетті шаралар қабылдауға жағдай жасайды (қолдау 
көрсетіп,жәрдемдеседі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет