Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


 Акционерлеу- инвестициялардың өзіндік әдісі ретінде



Pdf көрінісі
бет32/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

10.2. Акционерлеу- инвестициялардың өзіндік әдісі ретінде 
Экономикалық қайта құрумен нарықтық қатынастар дамуының біртіндеп 
тереңдей енуіне байланысты инвестициялық сферада ірі құрылымдық 
өзгерістер, сол сияқты инвестициялаудың тиімді әдістемелерін пайдалану орын 
алды. Осы аспектіде акционерлеу үрдісі даму үстінде және оның 
инвестициялаудағы позитивтік әдістері жетілдірілуде. Өндірістік сферада
содан соң банктік секторда акционерлік қоғамдар (АҚ) пайда болып, даму 
жолында (сан жағынан да, сапа жағынан да абсолюттік артықшылықпен көрініс 
алуда). 
АҚ-ның жарғылық капиталы негізінен акцияларды сатудан қалыптасады. 
Акция бұл АҚ қызметіне қатысуға акционер құқығын растайтын құнды қағаз. 
Өзінің табиғаты бойынша акция өндіріспен өте тығыз байланысты болып 
келеді. Акция қаржылық ресурстарды жинақтау және инвестициялау құралы 
қызметін атқарады. 
Акционерлеу және акция қозғалысын кеңейту инвестицияны айтарлықтай 
қаржы резервтерімен қамтамасыз етудің бір жолы болып табылады. 
Акционерлік 
фирмада 
шаруашылық 
жүргізудің 
бірқатар 
артықшылықтары мен ынталандыру сылтаулары бар, оның ішінде: 
- дивиденттер мөлшері (АҚ-ға қатысулардың табысы) оның қызмет нәтижесіне 
тікелей тәуелді; 
- зиян шеккен жағдайда дивидент төленбейді (зиянсыз жұмыс істеуге ынта); 

банкрот болған жағдайда АҚ-ның барлық қатысушылары ортақ 
жауапкершілікте болады; 
- акциялар көмегімен жүзеге асырылатын инвестициялық бағдарламалар, 
жоғары тиімді технологиялар мен техникалық қайта жарақтау мен және т.б.
бағыттағы мақсатпен сипатталады; 
- АҚ мүшелерінің акцияға салымдары үлкен әлеуметтік қорғаныста болады. 
Экономикалық басқарудың құралы,оның ішінде инвестициялау әдісінің 
тиімді түрі ретінде құнды қағаз - акцияны пайдалану тәжірибиесі әлемдік 
практикадан жинақталған. 
Құнды қағаздар нарығында акциялар бағамы айтарлықтай ауытқумен жиі 
өзгеріп отырады. Бұл жерде басты факторлар дивиденттер шамасы мен 
қарыздық капитал пайызы болып табылады. Дивиденд қаншалықты жоғары 
болса,соншалықты акция бағасы қымбат болып, оның бағамы жоғары болады. 
Бірақ банкттер қарыздық пайызы шамасын көтерген кезде, акция бағамы 
төмендейді. 
Бұл тәуекелділік мына формуламен көрсетуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет