62
D = дивиденд ставкасы;
C
п
= қарыздық пайыздық нормасы;
Н
б
= акцияның номинальдық бағасы.
Акция бағамына мынадай факторлар әсерін тигізеді:
- нарықтық
сұраныс пен ұсыныс;
- АҚ ағымдағы және алдағы болатын табыстылығы;
- алтын және жылжымайтын мүлік бағасы;
- акцияның өтімділігі, яғни ешбір жоғалтусыз оның ақшаға айналу
мүмкіндігі.
Инвестициялық сферадағы құнды қағаздар нарығының белсенді мүшелері
болып АҚ-дар, оның ішінде банктер болып табылады.
Нарық қатынастарының тереңдеп енуіне байланысты және
экономиканы
жылдамдатып тұрақтандыру мен оны әрі қарай дамытуда құнды қағаздар,
әсіресе акциялар нарығының белсенді қатысушысы ретінде және оны
нығайтуда инвестициялық институттар болуға тиісті. Олар заңды тұлға ретінде
ҚР «Кәсіпорындар және кәсіпқойлық қызмет туралы» Заңында қарастырғандай
кезкелген ұйымдық-құқықтық формада құрылады.
Бұндай инвестициялық
институттардың құрылтайшылары болып қолданыстағы заң актілеріне сәйкес
отандық және шетелдік субъектілер табылады.
Аталған инвестициялық институттар өз қызметтерін мынадай формада
жүргізу мүмкін:
- инвестициялық компания (инвестициялық үдерістің менеджменті);
- инвестициялық қор;
- инвестициялық кеңесші (консультант);
- делдал (құнды қағаздар бойынша қаржылық брокер).
Инвестициялық компанияның негізгі қызметтері құнды қағаздар шығару
және оларды орналастыру бойынша кепілдік беру мен құнды қағаздарға қаржы
салу, яғни өз атынан және өз есебінен оларды сатып алу мен сату және т.б.
Мұндай компания, өзінің қаржы ресурстарын
меншікті қаржылар
(құрылтайшылар қаржысы) есебінен және заңды тұлғаларға сатылатын құнды
қағаздарды эмисиялау (шығару) есебінен қалыптастырады.
Инвестициялық қор АҚ фирмасында құрылады. Оның жағысында
қаржылық операцияларды жүргізу тәртібі, жұмылдырған қаржылардың нақты
бағыттары, операция жүргізу жағдайы,банк мекемелерімен
өзара қатынастар
тәртібі, құрылтайшылардың (басқарушылардың) акционерлер алдындағы
жауапкершіліктері және басқа да жағдайлар қарастырылады. Бұл қор
инвесторлардың ақша қаржыларын тарту мақсатымен акциялар шығаруды
жүргізеді және қор атынан
қаржыларды құнды қағаздарға,содан соң банктік
шоттарға және салымдарға орналыстырады. Инвестициялық қордың
инвестициялық компаниядан айырмашылығы,
ол халықтың ақша қаржыларын
тартуға құқылы болып табылады, соның арқасында өз активтерінің
айтарлықтай ұлғаюына мүмкіндік алады, сонымен бірге халық жинақтарын
инфляциядан аса сенімді түрге қорғауды қамтамасыз етеді. Жоғарғы біліктілік
инвестициялық менеджерлер аса тиімді инвестициялық
бағыттарды таңдауды
және пайда алуды қамтамасыз етеді.
63
Инвестициялық кеңесші қызметіне құнды қағаздардың айналуымен
шығаруы бойынша кеңестік қызмет көрсету мәселелері кіреді. Ал құнды
қағаздар нарығындағы қаржылық брокер қызметі келісім-шарт негізінде клиент
тапсырмасы бойынша және оның есебінен құнды қағаздарды сатып алу сату
кезінде делдалдық (агенттік) қызметті орындаудан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: