74
кәсіпорынның дамуына мақсатты несиелер бөледі және бұл несиелер өнімді
жеткізіп бергеннен кейін оны берушілерге қайтаруға тиісті. (Қазақстан
жағдайында, мысалы, мұнай, мыс, цинк, т.б. жеткізіп берушілер)
Компенсациялық келісім жағдайы бойынша шетелдік партнер
өнеркәсіптік-өндірістік және басқада тағайындылықтағы түрлі нысандар
құрылысын жүргізу үшін инвестициялық несие
бере алады және осы несие
есебінен жабдықтар,машиналар мен басқадай техникаларды жеткізіп беруі
мүмкін (бұл байлаулы несие) болып табылады. Одан кейін осы нысанды
пайдалануға енгізген соң партнер (несиелеуші) осы нысанда өндірілген өнімнің
бір бөлігін сатып алады, бұл жерде сатып алу көлеміне берілген несие сомасы
мен оның пайыздық ставкасын толықтай жабуын қамтамасыз етуі керек.
Шетел капиталын
тартудың тағы бір жолы лицензияны импорттау,
оның көмегімен нарығы дамыған елдердің ең жақсы үлгілерін пайдалануға
болады.
Лицензияны импорттау – бұл патентпен қозғалған жаңалықты ойлап
табады. Сол сияқты технологияларды, техникалық білімдерді, тәжірибиелерді,
өндіріс құпияларын және т.б. пайдалану үшін шетелдік серіктестердің келісімін
алу болып табылады. Мұндай лицензия, әлбетте оған сәйкес сыйақыға беріледі.
Лицензияны беруші
тұлға-лицензиар деп аталады, ал оны алушы тұлғаны-
лицензиат дейді. Лицензиялық нәрсені (затты) беру лицензиялық келісім-
шартпен қалыптастырылады. Бұндай келісім екі жаққа да тиімді,
өйткені
лицензиарға ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізуге,айтарлықтай қосымша
шығындарсыз табыс әкеледі. Атқарылған ғылыми-техникалық жұмыстар, тек
қана үйлесімді түрде жергілікті жағдайға «байлануы» қажет.
Басқа жағынан алғанның өзінде, лицензиатқа өз күшіне сәйкес
жұмыстарды атқарғанда да лицензия сатып алу анағұрлым арзанға түседі.
Лицензия үш түрге бөлінеді : 1)жай-қарапайым; 2)ерекше және; 3)толық-
толықтай.
Достарыңызбен бөлісу: