(гидролаза) көмегімен келген заттарды қоршап алып оларды ыдыратады (полимерді
мономерлерге дейін). Ыдыраған заттар гиалоплазмаға түседі де əр түрлі зат алмасу
процестеріне қатысады. Кей жағдайларда екінші лизосомалар биогенді материалдарды
толық ыдырата алмайды, мұндай жағдайда
қорытылмай қалып қояды, сондықтан екінші
лизосом телолизосомға немесе қалдық денеге ауысады. Қалдық денешіктерде
ферменттердің саны екінші лизосомдарға қарағанда аз болып келеді, кей жағдайларда
қалдықты денешіктерде қорытылмаған заттар тығыздалып, өзінің бұрынғы қүрылысын
өзгертеді. Қалдықты денешіктер клеткадан экзоцитоз жолымен
шығады немесе клеткада
қалып қояды (липофусцин). Адам қартайғанда организмдердің құрамында, əсіресе, ми
клеткаларында, бауырда жəне бұлшық ет талшықтарының телолизосомдарында
липофусцин пигменті көп болады. Бұл пигментті «қартаю пигменті» деп те атайды,
өйткені бұл пигмент организмде өлгенге дейін сақталады.
Лизосомалар барлық эукариотты клеткаларда жəне қарапайымдарда,
саңырауқұлақтарда, бір клеткалы төменгі сатыдағы өсімдіктерде кездеседі.
Лизосомалардың көп-аздығы клеткалардың атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
Мысалға өзінен əр түрлі заттарды шығаратын немесе сіңіретін,
қорғаныш қызметін
атқаратын клеткаларда лизосомалар көп мөлшерде кездеседі. Мұндай клеткаларға
макрофагтар, лейкоциттер, бауыр жəне бүйрек клеткалары жатады. Кейбір болжамдар
бойынша лизосомаларда активті рецепторлы аппарат бар деген түсініктер айтылып жүр.
Лизосомалар осы рецепторлардың көмегімен цитоплазмада еркін қозғалады жəне
фагосомдармен түйіскенде олардың мембранасын жойып жібереді. Осы болжам бойынша
рецепторлардың қызметін мембрананың сыртына орналасқан изоферменттер орындайды.
Ал енді лизосомалардың қозғалуына микротүтікшелер үлкен қызмет атқарады.
Аутолизосомалар (аутофагосомалар) қарапайымдылардың,
өсімдіктер мен
жануарлардың клеткаларында əр кез кездеседі. Аутолизосомалар вакуоляларының
құрамында əр түрлі. Органоидтардың қалдықтары (митохондриялардын, эндоплазмалық
торлардың, рибосомдардың, пластидтердің) бар. Аутолизосомалардың пайда болуы жəне
қызметі əлі де толық зерттеліп біткен жоқ.
Аутолизосомалар саны клеткалардың патологиялық процестерінде күрт көбейеді.
Бұдан клеткалардың өлуі тек қана лизосомалардағы ферменттердің əсерінен болады деген
түсінік тумаса керек. Əр түрлі эксперименттер бойынша клетканың өлуі лизосомалардағы
гидролаза ферменттерінің гиалоплазмаға шығуына дейін жүретіні анықталады. Ал
гидролаза ферменттері клетка өлгеннен кейінгі процесіне қатынасатыны белгілі.
Сонымен
қорытып айтқанда, лизосомалар эндоплазмалық тор жəне ГА-ының
активті қызметтерінен пайда болады, ол өздігінше жаралмайды, негізгі қызметі клетка
ішіндегі эндогенді жəне экзогенді макромолекулаларды ыдырату болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: