Н. Е. Дабылтаева инвестицияны



Pdf көрінісі
бет27/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

9.2. Кепілдік және кепіл беру  
Кепілдік, қарызға берілген қарызды қайтару бойыша мәміледегі өз 
міндеттемелерін орындатуға қарызгерге түрткі болып табылады. Заңдық 
жағынан алып қарағанда, кепілдік деп түсінетініміз - бұл кепіл ұстаушының 
(несие беруші -банк) басқа несие алғандардың алдында кепілге салынған мүлік 
құны есебінен орын толтыруды артықшылықпен алу құқығы болып табылады. 
Кепілдік мүлік бағасының шамасы берілетін несие сомасының айтарлықтай 
артық болуға тиісті (20 – 40% және одан да жоғары). Кепілдік бағасының 
берілетін несие сомасынан артық болу шамасы қарызгердің қарызды қайтармау 
тәуекелдігіне тәуелді болып келеді. 
Кепілдіктіктің пайда болу жасалынған мәміле негізінде, сол сияқты оған 
сәйкес заң ережелерінің негізінде, ондағы көрсетілген жағдайлардың келу 
кезеңінде туындайды (мысалы,ҚР-ның «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет 
туралы» Заңының 35 бабы). 
Кепілдіктің негізгі субъектілері кепіл беруші және кепілұстаушы болып 
табылады. 
Кепіл беруші ретінде мүлікті кепілге беретін заңды немесе жеке тұлғалар 
болып келеді. Кепіл беруші субъект қарызгердің өзі,содан соң 3-ші тұлға болуы 
мүмкін. 
Кепіл ұстаушы кепілдік мүлікті қабылдаушы тұлға болып табылады (бұл 
несие беруші -банк). 
Кепіл заттары: жылжитын және жылжимайтын мүліктер,құнды 
қағаздар,валюталық құндылықтар,содан соң мүліктік құқықтар болу 
мүмкін.Бұл жердегі аса маңызды жағдай, кепіл заттарының ақшадай бағасы 
және олар өтімді болуға тиісті,яғни оларды сату үшін қажетті сапасы болуы 
керек. 
Шетелдік және біздің қазақстандық тәжірибиеде кепіл затының кімде 
болуына байланысты кепілдіктің екі түрі қолданылады: 
1)кепілге салынған мүлік кепіл берушіде қалады; 
2)салынған мүлік пен мүліктік құқықтар кепілұстаушыға беріледі. 
Тәжірибиеде осының 1-ші түрі кең таралған, яғни кепіл ұстаушыға 
кепілдік мүлікті бермеу жағдайы, бұл кепіл берушіге (қарызгерге),кепілдік 
мүлікті пайдалана отырып, кәсіпқойлық қызметің жалғастыра беруге мүмкіндік 
туғызады. Сонымен бірге, қажет болған жағдайда (төлемеу, өткізу уақытын 
туындағанда) кепіл ұстаушының кепілдік туралы мәмілеге сәйкес,өндіріп алуға 
бағыттау құқығы бар болып табылады. 
Кепіл берушіде қалдырылатын кепілдік мүлік құрамының ішінен кепілдің 
бір түріне көңіл аударарлық, - бұл айналымдағы және өңдеудегі тауарлар 


48 
кепілдігі. Бұл кепілдік түрінің ерекшелік сипаты сол,оның заты нақтылы мүлік 
емес, белгілі-бір тауарлар түрі,ауылшаруашылық және өндірістік өнімдер,яғни 
астық, мақта, мұнай, көмір, аяқ киім, жиһаз және халық тұтынатын басқа да 
тауарлар болып табылады. Бұл жерде, несие беруші -банк (кепіл ұстаушы) 
қарызгердің (кепіл беруші) келісім-шарттағы міндеттемелерді орындауына әсер 
ететін тиімді механизім арқылы болатынын қарастырады. Мысалы, кепіл 
беруші мәміле жағдайын бұзған кезде, кепіл ұстаушы кепілге салынған 
тауарларға өзінің белгісі мен мөрін басу жолымен шартты бұзуды жойғанға 
дейін, онымен операцияларды тоқтатуға құқылы болып табылады. 
Бұл қамтамасыздық түрінің болашағы сонда, ол бір жағынан, кепіл 
берушінің қолын байламай, салынған тауарды еркін иемденіп және керек 
жағдайда оны ауыстыруға мүмкіндік береді. Ал 2-ші жағынан, бұл 
қамтамасыздықтың түрі несие алушының қызығушылығын жеткілікті 
сенімділікпен сақтайды, себебі кепіл берушіге келіп түскен кез-келген тауар 
толыққанды кепіл заты болып қалады. Сондықтан, кепіл заты жойылған кезде 
де,оның мақсаттық қимылының тоқтағанын білдірмейді, себебі жаңадан келіп 
түскен тауар сондай зат түрінде (кепілдік) болып бтұра ереді. 
Кепілдіктің 2-ші түрі, яғни кепіл ұстаушыға салынған мүлікті беру 
жағдайы заклад деп аталады. Кепіл ұстаушының иелегіне берілетін заклад 
заттары ретінде әртүрлі мүлік түрлері – автокөлік құралдар, алтын және басқа 
қымбат металлдар,әшекейлік бұйымдар, валюталар, құнды қағаздар болулары 
мүмкін. 
Заклад жағдайында кепіл ұстаушыға мынадай негізгі міндеттер 
жүктеледі: 
1)салынған мүлікті өз иелігіне алу; 
2)салынған мүліктің тиісті тәртібі бойынша сақталуын қамтамасыз ету
3)бүліну белгілерінің пайда болуы немесе салынған мүліктің жоғалғандығы 
туралы ақпарат кепіл беруге уақытылы хабарлау; 
4)мәміле 
бойынша несиелік міндеттемелерді,қарызгер немесе 3-ші 
тұлға,орындалған соң кепіл затын уақытылы қайтаруды қамтамасыз ету. 
Кепіл заты, талап ету құқығы (мысалы, кепіл берушінің банктегі 
депозиттік салымы), арендалық және басқадай мүліктік құқықтар болған 
жағдайда, олардың есебінен өндіріп алуды, қарызгер несие міндеттерін 
орындамаған кезде, әдетте сот-арбитраждық тәртіпте жүзеге асырылуы мүмкін. 
Ал мерзіміне шектеу қойылған кепіл заты,мүліктік құқық болған жағдайда, 
онда олар көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ғана кепіл ұстаушы-банктің 
иелегіне өтеді. 
Несие қайтару қамтамасыздығы дәстүрлі тәсілдердің ішінде аса кең 
тарағанының бірі поручительство (кепіл болу) болып табылады. Оның 
субъектілері заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Кепілші, несиелеуші 
банкке қарызгердің келісім-шарт міндеттерін толық көлемде немесе ішінара 
ескертілген мөлшерде орындауына жауапты болатындығын міндеттеме береді. 
Осы мақсатпен, яғни поручительство бойынша қатынастарды ресми заңды 
қалыптастыру үшін несиелендіретін банк пен кепілші арасындағы кепілдік болу 
(поручительство) мәмілесі жасалынады. 


49 
Несие мәмілесіне қол қою кезіне қатысты тәжірибиеде поручительство 
келісім-шартын жасаудың 3 жағдайы кездеседі: 
1)несиелік мәмілеге қол қойылғанға дейін, бұл жағдай, несие беруші -банк үшін 
аса қолайлы болып табылады және бұл тәжірибиеде көбірек кездеседі. Бұл әлсіз 
кепілдік база болған кезінде, содан соң қолайлы кепілдіктің жоқ болуына 
байланысты, банк қарызгер үшін кепіл болуды алғаннан кейін ғана несиені беру 
мүмкіндігі туралы шарт қояды; 
2)несие мәмілесін жасауда бірмезгілде несие беруші-банк,қарызгер және 
кепілші үшеуінің поручительство келісім-шартына қолдарын қою жағдайы.Бұл 
да, несие беруші-банк үшін жеткілікті түрдегі қолайлы жағдай болып 
табылады; 
3)несие мәмілесіне банк пен қарызгер қол қойғаннан кейінгі жағдай. Бұл 
жағдайда несие беруші-банкке қолайсыздау екендігі түсінікті, сондықтан сирек 
кездеседі. 
Кепіл болушылық толықтай,яғни үлестік ставка мен несие сомасының 
барлығында болуы мүмкін немесе ішінара, яғни негізгі қарыз (несие) сомасына 
ғана, не үлестік ставкасына ғана болуы мүмкін. Сондықтан, поручительство 
мәмілесінде кепілші міндеттерінің шекарасы анық көрсетілуі тиісті болып 
табылады. 
Қарызгер 
және 
кепілші, 
несие 
беруші-банк 
алдында 
ортақ 
жауапкершілікте болады, егерде қолданыстағы заң актілерінде немесе 
поручительство мәмілесінде кепілшінің субсидиарлық (қосымша немесе 
ішінара) жауапкершілігі бар кезінде банк- несие беруші қарызды қайтаруды 
бірігіп немесе олардың жекелеп (кез-келгенің) жүргізуін талап етуге құқылы. 
Субсидиарлық жауапкершіліктегі субъект (кепілші тұлға),банк- несие 
берушінің оған қойған талаптарына қанағаттандыруға дейін бұл туралы негізгі 
қарызгерді ескертіп отыруы қажет. Кепілші өз міндеттерін орындаған жағдайда 
осы міндеттемелер бойынша оған несие беруші банктің құқықтары өтеді.
Кепіл ұстаушы несие беруші-банктің құқықтарын оның талаптарына 
кепілші қанағаттандырған көлемге дейін ғана болады. Бұл жерде кепілші негізгі 
қарызгерден заңды түрде несие беруші банкке төлеген несие сомасын өтеуді 
талап етуіне болады, сол сияқты қарызгер үшін жауапкершілікке байланысты 
болған кепілшінің зияндар орнын толтыруды да талап етуіне болады. 
Несие беруші-банк кепілші өз міндеттерін орындағаннан кейін, 
қарызгерге қойылатын талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды беруге тиісті 
болып табылады. 
Кепіл берумен қамтамасыз етілетін міндеттемелерді орындаған 
қарызгер,осы міндеттерді қайталап орындамауға,бұл туралы кепілшіні 
кешіктірмей хабарлауға тиісті және оған регрестік талаптар қоюына болады. 
Кепіл болушы мынадай нақты жағдайларда тоқтатылады : 
1)міндеттемелерді осы кепіл болудың қамтамасыздығы тоқтатылған кезде; 
2)кепәлші жауапкершілігінің ұлғайуына келтіретін немесе сәкес келісім 
алмастан келенсіз басқадай салдарлары болатын қарызгер міндеттерінің өзгеруі 
жағдайында; 


50 
3)кепіл болумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша несиелік қарызды 
басқа тұлғаға аударылған болса және оған қоса жаң қарызгер үшін 
жауапкершілікте болуға кепілшінің келісімі алынбаған жағдайда; 
4)қарызгер немесе кепілші ұсынған тиісті орындауды несие беруші банк 
қабылдаудан бас тартқан жағдайда
5)келісім-шартта көрсетілген кепіл болу мерзімі өткен жағдайда. Ал кепіл болу 
келісім-шарттында, оның мерзімі нақтылап орнатылмаған жағдайда, несие 
беруші банк, кепіл болумен қамтамасыз етілген міндеттерді орындау мерзімінің 
басынан бастап бір жыл ағымында кепілшіге талап қоймаған болса, онда кепіл 
болушылық тоқтатылады (яғни мерзімі өткен болып табылады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет