Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Кері шақырылатын аккредитив



Pdf көрінісі
бет30/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Кері шақырылатын аккредитив - бұл оны ашқан банк кезкелген 
уақытта,пайдасына тағайындап ашылған субъектіні (бенефициарды) алдын-ала 
хабарламастан, кері шақырылып алуы немесе оның күшін жоюы мүмкін. Бұл 
аккредитив түрінің кішкене оң (плюс) және үлкен теріс (минус) жағы бар. 
Бұның артықшылығы, оның қарапайымдылығы мен банктің (сатушы) 
орналасқан жерінде төлемді тез және шұғыл жүргізуге болатындығынды. Ал 
оның кемшілігі, бұны орындау мүмкіндігімен байланысты серіктестіктер 
арасында өзара толық сенімділіктің болуы қажетті. Қалған басқа жағдайлардың 
барлығында 
кері 
шақырылмайтын 
аккредитивтерді 
пайдалану 
ұсынылады,себебі олардың мәні бойынша қызығушылық білдіретін жақтардың 


54 
(экспоттердің) келісімінсіз кері шақырып алуға немесе оның күші бар мерзім 
аяғынан ерте өзгертуге болмайды. 
Расталмаған кері шақырылмайтын аккредитивте қарызгерге (несие 
алушы)қызмет көрсететін банк, оған қатысы болғандықтан төлем жүргізу 
міндетін өзіне алады және аккредитив құжаттарының жағдайына сәйкес 
белгіленген мерзімге тапсырылған кезде ғана өзіне осы міндеттемені алады. 
Бірақ, саяси немесе экономикалық тұрақсыздыққа байланысты төлемді аудару 
тоқтатылатын жағдайлар пайда болғанда ғана бір банктің міндеттеме алуы 
толық кепілдік бере алмайды және белгілі-бір мәселелердың пайда болуы 
мүмкін. Осыған қарағанда, расталынған, кері шақырылмайтын аккредитив 
анағұрлым сенімді болып табылады. Бұл жерде эмитент-банкке (қарызгерге 
қызмет көрсететін банкке) қосымша екінші бір банкке (растайтын банк) 
аккредитив шарттарын орындаған жағдайда ғана төлем жүргізуге міндеттеме 
алады. Осылайша банк- несие беруші расталынбаған аккредитив жағдайында 
болатын барлық тәуекелдер (саяси, экономикалық, әлеуметтік, т.б) ескеріле 
отырып, ол шығарылып тасталынады, ол расталынған, кері шақырылмайтын 
аккредитив кезінде растаушы банк кез-келген жағдайда төлемді (несиені 
қайтаруды) қамтамасыз ету міндетін өзіне алады. 
Сонымен бірге, растаушы банк осындай қатаң міндеттеме алу үшін 
бірқатар жағдайлардың сақталуын талап етеді,оның ішінде: 
- ашылған аккредитив кері шақырылмайтын болуы 
- аккредитивті пайдалану мен төлеу растаушы банкте болуға тиісті 
- аккредитивте эмитент-банк өкілеттілігі банк-корреспондентке өтуі 
немесе берілуі анықтап, қарастырылуға тиісті 
- аккредитив текстінде дұрыс берілмеген түсініктемелер болмауға тиісті 
және қарызгерге аккредитив жағдайын орындамауға мүкіндік беретін 
ескертпелердің болмауы керек. 
Несие қамтамасыздығы тәсілі ретінде дисконтпен борыштарды сату жолы 
да тәжірибиеде қолданылады. Ол кредитордың дебиторлық қарыздарды 
жеңілдіпен ,яғни бағасын кемітумен сатуды білдіреді,ал бұл жеңілдік (құн 
айырмасы) осы қарызды сатып алушының табысын құрайды. 
Аталған жеңілдік мөлшері бірқатар факторларға тәуелді, оның ішінде: 
- осы кезеңдегі депозиттік ставкалардың нарыққтық деңгейіне; 
- қарызды қайтарудың белгіленген мерзіміне; 
- сатуға ұсынылатын қарыз сомасына; 
- төлем қабілеттілігінен қарызгердің мүмкін болатын банкроттығына 
байланысты тәуекел дәрежесіне. 
Қарызгердің сату несиелеушіге несиені жою сомаларын және оның 
шотына жылдам түсуін қамтамасыз етеді.Бұл сатудың мәні,қарызды талап ету 
құқығын басқа субъектіге беру болып табылады, яғни несиелеуші, өзінің 
дебиторлық қарыздарын сату арқылы борышын тезірек қайтару мүмкіндігін 
алады. Бірақ, осы мүмкіндік үшін ол қарызды сатып алушыға, оның бір бөлік 
сомасын беруіне мәжбүрлі болады, яғни өзіне тиесілі дебиторлық қарыз 
сомасын кемітуіне тура келеді, ал ондай сома дискоттық шаманы құрайды. Бұл 
процедура, несие берушілерге несиені белгіленген уақыттан кейін қайтаруды 


55 
күтуден анағұрлым пайдалы болады, әсіресе қарызгердің сенімділігіне 
күмәнділік туғанда инфляция жағдайда және оның әсерін ескерген де бұл жөн 
болып саналады. 
Ал қарызды сатып алған жақ, келешекте осы сомаларды алуына сенімді 
болу мақсатымен дебитордан сәйкес кепілдік міндеттемені алады. Қарызды 
дисконтпен сату процедурасы кредитор (қарызды сатушы),осы қарыз сатып 
алушы және қарызгер (борышкер) арасындағы үш жақтылық келісім-шартпен 
жасалады. Бұл мәміле бойынша қарызды сатып алушы дисконт сомасын 
шығарып тастаумен, сатушыға (несиелеушіге) белгіленген мерзімде борыштық 
қаржыны аударуға өзіне міндеттеме алады, ал қарызгер борышты қайтару 
мерзімін өткізіп жібергені үшін төленуге тиісті пайыздарды есепке ала отырып, 
қарызды сатып алушыға толық соманы аударуға міндеттенеді. Қарызды 
дисконтпен сатудың несиелеуші банк үшін экономикалық және практикалық 
маңызды оның капитал айналымын жылдамдату, несие ресурстарына 
қажеттілігін азайту болып табылады, қарыздардың қайтарылмай жоғалуы 
мүмкін болатын тәуекелдіктердің болмауы (себебі, бұл тәуекелдіктерді 
қарызды сатып алушы өтейді) және баланс өтімділігі қөрсеткіштерінің 
жақсаруы арқылы байқалады. 
Атап өтілген қамтамасыздық тәсілі алыс шетелдерде айтарлықтай 
тараған,ал ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда, банктермен несие 
берумен айналысатын басқа субъектілердің тәжірибесіндее жинақтауымен, ол 
қолданысқа еніп өзінің дамуын алатын болды. 
Қазақстан үшін, сол сияқты бұрынғы кеңестіктегі елдер үшін несиені 
қайтару қамтамасыздығы құралы ретінде қолданылатын төлем төлеудің және 
есеп айырысудың жаңа түрінің бірі факторинг болып табылады. Ол қаржылық 
операциялардың бір түрі, бұл жерде субъект (агент, делдал ретінде 
коммерциялық банк, қаржылық немесе маманданған факторинг компаниясы 
факторинг қызметін көрсетеді), несиеберуші-банктен қарызгердің акшалық 
талаптарын сатып алады және осы үшін өзінің белгіленген сыйақысын алады, 
несие берушінің пайдасынан қарызды қайтарады. 
Факторинг атқарған қызметі үшін (қарызгерден борышты талап етуі 
бойынша) несие беруші -банктен мынаны қайтарып алады: 
А) факторингтік коммисиондық төлем. Оның мөлшері дамыған шетелдерде 1,5-
3%-ды, ал Қазақстанда (нақтылы жағдайдайларға байланысты) счет-фактура 
сомасынан 5%-дан 25%-ға дейінгіні құрайды. Бұл коммисиондық төлемнің 
шамасы қайтарылатын несие сомасына (сома үлкен болса, факторингтік 
коммисиондық төлемнің үлесі кіші болады), тәуекел дәрежесіне жіне қажетті 
делдалдық жұмыстар көлеміне тәуелді болып келеді. 
Б) инкассацияланған шоттарға сәйкес (қарама-қарсы) несие беруші-банкке 
төленетін аванстың күнделікті қалдығынан қарыздық пайыз алынады. Бұл 
пайыз авансты берген күнен бастап несие қарызды жойған күнге дейін 
есептелінеді. Қарыздық пайыз ставкасы қысқа мерзімдік несиелер бойынша 
белгіленген ставкалардан 1,5-2,5% жоғары немесе Орталық (Ұлттық) банктің 
есептік ставкасынан 1-2% жоғары болып келеді. 


56 
Несие қайтару қамтамасыздығының тағы бір тәсілі – форфейтинг.Бұл 
жерде қаржылық агенттік несиелер алдындағы қарызгер міндеттемелерін сатып 
алу бойынша жүргізілетін банктік операция болып табылады, несиені қайтару 
бойынша мідеттейді. Бұл міндеттеме қарапайым немесе аудармалы векселмен 
(тратта) қамтамасыз етіледі.Өзінің мәні бойынша форфейтинг операциясы 
факторинг операциялармен өте ұқсас болып келеді. Форфейтингтің негізгі 
айырмашылығы,ол,сатып алынған қызмет көрсету құқығын қайта сату арқылы 
несие қарызын қайтарып алуға байланысты бір реттік операция болып 
табылады. 
Форфейтинг операциясының негізгі қатысушылыр: банк-несиелеуші, 
форфейтер (қаржылық агент немесе делдал) және қарызгер.Олардың 
арасындағы қарым-қатынастар векселдік құқық нормасымен анықталады. 
Кезкелген формадағы қарыздар, оның ішінде несиені қайтару 
да,форфейтингтеу заты (нысаны) болуы мүмкін.Банк-несиелеуші қарызгермен 
жасаған несие келісімінің барлық пайда-шүйдесіне (детали) дейін форфейтирге 
қатысты, оның ішінде несиені қайтару жағдайы,банктік қамтамасыздық түрі, 
банк-гаранттың аты және т.б. болады. 
Форфейтинг, Швейцария, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде 
кеңінен таралған. Нарық жағдайының біздің елге біртіндеп енуімен бірге, 
форфейтингтік операциялар Қазақстанда кеңінен атқарыла бастайды. 
Несие қайтару қамтамасыздығының барлық тәсілдері түгесілген кезде 
несиелер,қолданыстағы заң актілеріне сәйкес қарызгерді банкрот деп жариялай 
отырып, осындай дәстүрлі емес тәсілге баруға мәжбүрлі болып табылады. 
Қарызгердің банкроттығы бойынша процедураны Қазақстанда 1997ж 
21қаңтардағы қабылданған «Банкроттық туралы» ҚР Заңы негізінде жүзеге 
асырылады. Аталған заңға сай (2 пунктің 3-бабы), қарызгердің банкроттығы 
туралы кредиторлардың сотқа берген шығындары негізінде мәжбүрлі түрде 
орнатылады. Бұл заң бойынша қарызгерге қатысты, несие берушінің оған 
қойған талаптарын үш ай ағымында жоймаса (төлем қабілетсіздігі танылған) 
және осы мерзімде бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті 
төлемдерді өтемесе, онда мынандай процедура түрлері қолданылуы мүмкін: 
а) қайта құру, яғни кәсіпорынның (мүлкін банктің) қаржылық жағдайын 
жақсартуға және қызметін жалғастыруға бағытталған шаралармен, оның 
жойылуының алдын-алу мүмкіндігі іздестіріледі. Осы мақсат үшін қарызгер 
мүліктерін сырттан басқару мен оның жағдайын сауықтыру ұйымдастырып, 
енгізіледі; 
б) төлемді кейінге қалдыруға немесе қарыз сомасынан жеңілдітер беруге 
қатысты қарызгер мен несиелеуші арасындағы мәмілеге қол жеткізу 
процедурасын білдіретін келісімге келу процедурасы; 
в) қанағаттанғысыз (қайтаруға шамасы жоқ) қарызгердің мәжбүрлі немесе 
ерікті жойылуын қарастыратын жою процедурасы. 
Жойылатын қарызгер-банкроттың мүліктерін сатудан түсетін табыстар 
орнатылған тәртіппен несиелеушілердің борыштарын жоюға кетеді. 
Сонымен, қорыта айтқанда, барлық аталынған қамтамасыздық 
тәсілдері,егер олар басты мақсатқа, яғни несиенің негізгі сомасы мен пайыздық 


57 
ставканың барлық қарыздық сомаларын жоюға қол жеткізетін болса, онда ол 
жақсы болып табылады. Бұрыңғы кеңестік кеңістіктегі елдерде, оның ішінде 
Қазақстанда, жоғарыда көрсетілген тәсілдің біртіндеп енуі шетелдік 
банктермен корреспондентік қатынастардың кеңейуімен және қарызгердің, 
шетелдік шоттарынан қаржыларды қайтарып алу жолымен байланысты және 
осы арқылы болатын несиені қайтару қамтамасыздығының дәстүрлі емес 
тәсілінің тарауы осыдан. 
Бұл тәсілдің негізгі бір артықшылығы қарызгердің корреспонденттік 
шоттарын салыстырмалы бірнеше күн ішінде жылдам түрде тұтқындау болып 
табылады, ал оның кемшілігі корреспонденттік шоттарды блокировкалау 
кезінде талап етілетін сомадан 10% мөлшерінде сақтандыру үшін депозиттік 
ашу қажет болып табылады және істің сотта қарау мерзімінің айтарлықтай ұзақ 
болуымен байланысты. 
Ресейлік банктер тәжірибесінде бұл тәсіл,өзінің оң жақсы нәтижелерімен 
орын алып,қолдануда.Мысалы, «Платина» банкі АҚШ-тың соты көмегімен 
Мытища коммерциялық банкі мен Межрегиондық коммерциялық банктеріне 
берілген несиелерді қайтару қамтамасыздығына қол жетуізді,сол сияқты 
Альфа-банк,РАТО-банктің (банк-гарант) корреспонденциялық шотынан,Нью-
Йорк қаласындағы бұл шотқа тұтқындау жолымен, 580мың долларды қайтарып 
алды. 
Қарызгердің шетелдік шоттарының мекен-жайы бойынша бұл іс-
қимылдар, екі жақтар арасындағы заңдық көмек туралы келісімдерге сәйкес 
және 1954ж. азаматтық процесс мәселелері боцынша Гаагалық конвенциямен 
1970ж азаматтық пен саудалық істер бойынша шетелден дәлелдеме алу туралы 
Конвенцияға және 1980ж халақаралық әділеттікке (әділ сот) қол жеткізу туралы 
Конвецияға сәйкес жүргізіледі. Осындай іс-қимылдар, ТМД елдерінде 1993ж 22 
қаңтардағы қабылданған көпжақтылық конвенцияларға сәйкес сот органдары 
арқылы жүзеге асырылады. 
Қарастырылып отырған несиені қайтару қамтамасыздығы тәсілі бойынша 
қарызгер-борышкердің шетел банкісінде шоты ғана емес,басқа елде 
жылжымайтын 
мүлігі 
болуы 
да 
мүмкін. 
Тәжірибие 
көрсетіп 
отырғандай,қарызгердің шетелдегі жылжымайтын мүлігін іздестіру,оның 
шетелдік шотын іздеуден жеңіл болып табылады. 
Жоғарыда атап өткеніміздей, несие беруші-банк несиені қайтару 
қамтамасыздығының дәстүрлі және дәстүрлі емес тәсілдерін қолдануға, 
олардың бүтіндей арсеналын иемденеді. Дебиторлық қарызды қайтару уақытын 
өткізудің алдын-алу бойынша несие беруші-банк жұмысының табыстылығы, 
оның қандай тәсілі осы мәселені шеше алатындығын ескеріледі, сол сияқты 
нақтылы жағдай үшін оларды қолдану тәртібі мен мақсатты тиімділігіне де 
тәуелді болып табылады. 
Қарастырылған тәсілдердің ішінен тәжірибиеде қайсысын қолданудың 
қолайлығы мен тиімділігі көптеген факторларға тәуелді, оның ішінде: 
- қолданылатын несиелендіру формасының заңдық қамтамасыздығына; 
- несие беруші -банк мамандарының осы ауқымда қажетті практикалық 
тәжірибиелерінің болуына; 


58 
-несиені қайтару қамтамасыздығының белгілі-бір формасына маманданған 
жоғары білікті заңгердің болуы немесе оны тарту мүмкіндігіне; 
- несиелеуші-банк пен қарызгердің нақты мүмкіндіктеріне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет