арқылы жалғасады. Əр центрольдердің сыртында құрылымсыз
немесе жұқа талшықты
матрикс жəне центросфера құратын қосымша микротүтікшелер болады.
Жарық микроскопымен көрінетін клетка. орталығындағы сəуле тəрізді аймақты
(центросфера) электронды микроскоппен тексергенде оның микротүтікшелерден
тұратыны анықталды. Интерфазада микротүтікшелердің пайда болуына осы қосымша
кұрылыстардың (центросфера, матрикс, сателлиттер) маңызы зор.
Осы қосымша
құрылыстардың көмегімен тубулиннен микротүтікшелер пайда болады.
Центрольдердің химиялық кұрылысы толық анықталған жоқ, өйткені олардан таза
фракция алатын əдістер əлі де жеткіліксіз. Бірақ та тубулиннің микротүтікшелердің
құрамына кіретіні белгілі. Егер де
колхицинді клеткаға жіберсек, «аналық»
центрольдердің сыртындағы микротүтікшелердің өсуі кенет тоқтайды. Талшықтардың
құрылыстары да осы центрольдің құрылыстарына жəне химиялық құрамына ұқсас келеді.
Клетка орталығы бөлінетін клеткаларда ұршық жіпшелерін құруда үлкен қызмет
атқарады. Центрольдердің көмегімен интерфазада клеткалардың
полюстерін анықтауға
болады. Негізінде клетка орталығы Гольджи аппаратына тақау орналасады жəне клетка
ядросымен тығыз байланыста болады. Егер ядро фракциясыи центрифуга əдісімен бөліп
алатын болсақ, оның құрамында центрольдердің болатынына бірден көз жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: