Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


 Инвестициялаудың лизингтік әдісі



Pdf көрінісі
бет34/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

10.3. Инвестициялаудың лизингтік әдісі 
Нарықтық қатынастар пайда болғанға дейін біздің елде, отандық және 
шетелдік жабдықтарды жеткізіп беруде,несиелендіру жүйесі орын алып келді. 
Ұзақ жылдар бойы бұл терең ғылыми және тәжірибиеде тексерілген жақсы 
жүйе болып есептелінеді. Дегенмен, бұл жүйе өзін ақтамады,өйткені барлық 
құрылыстармен нысандарда орнатылмаған жабдық қорлары ұлғайып отырды. 
Ал, бұл өз алдына моральдық тозу мен шығарылған шығындарға және басқада 
негативтік салдарға байланысты аса ірі шығындарға әкеліп отырды. 
Бұл мәселені шешуге басқадай дәстүрлі емес тәсілдерді іздеу қажеттілігі 
туындады. Осы мәселелерді шешуде нарықтық экономикада маңызды бағыт 
болып табылатын инвестициялау тәсілінде лизинг қолдана басталды. 
Лизинг ағылшын тілінен аударғанда «аренда» (жалға алу не беру) 
мағынасын 
білдіреді. 
Ал, 
бизнесте 
лизинг 
негізгі 
қорларды 
(жабдықтар,ғимараттар мен техникалар) кәсіпқойлық жалға деп немесе оларды 
жалға алу деп түсіндіреді. Сонымен бірге, лизинг – бұл ұзақ мерзімдік жалға 
алу болып табылады және жалға алынған мүлікті қалдық бағасы бойынша 
сатып алу мүмкіндігін туындатады. Және лизинг өзінің мәні бойынша 
қаржылық операцияны білдіреді, яғни бұл мақсатта ол несие болып табылады, 
өйткені мамандандырыған лизингті компания жабдықтары сатып алуға немесе 
ғимараттарды жалға алуға несиені банктен алады (бұл операцияларды банктің 
өзі де жүргізе алады). Басқаша айтқанда – бұл инвестициялаудың ерекше тәсілі 
болып табылады. Осы жерде мынандай мақалды еске түсірейік: «кез келген 
жаңалық – бұл ұмытылған ескі жақсылық» деген толығымен лизингке қатысты 
болып табылады. Себебі біздің дәуірімізге дейінгі шамамен 2-ші мың 
жылдықта,ертедегі Вавилонда «лизинг» типті операциялар белгілі болған. 
Қазіргі біздің уақытымызда лизинг алыс шетелдерде өте кеңінен тарау 
алған. 
Лизингтік операциялардың екі түрі бар: оперативтік және 
қаржылық. 
Оперативтік лизинг – бұл әдетте,амортизациялық кезеңнен аз уақытта 
жасалынатын қысқа және орта мерзімдік контрактымен сипатталады, яғни 
толықтай қайтарылмайтын несие ақталмайтын болып табылады. Толықтай 
ақталмайтын жағдайы жалға берілетін мүліктердің сатып алудағы шығындары 
мен құнының толықтай амортизациялаумен қайтарылмауы,яғни ішінара ғана 
ақталуы болып табылады.
Оперативтік лизингтің мынандай ерекшеліктері бар: 


64 
- лизинг беруші,өзінің барлық шығындарын тек бір ғана лизинг алушыдан 
жабуға бағыт ұстамайды, себебі бұл лизинг түрі ұзақ мерзімдік сипатта 
болғандықтан басқадай лизинг алушылар (арендаторлар) болады; 
- жалға алу мерзімі мүліктің толықтай табиғый тозуын қамтымайды,яғни жалға 
алу мерзімі амортизациялық мерзімінен кем болып келеді; 
- жалға алынған мүліктің орнатылған мерзімнің өтуіне байланысты,ол мүлік 
лизинг берушіге қайтарылады, ал өз кезегінде ол мүлікті сатады немесе басқа 
лизинг алушыға жалға береді. 
Қысқамерзімдік оперативтік лизинг (бір күннен бір жылдық мерзімімен) 
рейтинг деп аталады және ортамерзімдік (бір жылдан үш жылға дейін) 
оперативтік лизинг – хайринг деп аталады. 
Қаржылық лизинг кезінде, жалға алу мерзімі ағымында ,қатаң орнатылған 
сомада жалқыны төлеу қарастырылады, әрі бұл жерде, ол жабдықтар мен 
машиналардың толық амортизациясын қамтамасыз етуі қажет етеді. Қаржылық 
лизинг өз кезегінде үш түрге бөлінеді: қызмет көрсетумен байланысты лизинг; 
лизинг ливеридж; «пакеттегі» лизинг. Қызмет көрсету лизингіке кезінде 
мердігерлік келісім-шартпен қаржылық лизингтің үйлесуі орын алады және 
жалға берілген жабдықтарды ұстау мен оларға қызмет етуге байланысты 
бірқатар қызмет көрсетіледі. Ливеридж лизингі, қаржылық лизингтің ерекше 
түрі болып табылады.Бұл жере, жалға берілетін жабдықтың құны 
бойынша,үлкен үлесі үшінші жақпен (инвестормен) жалға алынады және жалға 
алу мерзімінің 1-ші жартысында жабдықтар бойынша амортизациялық 
аударымдар жүргізіліп,оларды сатып алудағы несие үшін үлестік ставкалар 
төленеді,соның нәтижесінде инвестор пайдасының (табысының) бір бөлігінен 
салық алу төмендетіліп,салық төлеуді кейінге қалдырылады. «Пакеттегі» 
лизингтің мәні кәсіпорынды қаржыландырудағы ғимараттарды несиеге беріп,ал 
жабдықтарды келісім-шарт бойынша жалға беру болып табылады. 
Лизингтік операция нысандарын сатып алу көздері бойынша лизинг 
тікелей және қайтарымды болып бөлінеді. Тікелей лизинг кезінде жалға беруші 
мүлікті жасаушы кәсіпорыннан (жеткізіп берушіден) сатып алады. 
Ал,қайтарымды лизингте, мүлікті жасаушы кәсіпорын,осы мүліктің бір бөлігін 
жалға беру келісімі бойынша лизингтік компанияға жалға береді. Осының 
нәтижесінде жасаушы кәсіпорын өзінің мүліктерін жалға беруден ақша 
қаржыларын алып, олардың пайдалануын тоқтатапайды. Бұл процедура 
пайдалы болып табылады,себебі жалға берілген жабдық-мүліктер лизингтік 
мерзім ағымында,оларға деген меншіктік құықты сақтай отырып,жалға 
берушінің балансында есепте тұрады. Соның нәтижесінде жол алушы-
кәсіпорын салық жеңілдігін алады. 
Қаржыландыру әдістері бойынша лизинг мерзімдік және қайта қалпына 
келтіретін лизинг деп бөлінеді. Мерзімдік (шұғыл) лизинг кезінде мүлікті жалға 
алу бір реттік,ол қайта қалпына келтіру лизингісінде келісім-шарт,1-ші 
мерзімнің өтуінен кейін де жалғастырыла береді. 
Сол сияқты,толық және таза лизинг деп те бөлінеді. Таза лизинг жалға 
берілетін мүлікке қызмет етудің қосымша шығындары жалға алушының 
мойнына жүктелінген жағдайда болса, ал толық лизингте жалға беруші 


65 
жабдықтардың техникалық қызмет көрсетілуі бойынша шығындарды өзінің 
мойнына алуы жағдайымен сипатталады. 
Лизингтік операцияның субъектілері: лизинг беруші (жалға беруші); 
лизинг алушы (жалға алушы); лизинг нысаны (затын) даярлаушы (жасаушы) 
кәсіпорын-жеткізіп беруші. 
Лизингтік операциялардағы субъектілер арасындағы қарым-қатынасты 
мына кестеден көруге болады: 
Бұл жерде атқарылатын істер: 
– лизинг келісімі-шартын жасау
– лизинг затын жеткізіп беру; 
– лизинг затын жеткізуді төлеу; 
– лизинг мүлігі үшін төлем (жалға алу төлемі). 
Лизингтік қатынастар өзінің мәні бойынша несиелік келісімдерге өте жақын 
болып келеді, (лизингтік операциялар туралы мәліметтер толықтай «Банк ісі» 
пәнінде қарастырылады). 
Нарық жағдайының кеңейуі мен оның ықпалының ұлғайуына қарай 
лизингтік операциялар өзінің дамуын әрі қарай жалғастырады. Лизинг отандық 
машиналармен жабдықтардың сыртқы нарыққа шығарылуына позитивтік оң 
әсерін тигізеді. Бұл кәсіпқойлық қызметтің болашақ дамуын қамтамасыз етуде 
айтарлықтай өзінің рөлін Қазақстанда атқаратын шетел банктері мен 
фирмаларды құру арқылы атқарады. Мұндай бірлескен лизингтік компаниялар 
екі жаққа ұтыс әкеледі: алдыңғы қатарлы техникаларды тиімді пайдалану; 
лизингтік операциялар сферасындағы шетел банктері мен фирмалардың 
алдыңғы қатарлы тәжірибиесін меңгеру. 
Бұдан басқа лизингтік операциялар мынандай позитивтік мүмкіншіліктер 
береді: 
- кәсіпорынға қажетті мүліктерді айтарлықтай аз шығындармен алуға 
болады; 

машиналар мен жабдықтар моралдық тозуына байланысты 
кәсіпорынның банкротқа ұшырау тәуекел ін ең аз мөлшерге келтіреді; 
- салық салу бойынша айтарлықтай пайда алады, яғни жалға алу 
төлемдері операциялық шығын болып табылады және оған салық салынбайды
ЛИЗИНГ АЛУШЫ
(жалға алушы) 
Лизинг беруші
Банк немесе лизингтік 
компания
Лизинг затын
Жеткізіп беруші 
кәсіпорын


66 
- банктен несие алумен салыстырғанда лизингтік келісім-шартты жасау 
анағұрлым оңай және қарапайым болып табылады. 
Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен ұтымды болуы үшін 
қарастырылатын аса маңызды жағдайлар-ақшалық және қаржы-несиелік 
жүйенің нығайып тұрақтануы, инфляцияны оңтайландыру мен одан өту, содан 
соң ұлттық валюта-теңгенің бағамын нығайуы болып табылады. 
Енді лизингтің тиімділігін (пайдасына) келетін болсақ, олар мыналар: 

кәсіпорынның негізгі қорларының ликвидтігін сақтау және қондырғыны 
стаып алуда үлкен қаражаттарды жұмсамау және жылдық қаражаттар 
тартылмайды; 

кәсіпорынның қаражаттарын капиталдық салымдарға бөлінуінің 
қажеттілігінің азаюы; 

лизигингке алған қондырғыны пайдалану арқылы табылған пайдадан 
лизингалық төлемдер жасауға болады; 

негізгі 
қондырғыларға 
жеделдетілген 
амортизацияны 
қолдану 
мүмкіншілігі бар;

салықтық жеңілдіктер және инвестициондық ынталандыру; 

сақтандырудың тиімділігі; 

пайдаланушыға кепілдеме беру жөнінде талаптарының жоқтығы. 
Лизингтің бұл тиімділіктері жиынтығында лизингалық мәмілелерді іске 
асыруда лизинг алушыға түрткі болатын себептер ретінде қызмет етеді. Мұндай 
мәмілеге лизинг берушілер де қызығады. Егер олар коммерциялық банктер 
болса, онда олардың тиімділігі (пайдасы) банктік капиталды пайдалану саласын 
кеңейтуден өзінің қаражаттарын азғантай тәуекелмен орналастырудан, 
салықтық жеңілдіктер алудан және жабдықты өндірушілермен тікелей 
ынтымақтастықты орнатудан көрінеді.
Ал лизингалық компанияның тұлғасы ретінде лизинг беруші үшін 
тиімділік (пайда) мүлікті өткізу шеңберін кеңейтуден және қолма-қол ақша 
алудан құралады.
Сонымен, лизинг өзінің беретін мүмкіндіктері мен әкелетін пайдасы 
арқылы кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің маңызды формасы (түрі) болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет