Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет35/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары 
1. Инвестицияны өзін-өзі қаржыландыру түсінігі бойынша түсініктеме 
беріңіз? 
2. Инвестицияны өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асыруда меншіктің 
ішкі көздері қалай қолданылады? 
3. Инвестицияны қаржы резервтерімен қамтамасыз етуде акционерлеу 
үдерісінің рөлі қандай? 
4. Акция не үшін шығарылады? 
5. Инвестициялық институттардың құрылу мақсаты неде? 
6. Инвестициялаудың лизингтік әдісіне сипаттама беріңдер? 


67 
7. Лизингтік операцияның түрлері қандай? 
8. Лизингтік тиімділік қалай анықталады және оның көрсеткіші бола ма? 
9. Қазақстанда лизингтік операциялар қалай дамыған? 


68 
11 ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛ
ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУ 
 
Инвестициялық институттар және олардың негізгі атқаратын 
қызметтері 
Шетел капиталын тартуды жетілдіру жолдары 
11.1. Инвестициялық институттар және олардың негізгі атқаратын
қызметтері 
Инвестициялық 
жобаларды 
қаржыландырумен 
айналысатын 
компаниялар, фирмалар, корпарациялар, қорлар және басқа да субъектілер, 
олардың ішінде банктер инвестициялық институттар деп аталады. 
Осы институттар құрамындағы бірқатар салыстырмалық шектеулі 
нысандарды және тікелей инвестициялауды жүзеге асыратындарды үш топқа 
бөлуге болады: 1) холдинигтік компания түріндегі (типіндегі) акционерлік 
бірлестіктер; 2) қаржылық топтар; 3) қаржылық компаниялар. 
Акционерлік бірлестік өзінің меншікті капиталы есебінен басқа 
субъектілердің бақылау пакет акцияларын сатып алып, олардың үстінен 
бақылаулық, қаржы-несиелік және басқадай қызметті,яғни жұмыстарды 
атқарады, және бұл жерде олардың құқықтық, оперативтік-экономикалық 
еркіндітері сақталады. Әдетте, акционерлік бірлестік, еншілес кәсіпорындардың 
бақылау пакеті акцияларын иемденетін көрнекті (ірі) қаржылық топтаманың 
басшы ұйымы рөлінде болып шығып,басқарушы қызметін атқарушыға 
маманданады. 
Бұл,акционерлік бірлестік ең алдымен өзінің жағдайын ұзақ мерзімдік 
болашақта нығайту мақсатымен инвестициялауды жүргізеді, ал кейбір 
жағдайда, айтарлықтай үлкен бірақ, қысқамерзімдік сипаттағы пайда-
табыстанда бас тартады. Қарастырылып отырған жағдайда АҚ жүйесі 
стратегиялық шешім қабылдаудағы мәселеге бір орталықтан жетекші етуге 
мүмкіндік алады. 
Бірлестіктің шешетін негізгі мәселесі: барлық жүйенің және әрбір 
тармақтың жұмысына бағыт беріп,қызметін бақылау және барлық деңгейдегі 
басқару 
құрылымын 
жетілдірумен, 
олардың 
пайда-табыстарын 
оптимизациялауға жету мүмкіншілігін алуға тырысады. Осының барлығы 
өндірістік циклдың,оның ішінде инвестициялық үдерістің де тиімділігін 
арттыруға қол жеткіздіреді. 
Қаржылық топтың акционерлік бірлестіктен айырмашылығы сол, ол 
көпшілік жағдайда да басқы ұйым болып табылмайды,ал қаржылық компания, 
қаржыландыруда оның корпарацияларының бақылау пакеттері акцияларын 
иемденбейді. Олардың басқадай қызметтері ұқсас, бірдей болып келеді. 
Аталынған үш топтан басқа қандайда бір белгіленген (шектелінген) 
нақтылы инвестициялау нысандар жиынтығын сақтамайтын инвестициялық 
компанияларды,содан соң соңғы инвестордың салымдары есебінен өздерінің 


69 
капиталдарын қалыптастыратын инвестициялық зейнет ақы,сақтандыру және 
басқа қорларды айтуға болады. 
Аталынған инвестициялық компаниялар инвестициялық қызметті 
меншікті қаржылар (құрылтайшылардың қаржылары) есебінен жүргізеді және 
құнды қағаздар шығаруды ұйымдастырып,оларды орналастыруға кепілдік 
береді. 
Олар инвестициялық институт ретінде бұл жоғарыда аталған 
инвестициялық ақша қаржыларын жұмылдыру мақсатымен акциялар 
шығарып,қызмет атқарады,және оларды қор атынан құнды қағаздарға салым 
жасайды,содан соң белгіленген шартпен банктер салым салады. Бұл қорлар 
халықтың қаржыларымен жұмыс жүргізеді және бұл жерде АҚ фирмасын 
өздеріне алады. Қорлардың жарғысында акционерлердің қызығушылығына 
қатысты барлық мәселелер қарастырылады (қарым-қатынас, құрылтайшылар 
жауапкершілігі, банкпен қатынас, акцияға активтер құнын есептеу, т.б.). 
Инвестициялық институттар құнды қағаздар нарығында қатысып, қызмет 
атқаруды арнаулы лицензия алғаннан кейін ғана жүргізеді, бірақ келесідей 
негізгі талаптарды орындалған жағдай да ғана: 
1) штатқа сәйкес біліктіліктегі мамандардың болуы (сәйкес аттестаты болуы); 
2) инвестор алдында материалды жауапкершілік болуы үшін минималды 
мөлшердегі меншікті капиталдың болуы; 
3) құнды қағаздармен операцияны анық және толық бейнелейтін есеп және есеп 
беру жүйесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; 
4) минималды қажетті жарғылық қормен қамтамасыз етілуі. 
Инвестициялық институттың төлем қабілеттілігі жоқ деп жарияланған 
жағдайда оның барлық қызметкері автоматты түрде біліктілік аттестатарының 
айырылады және кезкелген басқа ұйымда құнды қағаздар операцияларын 
жүргізу бойынша жұмысқа кірісу үшін қайтадан аттестациядан өтіп, жаңа 
аттестат алуға тиісті болып табылады. 
Жоғарыда көрсетілгендей инвестициялық институтар қатарында 
инвестициялық жобалауды қаржыландыратын Бүкіл әлемдік банкті 
(ВБ),Халықаралық валюталық қоры (МВФ),Еуропалық қайта құру және даму 
банкін (ЕБРР) және Азиялық даму банкін жатқызуға болады.
Бүкіл әлемдік 
банк пен халықаралық валюта қоры американың Беттон-Вудса қаласында өткен 
Бірікен ұлттар ұйымының (ООН) қаржы-валюталық конференциясының 
шешімі бойынша 1944ж құрылған болатын,ал олардың штаб-пәтерлері қазіргі 
кезде Вашингтонда орналасқан. Бұл институттар негізінен өздерінің 
мүдделеріне оларға мүше елдердің экономикасының нығаюына және
кеңейуіндегі мәселелерге аса көп назар аударады (Оларға ҚР-да мүше болып 
табылады). 
Бүкіл әлемдік банкті құрудағы басты мақсат 2-ші дүние жүзілік соғыста 
зардап шеккен елдерге көмек көрсету үшін ұзақ мерзімге инвестициялаудың 
халықаралық ағымын қамтамасыз ету болып табылған еді. Бірақ,кейінен 
инвестор ретінде халақаралық жекеменшік капиталдың шығуына байланысты 
ол алғашқы өзінің рөлінен сырттап кетіп, дамушы елдерді инвестициялаушы 
әлемдегі 1-ші банк болып қалды. 


70 
Қазіргі кезде Бүкіл Әлемдік банк халықаралық қаржы-несиелік мекеме 
болып табылады және инвестициялық институт ретінде мүше –банк 
елдердің,оның ішінде ҚР экономикасының дамуына қолдау көрсетіп жатыр. 
(Мысалы: ҚР 01.06.99ж – 1 млрд 200млн $ АҚШ). 
Бүкіл Әлемдік банктің негізгі, ірі түрдегі құрылымдық бөлімшелері: 
1) Қайта құру және даму халықаралық банкі (МБРР); 
2) Халықаралық даму ассоциациясы (МАР) болып табылады. 
Бұл екеуі де өз кезектерінде құқықтық және қаржылық жағынан алып 
қарағанда өз еріктері өзінде, еркіндік ұйым болып табылады (оларда 
Вашингтонда орналасқан). 
3) Халақаралық қаржылық корпорация (МФК) – бұл да қаржы-құқықтық 
еркіндікте болып табылады, бірақ ұйымдық жағынан Бүкіл Әлемдік банк 
құрамына енеді және дамушы елдердегі жекеменшік кәсіпорындарды 
қаржыландыруды ұйымдастырумен айналысады. 
4) Инвестициялық бәсекелес пен таластарды реттеу бойынша құрылған 
халықаралық орталық; 
5) Инвестициялық кепілдік беру мен айналысатын халықаралық агенттік 
(МИГА). 
Барлығы бүкіл жер шары бойынша олардың 40 астам бөлімшелері бар. 
Қазіргі кезеңде Бүкіл Әлемдік банк өзінің негізгі мынадай қызметтерді 
атқарады: 
1) 
қаржы-несиелік 
ресурстарымен 
және 
ұсыныстық-кірістер 
беру 
қызметтерімен экономикалық жағынан артта қалған елдердің дамуына жағдай 
жасайды; 
2) инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларына ұзақ мерзімдік несие 
беру арқылы дамушы елдерге көмек қөрсетеді; 
3) Әрбір адам басын ішкі ұлттық өнімнің (ШЖӨ) 1,2 мың АҚШ долларынан 
кем болатын елдерге арнаулы қаржылық көмек қөрсетеді. 
Бүкіл Әлемдік банктің инвестициялық белсендік арттыру үшін аса 
басымдылық нысандары: өнеркәсіптік өндіріс, ауылшаруашылығы, энергетика, 
көлік және байланыс,қалалық шаруашылықтың дамуы, сумен қамтамасыз ету, 
білім және білім және денсаулық жобалары болып табылады. 
Бүкіл Әлемдік банк, ресми аталуы халықаралық қайта құру және даму 
банкі (МБРР) шын мәнінде инвестициялық банк болып табылады және 
инвестициялық ассигнацияны алушы мен инвестор арасындағы делдал ретінде 
болып шығады. Бұл банктің иелері 170 елден аса тұратын Үкімет пен 
акционерлік қоғамның біріккен капиталы 180 млрд. АҚШ долларынан асып 
түседі. Қаржыландыру негізгі түрі ұзақ мерзімге несие беру,әдетте,15 – 20 
жылға және оны төлеуді 3 – 5 ж. кейін қалдырады, ал жыл сайын ЛИБОР 
(лондондық банк аралық пайыздық бойынша) пайыздық ставкасы 0,5% қосумен 
немесе оның орнына орташа 7 – 8% несиелер беріп отырады. 
Халақаралық даму ассоциясы (МАР) 1960ж. құрылған және шамамен 
МБРР шешетін мәселелерді атқарады. Одан басқа өте нашар дамыған МБРР 
шешетін мәселелерді атқарады. Одан басқа өте нашар дамыған елдерде 
артықшылықпен күрделі салым жасауды мақсат етіп қояды. Бұл ассоциация 


71 
басқа инвестициялық институттармен салыстырғаннда аса көп жеңілдіктермен 
несиелер береді, кейде ішінара пайызсыз. Мұндай жеңілдіктегі несиелерді алуға 
үміткер дамушы елдердің адам басына ішкі ұлттық өнімнің жылдық көлемінен 
600 АҚШ долларынан аспауы керек. Пайызсыз несиелер МАР-ға мүше 
елдердің Үкіметіне 32-40 ж. мерзімге,төлемді 10 ж. кейінге қондырумен 
білдіреді.Үкіметіне 35-40 ж. мерзімге төлемді 10 ж. кейінге қалдырумен береді. 
Егер несиені пайызсыз берген жағдайдың өзінде, оларға шамасы жылына 0,9%-
ға тең және банк қызметі үшін 0,78% төлемді қосумен береді. 
Халықаралық қаржылық корпарация (МФК), Бүкіл Әлемдік банктің 
құрылымында бола отырып (жоғарыда көресетілгендей) өзінің құқықтық және 
қаржылық еркіндігін сақтап отырады. Ол 1956 ж. құрылған және жекеменшік 
сектордың экономикалық дамуына қолдау көрсету мақсатымен құрылған. Бұл 
қаржы-инвестициялық институттың әлемдегі 140 елден аса салымшылары бар. 
Одан басқа халықаралық банктік капиталды тарта отырып,халықаралық 
ауқымдағы ірі инвестордың бірі болып табылады. 
Бұл корпарацияның несиелік саясатында өзінің ереже-тәртібі бар. 
Мысалы, несие әдетте жаңа жобалардың жалпы бағасасының 25%-ға дейін 
беріледі және қайта құру, кеңейту мен қайта жарақтандыру бойынша ол 
жобалар құнының 40% дейін несиелер береді. 
Осы айтылғандармен қатар корпарация (МФК) инвестициялық 
жобаларды жүзеге асыру кезінде техникалық және кеңестік көмектер көрсетеді. 
Несиені мақсатты және тиімді пайдалану үшін бақылау орнату мақсатымен 
корпарация қарызгерден міндетті түрде тоқсан сайын есеп пен жылдық 
қаржылық баланс әкеліп тапсыруды талап етеді,ал кейбір жағдайларда 
несиелендіретін нысанның басқарма құрамына өзінің өкілін делегаттайды. 
Халықаралық валюталық қор (МВФ) жоғарыда айтылғандай 1944 ж. 
құрылып,өзінің статусы бойынша БҰҰ-ң (ОНН) мамандандырылған мекемесі 
ретінде 1947ж. осы уақытқа дейін жұмыс жүргізіп келеді. Оның құрамына 178 
мүше-елдер, оның ішіне ҚР енеді. 
Қорға (МВФ) мүше болғысы келетін елдер ену жарнасы ретінде белгілі 
бір ақша сомасын квота түрінде төлейді. Бұл жарна (квота) мөлшері мүше-
елдердің,ынтасы мен оның экономикалық жағдайынан тәуелді болып келеді. 
Және бұл жерде атаған квота шешуші рөль атқарады (екі маңызды көрсеткіш 
бойынша): 1) қордың (МВФ) несие берудегі сомасын белгілеу кезінде; 2) 
қордың (МВФ) қызметіндегі саясатты анықтау кезіндегі квота мөлшеріне 
қатысты дауыс саны пропорциональды тәуелді болып келеді. Мысалы, АҚШ-
ның квота үлесі жалпы сомадан шамамен 20%-ды құрайды және осыған сәйкес 
салмақты дауыс үлесін алады. Жапония – 8%, Германия – 5,8%, Англия – 5,2% 
және т.б. 
Қордың (МВФ) қазіргі кезеңдегі негізгі атқаратын қызметі халықаралық 
валюта жүйесін қадағалауды жүргізу,мүше-елдердің ұлттық валютасын 
тұрақтандыруға қолдау жасау және төлемдік баланс қиындықтарын бастан 
өткізіп жатқан мүше-елдерге несие ресурстарымен көмектесу,содан соң осы 
елдерге жоғары аталған квота (жарналар) есебінен артықшылықпен арнаулы 
қарыз беру арқылы валюта қорларын толықтыруды жүзеге асырады. 


72 
Қаржы-несиелік көмек көрсетуден басқа өзінің мүшелеріне қор (МВФ) 
Вашингтондағы оқу институттарына да көмек береді, яғни экономикалық даму 
институтуы (ИЭР) арқылы техникалық және білімге байланысты көмектерді 
нарық экономикасына қызмет атқару жағдайы бойынша кеңестер мен 
ұсыныстарды Қорға мүше-елдер ала алады. 
Аталған бағыттар бойынша Қор (МВФ) біздің елімізге – Қазақстанға жан-
жақты көмек көрсетеді. Нарықтық қайта құрудың басыннан бастап Қор 
миссиясы ұзақ уақыт бойы ҚР ұлттық банкінде жұмыс жүргізді және бірқатар 
өкілеттік мекемелермен біздің еліміздегі өтпелі кезең жағдайын талдау мен 
зерттеу арқылы ұсыныстар жасап,тәжірибиелік көмек көрсетті. 
Халықаралық инвестициялық институттар ішінен салыстырмалы жаңа 
ұйым болып Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕБРР) құрылды. Ол, 1991 
ж. көкек айыннан бастап операцияларды жүргізеді және басшылар мен штаб-
пәтері Лондонда орналасқан. Банктік өкілеттіктері әлемдегі көптеген елдерде 
бар, ал қазір онда 40 елден аса мүше бар. 
Өзінің жарғысына сәйкес,бұл банк бұрынғы социалистік кеңістіктегі 
елдерге нарық жағдайындағы шаруашылыққа көшуде қолдау жасап,несиелік 
және техникалық көмек көрсетуде. 
Еуропалық қайта құру және даму банкі біздің елімізге де белсенді түрде көмек 
беріп келеді. Мысалы, «Қазкоммерцбанк» арқылы 40млн АҚШ долларында 
ұзақ мерзімдік несие берілді және барлығы Қазақстан экономикасына 
(01.07.1999 ж.) өзінде 800 млн. долардан аса несие бөлінді. Бұл банк несие беру 
қызметінде әлемдік тәжірибиедегі жалпы қабылданған стандарттар аясындағы 
икемді несиелік саясатты ұстанады. Сол сияқты банк, басқару кадрларын 
даярлауда үлкен қолдау көрсетіп практикалық көмек береді және әртүрлі 
деңгейдегі мамандардың нарықтық бағыттағы біліктілігін арттыруға да көмегін 
көрсетеді. Осы мақсатта Банк (ЕБРР) Халықаралық валюта Қоры, Бүкіл 
Әлемдік банк және Еуро Одақтың қатысуымен Біріккен веналық институт 
құрылған болатын. Осы жерде бұрынғы социалистік кеңістіктегі елдердің 
шаруашылық субъектілерімен бірге банк мамандары нарық жағдайындағы 
шаруашылықты жүргізу бағдарламасы бойынша оқу оқып, стажаровкадан өтіп 
және тәжірибие алмасады. Біздің еліміздің көптеген мамандары, оның ішінде 
Ұлттық банктің, Қаржы министрлігін, мемлекет инвестициялық Комитетінің 
мамандары осы институтта оқып, оны бітіріп және оқуын жалғастыруда. 
Халықаралық инвестициялық институт ретінде Еуропалық қайта құру 
және даму банкісін атқаратын қызметі сияқты Азиялық даму банкісі өз 
жұмысын жүргізеді. Бұл банк 1965 ж. құрылған. Қазіргі кезде оның мүшелері 
болып 47 ел болып табылады. Оның ішінде дамушы елдермен қатар нарықтық 
экономикасы дамыған Жапония, Австралия сияқты елдер де бар. 
Еуропалық банк (ЕБРР) сияқты Азиялық даму банкінің де мүше-елдердің 
жарналарынан қалыптастыратын арнаулы қоры бар,содан соң бұл қор 
инвестициялық қызметтің пайдасы есебінен де құрылады. Бұл қордың 
қаржылары төменгі рентабелді нысандарды жеңілдікпен несиелеуге арналған, 
бұл әлсіз дамыған елдердің экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымның 
біртұтас дамуы үшін қажетті болып табылады. 


73 
Банк өз ресурстарын қалыптастыру үшін әлемдік капитал нарығындағы 
қарыздық 
қаржыларды 
тарту 
мақсатымен 
айтарлықтай 
мөлшердегі 
облигациялар щығаруды қолданады. 
Азиялық даму банкі 30% аса несие ресурстарын жеңілдік жағдайда 
жылдығы 1,5 – 4,5% ставкамен 40жыл мерзімге дейін несиелер береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет