Клетка биологиясы docx



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата19.11.2022
өлшемі329.02 Kb.
#465227
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Клетка биологиясы.docx

Электронды микроскоп
Электронды микроскоптың көрсеткіштік қабілеті өте жоғары. Қазіргі электронды
микроскоптың көрсеткіштік кабілеттілігі 0,1-0,3нм-ге дейін жетеді. Электрондық
микроскоптың кұрылыс принципі жарық микроскопына ұқсас, сəулелерінің рөлін электр
тоғымен кыздырылған вакуумда орналасқан V пішінді фольфрам жібі электрондар
тасқынының қызметін атқарады, əйнек линзалардың орнында электромагниттік линзалар
орналасқан. Жарық микроскопының объективі мен окулярының орнына электрондық
микроскоптың магниттік катушкалары сəйкес келеді. Электронды микроскопта (ЭМ)
міндетті түрде ваккум болуы қажет, себебі ауада электрондар алысқа кете алмайды, оттегі,
азот немесе көмір қышқыл газы молекулалармен кездессе, олар бөгеліп өз жолын өзгертіп
шашырай кетеді. Электрондар тасқынының бағытын қажетіне қарай қуатты электр орісі
немесе магнит өрісімен өзгертуге болады. Электрондардын жылдамдығы үдесе,
электрондық микроскоптын шешуші қабілеті артады.
Электронды микроскоптын экраны мен фотопластинкада 50 000 есе үлкейтуге,
фотошығаруда одан да көп есе үлкейтуге (10) болады. Қазіргі уақытта
флуоресценцияланатын экраннан электронды-микроскопиялық суреттерді сандық
телекамерамен компьютерге беріледі. Принтерді пайдалана отырып, суреттерді шығара
алады. Электронды микроскоптың көмегімен металл мен кристалды торларда зерттеуге
қолданады.
Электронды микроскоптарда жарықтың орнына электрон сəулелері қолданылады,
осыған байланысты қолданылатын қуаттың күші 50—100 кВ-қа дейін барады, ал толқын
ұзындығы 0,056—0,035 А°-ге жетеді. Толқын ұзындығы неғұрлым қысқа болса,
микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі соғұрлым артатының физика курсынан жақсы
білеміз. Осыған байланысты электронды микроскоптардың көрсеткіштік қабілеттілігі
—1— 7А°-ға, ал үлкейткіштік қабілеттілігі 600 000-ға дейін жетеді. Электронды
микроскопты пайдаланып қалыңдығы 400—600А° препаратты көруге болады, өйткені
қалың препараттан электрондар өте алмайды, олардың өткізгіштік қасиеті нашар.
Электронды микроскопқа препарат дайындайтын приборды ультрамикротом деп атайды.
Осы прибордың көмегімен жұқа кесінді жасап, оны объекті торына бекітіп, арнайы
бояулармен бояп, электронды микроскоппен қарайды. Электрон сəулелері препарат
арқылы өткенде объектінің үлкейтілген «көлеңкесі» экранға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет