Б. Жылқыбекұлы
ф. ғ. к., доцент
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ҮЛКЕН» СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
In this paper the author is observing the inappropriate way of using the word «huge»during the
speech. Furthermore he shows examples of incorrect use of word, which causes the bad influence
to the language.
Қазіргі қазақ тілінде тұрмыста қолданып жүрген қарапайым сөздердің кейбір жерлерле
орынсыз қолданылуы көп кездесіп отыр. Мысалы, «үлкен» сөзі бүгінгі ақпарат құралдары
мен басылымдарда және күнделікті тұрмыста өз орнын таппай, өгейсіп бара жатқан айдын
анық. Мысалы: «үлкен табысқа жетті», «үлкен еңбек сіңірді», «үлкен сахнада өнер көрсетті»,
«үлкен медаль алып қайтты», «үлкен әсер етті», «үлкен жазушы», «үлкен шара қолданды»,
«үлкен пікірталас», «үлкен сын айтты», «үлкен сезім», «үлкен рахмет» деген сөз тіркестеріндегі
«үлкен» сөзі берілген тіркестерде өз орнын тауып тұрған жоқ. Бұл сөз тіркестерін атам
қазақ «зор табысқа жетті», «елеулі еңбек сіңірді», «көрнекті немесе абыройлы сахнада өнер
көрсетті», «алтын немесе күміс медаль алып қайтты», «терең әсер етті», «көрнекті немесе
әйгілі жазушы», «қатаң шара қолданды», «даулы пікірталас», «өткір сын айтты», «пәк сезім
немесе нәзік сезім», «көп рақмет» деп, сөздердің өзара қиылысу қисынына негізделе отырып,
қолданбаушы ма еді?! Тіпті, көркем әдебиеттерде «үлкен махаббат пен үлкен жетістік үлкен
тәуекелді қажет етеді» деген сөйлемдегі «үлкен» сөзінің өз қисынын таппай, арт-артынан үш
рет қолданылуын кездестіруге болады.
Біз сөз етіп отырған «үлкен» сөзі түрлі ақпарат құралдары мен басылым беттерінде осы
қарқынмен қолданыла беретін болса, сөздік қорға ерекше бай, шұрайлы тіліміз енді бір аз
жыл өткен соң, табиғи түрде солғын тартып, құлази бастайтындығы ақиқат. Сондықтан бұл
мәселеге ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп жүрген редакторларымыз
бен журналистеріміздің ерекше көңіл бөлуі қажет.
|