өзегерісіне ие болады, екінші бөлімі объектіден тыс өтеді. Интерференцияның
натижесінде əртүрлі қалындықтағы, немесе əртүрлі
тығыздықтаты клетка бөлімі
бір-бірінен ерекшеленгені байқалады. Осы кұрал арқылы фазалар қозғалысын өлшей
отырып объектінің кұрғақ зат массасын жəне концентрациясын анықтауға болады.
Поляризациялық микроскоп
Поляризациялық микроскоптың көмегімен субмикроскопиялық
компоненттері
тəртіппен орналасқан биологиялық кұрылымдарды (коллаген талшықтары,
миофибрилдер) зерттеуге болады. Жарық толқындарын белгілі бір поляризация бағытына
бағыттайтын конденсорлы шынының алдына поляризатор орналасады.
Зерттейтін
препарат жəне объективтен кейін анализатор орналасады, ол жарық толқынына сол
жазықтықта өткізеді. Поляризатор мен анализаторлар-призмалар (николь призмасы). Егер
екінші призманы (анализатор) бірінші призмаға карағанда 90°С бұрсак,
онда жарық
түспейді. Осы екі призманың арасында екі қабатты сəуле шағылыстыратын немесе
поляризация жасайтын қабілеттілігі бар объектілер болса,
онда ол қараңғы ортада жарық
шашқандай болып көрінеді
Достарыңызбен бөлісу: