Клетка биологиясы docx



Pdf көрінісі
бет12/38
Дата19.11.2022
өлшемі329.02 Kb.
#465227
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Клетка биологиясы.docx

Гиалоплазма
Гиалоплазманың құрамында белоктар, цитоплазмалық ферменттер көрінеді.
Эукариотты клеткалардағы белоктың 20—25%-і осы гиалоплазманың кұрамында бар.
Бактерия клеткасының гиалоплазмасы барлық белоктардың 50%-тін қамтиды.
Гиалоплазма матриксында гликолиз ферменттері, қант метаболизміне қатысатын
ферменттер, азот негіздері, аминкышқылдары, майлар жəне т б. күрделі қосылыстар бар.
Матрикс кұрамында белок синтездеу барысында аминқышқылдарын күшейтетін
ферменттер де баршылық. Гиалоплазма — клетканың барлық құрамдарын біріктіріп
тұратын жəне бір-бірімен химиялық қатынасын камтамасыз ететін орта. Гиалоплазма
арқылы клетка ішіндегі аминқышқылдары, нуклеотидтер: (қанттар, майларды тасымалдау)
процесі жүреді. Гиалоплазма АТФ молекулалары жинақталатын орын. Мұнда гликоген.
май тамшылары сияқты қоректік заттар жиналады.
Соңғы жылдары меговольтты электронды микроскоптың көмегімен К. Р. Портер
клетканың гиалоплазмасынан микротрабекулярлық тор тапты. Осы тордың негізінде
цитоплазманың ішкі (2-нм) талшықтардан түратының байқаған. Трабекуля жүйесі —
гиалоплазмадағы бүкіл жүқа түтікшелерді, жіпшелерді, мембраналы органеллаларды жəне
плазматикалық мембрананы біріктіріп тұратын тор. Трабекуля- тордың түйісетін не
қосылатын нүктелеріне рибосомдар I (полисомдар) орналасады. Сонымен трабекуля
жүйесі гиалоплазманы белоктарға бай полимерлі фазаға жəне трабекулялар арасындағы
сүйықтық фазаға бөледі. Трабекуля жүйесі клетканың ішкі тірегі болумен қатар,
цитоплазмадағы ферменттердің орналасуын реттеп отырады. Трабекуля жүйесі
қозғалмалы жүйе. Ол сырттан келген əсерлердің салдарынан ыдырап та кете алады.


Цитоплазма мембраналары.
Клеткада кездесетін барлық мембраналар (плазматикалық органоидтардың
мембраналары). 
Мембраналардың
кұрылыстарын
анықтайтын көптеген модельдер
ұсынылды. Олар негізінде белоктар мен фосфолипидтердің байланысын көрсетеді. Кейбір
модельде мембрана үзілмейтін қатпарлы құрылым (а) кейбіреуінде мицелла (б) түрінде
көрсетіледі. Мембрананың ішкі глобулярлы түйіршіктері ашылғаннан кейін
мембраналарды белоктар кіретін сұйық қүрылым ретінде қарайды жəне ішкі клетка
мембраналары кұрылысы жəне химиялық құрамы жағынан бір- біріне ұқсас келеді.
Электронды микроскоптан мембрананың үш кабаттан тұратының анық көруге болады.
Ортаңғы ашық кабат бимолекулалы май қабатынан, ал шеткі күңгірт қабаттары белок
молекулаларынан түзіледі (6-сурет). Клетканың сыртқы қабаты (плазматикалық) оны
сыртқы ортадан бөліп тұрады, ал ішкі мембраналар көпіршік түрінде келіп, өзінің
құрамындағы заттарды цитоплазмадан ажыратады.
Клетка цитоплазмасындағы мембраналар қуыстар, түтікшелер немесе көпіршіктер
жасап, өздерінің ішіндегі заттарды гиалоплазмадан бөліп, күрделі тор құрайды. Мұндай
мембраналарға митохондрия, пластидтер, эндоплазмалық торлардың мембраналары
жатады (6-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет