клеткалар цитоплазмасының əртектілігі оның құрамында гиалоплазманың болуынан.
Гиалоплазма мембраналы жəне мембранасыз компоненттерден тұрады. Мембраналы
компоненттерге митохондриялар, пластидтер,
эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты,
лизосомалар, ал мембранасыз компоненттерге центрольдар, рибосомдар,
микротүтікшелер, микрофиламенттер жатады. Цитоплазманың кұрамындағы жоғарыда
аталған компоненттер бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
Клетканың зат алмасу процесінде гиалоплазма үлкен рөл атқарады. Цитоплазманың
негізгі матриксы (негізгі плазмасы) болып саналатын гиалоплазма —
клетканың өте
маңызды бөлімі. Электронды микроскоптан қарағанда цитоплазманың кұрамында
гомогенді жұқа түйіршікті денелердің, бары байқалады. Цитоплазманың физикалық жəне
химиялық ерекшеліктеріне келетін болсақ, ол негізінде кұрамында белоктар,
нуклеин
қышқылдары, көмірсулар болатын күрделі қоймалжың заттардан тұрады. Бұл жүйе сұйық
күйден қатты күйге немесе керісінше ауысып отырады. Бұл жағдай көбіне сыртқы
əсерлермен байланысты. Егерде клеткаға жоғарғы гидростатикалық қысыммен əсер ететін
болсақ, цитоплазма қатаймай сұйыла бастайды. Бұл құбылыс молекулалардың арасындағы
байланыстардың нашарлауынан туады. Физика-химиялық жəне электронды-
микроскопиялық əдістерді қолдана отырып зерттеулердің арқасында
негізгі плазма деген
түсінік пайда болды. Бұл көп компонентті цитоплазманың жұмысын реттеп, үйлестіріп
тұратын жүйе болып саналады.
Атқаратын қызметтеріне карай цитоплазманың əрбір бөлімдері өздерінің агрегатты
күйін өзгертіп отырады. Мысалы, кейбір жағдайларда тубулин-белоктарының
молекулалары цитоплазмада шашырап, ал белгілі
бір мезгілде жинақталып,
микротүтікшелер түзеді. Микротүтікшелердің өздігінен жиналуы— қайтымды процесс.
Егер де клетканың өмір сүру жағдайын өзгертсек (қысымды көбейтсек немесе клетка
мембранасының өзгергіштігін өзгертсек), онда микротүтікшелер тубулин молекулаларына
дейін ыдырап кетеді. .Сонымен гиалоплазмада белок молекулаларының кешені пайда
болып жəне ыдырап отырады. Егер клетка гомогенатынан оның ядроларын,
мембранадан
тұратын органоидтарын, рибосомдарын тұндырып алып, қалған сұйықтықты (цитозоль)
тексерсек, онда оның күрамында гиалоплазманың негізгі химиялық құрамын табуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: