Клетка биологиясы docx



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата19.11.2022
өлшемі329.02 Kb.
#465227
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Клетка биологиясы.docx

Пластидтер.
Пластидтер - өсімдіктер клеткаларында (саңырауқұлақтар мен кейбір балдырларда
болмайды) кездесетін органоид. Пластидтерді пигменттерінің құрамына қарай
хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп үш түрге бөледі. 
Олар бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Хлоропластар өзінің бойындағы
хлорофилл пигменттері арқылы Күн сəулесінің жарық энергиясы арқылы бейорганикалық
заттардан органикалық заттар синтездейді. Бұл процесті фотосинтез деп атайды.
Фотосинтез реакциясын былайша көрсетуге болады:
СО2+6Н2О=С6Н12О6+6О2
Хлоропластардың құрылысы митохондриялардың құрылысына ұқсас болғанымен
де көптеген ерекшеліктері де бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді,
оның ұзындығы 5—10 мкм, ені 2—4 мкм. Хлоропластардың саны əр өсімдікте əр түрлі,
жоғары сатыдағы өсімдіктерде 10— 30 шамасында. Хлоропластарды ішкі жəне сыртқы
мембраналар қоршап жатады, олардың, қалыңдьғы 7 нм. Хлоропластардың ішіне
орналасқан стромалардың ламеллаларын құрайтын жəне тилакоидтардың құрамына
кіретін мембраналарды байқауға болады. 
Строманың ламеллаларын құрайтын мембраналар жалпақ қапшықтар тəрізді: олар
хлоропластардың ішкі мембранасымен тығыз байланысып, бір-біріне параллель
орналасады.
Жалпак, жабық мембраналы қапшықтар — тилакоидтер бірінің үстіне бірі
орналасып, граналар түзеді. Бір гранада 50-ге дейін тилакоидтер бар. Хлоропластың
барлық граналары өзара мембраналар арқылы байланысқан. Хлорофилл осы граналарда
шоғырланғандықтан, мұнда фотосинтез процесі жүреді.
Хлоропластардың матриксында нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) жəне
рибосомалар орналасады. Хлоропластардың рибосомалары белок синтезін жүзеге
асырады.
Цитоплазма: Тірек қимыл жүйесі (цитоқаңқа)
Клетка өзінің өмір сүру процесінде күрделі қимылдар жасайды. Ондай қимылдарға
хромосомдардың полюстерге жылжуы, клетка органеллаларының көшіршіктерінің
қозғалуы, клетканың үстіңгі бетінің қозғалысы қимылдарды айтуға болады. Кейбір
өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының цитоплазмаларының қозғалыстарын байқауға
болады. Кейбір бірклеткалы организмдер ерекше қимыл қызметтерін талшықтары немесе
қыл аяқтары арқылы іске асырады. Кейбір көпклеткалы организмдерде маманданған
бұлшық ет ұлпаларында ерекше қимыл қызметтерін атқаратын миофибриллдер
орналасады. Сонымен, барлық қимыл қызметтерін атқаратын құрылымдардың жалпы
ұқсас молекулалық механизмі болады. Сонымен қатар қимыл қызметтерін атқаратын
клеткаларда қимыл аппараттарынан басқа тірек қызметін атқаратыны туралы мағлұматтар
жеткілікті. Бұл құрылымдар XX-ғасырдың 50 жылдары электронды микроскоптың
көмегімен толықтай ашылды деп айтута болады.
Иммунофлуоресценция тəсілі арқылы клетканың цитоскелетінің құрамы жане оның
динамикасы анықталды. Цитоскелеттің құрамы жіпше тəрізді белоктар кешендерінен
немесе филаменттерінен тұрады.
Химиялық құрамы, нəзік құрылысы жəне қызметтері жағынан филаменттердің үш
түрін атап өтуге болады. Ең жіңішке микрофиламенттер олардың диаметрлері 6 нм


шамасында, құрамы актин белогінен тұрады. Екінші түрі - диаметрі 25 нм, құрамы белок
тубулиннен тұратын - микротүтікшелер Үпінші топтың құрамы - аралық филаменттерден
тұрады. Олардың диаметрі 10 нм, негізінде құрамы жағынан туыстас белоктар болып
келеді.
Осы айтылан үш құрылым үшеуі де клетка компоненттерінің жəне клеткалардың
қимылдау жане қаңқа қызметтерін атқаруда үлкен рөл атқарады Эукариот жəне прокариот
клеткаларында жіпшелі құрылымдар цитоқаңқа қызметін атқарады. Бұл құрылымдар
əртүрлі клеткаларда əртүрлі болып келеді. Мысалы, эпидермистің құрамында аралық
филаменттер кездессе, бұлшық еттердің құрамында - актин жіпшелері, меланоциттерде
жəне нерв клеткаларынын өсінділерінде - микротутікшелер кезедеседі.
Клетка қаңқасының құрамына кіретін құрылымдардың жалпы ұқсастығы кездеседі:
біріншіден олар белоктардан тұрады, екіншіден тарамдалмаған фибриллді (жіпшелер)
полимерлерден, үшіншіден олар тұрғылықты болмайды, полимерленеді жəне кері
деполимеризацияға ұшырайды. Осы құрылымдардың тұрғылықты болмауының
салдарынан клеткалардың пішіні өзгеріп отыратыны байқалады.
Цитоқаңқаны өзінің қасиеттері жəне қызметтері жағынан екі топқа бөлуге болады.
Каркастың құрамды жіпшелер-аралық филаменттер, сонымен қоса тірек-қимыл
микрофиламенттері, мысалы актинді микрофиламенттер миозинмен қарым-қатынаста
болады.
Цитоқаңқаның екінші тобына-микрофиламенттер мен микротутікшелер жатады.
Олардың қимыл қызметтерін əртүрлі тəсілдер арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет