(10-сурет).
Бұл аппаратта белоктар, майлар, көмірсулар синтезделеді жəне лизосом
органоиды осы Гольджи кешенінен бөлініп, жеке шығады. Гольджи аппартының секрет
шығару қызметі қарын асты безінің эндокрин бөлігіндегі клеткаларында жан-жақты
тексерілді. Бұл клеткалар көп мөлшерде зимоген секреттерінің түйіршіктері болады. Олар
негізінде қапшықтармен түтікшелерде жиналып, секретке толған вакуольдер түрінде
бөлініп шығады. Зимоген секретінің химиялық құрамы əр түрлі ферменттерден тұрады:
протеазалар, липазалар, нуклеазалар, карбоамуразалар. Сонымен, ГА-ы өзіне түскен
заттарды тасымалдауда жəне клеткадан шығаруда үлкен рөл атқарады.
ГА-ының
аймағында зат алмасу процесі де жүреді.
Өсімдіктер клеткаларының Гольджи аппаратында клетка қабатының матриксі
полисахаридтер синтезделеді (гемицеллюлозалар, пептидтер). Мұнда сөлдер мен
муциндерді синтездеуде, оларды шығаруда диктисомалар үлкен қызмет атқарады.
Плазматикалық мембрананың бетінде болатын целлюлоза арнаулы ферменттер жүйесінің
комплексі арқылы синтезделеді. Ал бұл ферменттер жүйесі осы Гольджи
аппаратының вакуольдерімен келеді.
ГА-ының атқаратын қызметіне қарай оның мембраналары да плазмалеммамен
тікелей байланыста болады.
Клеткалардың бөліну барысында Гольджи
аппараты диктисомаға дейін
бөлшектеніп кетеді. Клеткалар өскенде диктисомалардың саны да өседі, бірақ бұлардың
қалай есетіні осы күнге дейін əлі толық анықталған жоқ. Ядро қабаты мен Гольджи
аппаратының мембраналары арасындағы байланысты зерттей келе кейбір оқымыстылар
оның ядро қабатынан бөлінген мембраналардан пайда болады деп жорамалдайды.
Гольджи аппараты барлық зукариотты организмдердің клеткаларында кездеседі (тек қана
сүтқоректілердің эритроциттерінде кездеспейді).
Достарыңызбен бөлісу: