Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2019ж



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата08.11.2022
өлшемі305.2 Kb.
#464286
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ЛекБалЖас.Ждист (pdf.io)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1.
1923-1925 жылдар арасындағы кезеңді дене тәриесі


2.
1931 ж. дене тәрбиесі
3.
«Олимпийский спорт» оқулығы қашан жарыққа шықты
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық
кезеңдері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 2010, 1-20 беттер. 
2. Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағы және үйірмедегі футбол
сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 2011, 22 бет. 
3. Қоражанов Б.К. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты М.,
2012, 1-85 беттер.
ЛЕКЦИЯ №4 - №5
Тақырып:

Балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесінің қызметі. Кешенді ықпал 


ететін педагогикалық жүйесі ретіндегі спорттық дайындық
 
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1. Бүтінді оқып үйрену құрылымды талдау
2.
Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығының жалпы
жүйесін түсіндіру
3.
Соғыстан кейінгі өскелең ұрпақтың спорттық дайындығы туралы ғылымның 
қалыптасуын талдау
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ 
Бүтінді оқып үйрену құрылымды талдау арқылы жүргізіледі, оның сипатында
құрамдас бөлшектердің өзара байланысы, қарым – қатынасы мен байланысы, жүйе түзуші
байланысы, сабақтастық құрылымы, құрамдас бөліктердің мінез құлқы мен бүкіл
құрылым тәрізді пәндер қарастырылады.
Жүйелік амалдың ой – түйіндерін қолдана отырып, ғалымдар спорттық
дайындықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін, әдістері мен
құралдарын, сабақ түрлерін, жаттықтыру айналымдарын жеткілікті деңгейде әзірледі.
Спорт ілімі арқылы /Платонов, 1987, 1997/ спортшының жағдайын басқару
механизмі жасалды, ал оның өте жоғары спорттық нәтижелерге жетуіне арналған жаңа
деңгейге өтуін дұрыс жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл спортшының спорттық
дайындығының негізгі құрамдас бөліктерін түзетіп, оның жағдайын бағалауға
көмектесетін педагогикалық және дәрігерлік бақылау аясында жүргізіледі. 
Бұл мәліметтер жас спортшылардың көпжылдық дайындық сатыларының
мазмұнын зерттеу үшін (Деркач, Исаев, 1985; Платонов, 1987, 1988, Филин, 1987, Алабин,
1993) сондай – ақ балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығын басқару жүйесін
әзірлеу үшін негіз болды. Жасалған технологияға сәйкес басқару (1.4 - сурет) бірқатар
операциялардан құралады. Шешім қабылдау, орындауды ұйымдастыру, ақпаратты жинау
және сараптау, қорытынды жүргізу. Жас спортшылардың әзірленген дайындық
технологиясы негізінде жүйені басқарудың классикалық принциптері жатыр. Нысанды
зерттеу ықпал ету стратегиясын әзірлеп, оны қолдану, бақылау мен түзету. 
Сонымен, қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығының
жалпы жүйесін, сондай – ақ оның дене, техникалық, ілімдік, тәсілдік және психологиялық
жекелеген құрамдас бөліктерін басқарудың негізгі ережелері жасалды.
Спорттық дайындықты басқару педагогикалық ықпал бағытталатын нысанды
түбегейлі зерттеуді қарастырады. Бұл нысан – іс барысы белгілі бір заңдылықтарға
бағынатын жас спортшының өскелең, дамушы ағзасы болып табылады. 
Дене дайындығының мазмұнын анықтайтын шапшаңдық, күш, төзімділік,
икемділік пен ептілік жас ерекшеліктері тұрғысынан гетерохронды дамиды. Әлемнің түрлі


аймақтарында тұратын балалардағы даму қарқынының ұлғаюы, оның төмендеуі мен
көтерілуі нақты қарастырылады (1.5, 1.6 - сурет)
Бұл мәліметтер жас спортшылар дайындығының әр бір сатысы үшін педагогикалық
жаттықтыру ықпалының бағытын анықтау негізінде кірістірілді.
Дамушы ағзаны бүтін өзгермелі жүйе ретінде зерттеу жаттықтыру жүктемелерінің
жалпы мөлшерін, оның түрлі жас кезеңдеріндегі қарқын алуын анықтауға мүмкіндік
береді.
Соғыстан кейінгі өскелең ұрпақтың спорттық дайындығы туралы ғылымның
қалыптасуын талдай отырып, В. Филин (1987) 1950-1960 жылдардағы жұмыстарға тән
жекелеген мекемелерді зерттеуден соңғы жылдардағы спорттық дайындықтың бүтіндей
даму жүйесі заңдылықтары туралы, жас спортшылардың жас ерекшеліктерінің дамуы мен
көпжылдық дайындық сатыларының мазмұнына негізделетін қызметі бар ғылыми талдау
еңбектеріне дейінгі бірнеше кезеңдерде балалар мен жасөспірім спортының өзекті
мәселелерін даярлау бастан өткергенін айтты. Бұл бағытта көптеген ғылыми жетістіктерге
жетті, оның нәтижелері әлемнің түрлі елдеріндегі балалар мен жасөспірімдер спортының
іс-тәжірибесінде кең қолданысқа ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет