Экология негіздері


Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс-əрекеті



Pdf көрінісі
бет40/85
Дата13.11.2022
өлшемі0.7 Mb.
#464685
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
pdf1548088102

Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс-əрекеті 
«Жарамсыз заттан жарамды зат жасау». Қоқыстарды табиғат 
аясына лақтырмай керісінше жарамды затқа айналдыру.
Сүт, шырын қорапшаларынан арнайы қобдиша əзірлеу. 
Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен 
сұрақтар құрастыруға тапсырма беру. 
Балаларға түсінікті жəне қарапайым суреттерді қолдану.
Үлгі сұрақтар: Табиғатқа зиян келтіретін қандай іс-
əрекеттер бар? Пайдалы іс-əрекет дегеніміз не? Табиғатты 
қалай қорғаймыз? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай 
түсінесіндер? Табиғатта қандай өзін-өзі ұстай білу ережелері 
бар? т.б. 
Ағаш, су, күн сəулесі, 
қошақан, лақбейнеленген
карточкалар


54 
ҰОҚ қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік танысу 
керек. 
Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер, жануарлар. 
Табиғатқа қамқорлық – табиғатты зиян заттардан 
қорғап, оны сақтап қалу. 
Пайдалы іс-əрекет – нəтижесінде жақсы көрсеткіштер 
болатын іс-əрекет.
Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана 
қалдыратын амалдар.  
Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережесі – қоршаған 
ортаға зиян келтірмеуге көмектеседі. 
Əліппе-дəптермен жұмыс. 
1. Сурет бойынша жұмыс. Балалардың іс-əрекетін дұрыс деп 
ойлайсыңдар ма? Суреттен нені байқадың, мұндай жағдайда
сен қандай əрекет жасайтын едің? 
2. Сурет бойынша ісі дұрыс балаға алғыс ойлап айтады, ал ісі 
теріс балаға қалай ақыл айту керектігін айтады.
3.Сен табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерін естеріне 
түсіреді.
4. «Бір тал кессең, он тал ек» мақалын қалай түсінесің? 
Мағынасын ашады. Сурет салады. 
Тірек сөздер 
Əліппе- дəптер 
IV. ҰОҚ қорытындысы. 
Рефлексия. 
28-30 мин. 
(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: 
Қоршаған ортаның тазалығы бүкіл тіршілік атаулы үшін 
маңыздылығы зор. Табиғатта өзін-өзі ұстай білу ережелерін 
ұстана білу қоршаған ортаның жойылып кетпеуіне, оған 
деген қамқорлық таныта білуге көмектеседі. 
Рефлексивті бағалау. 
Педагог балаларға жапырақты түсті қарындашпен бояп 
шығуға ұсыныс жасайды. 
 
Əліппе-дəптер, түрлі 
түсті қарындаштар.


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет