| 63
• лингвистикалық: Жамбыл шығармашылығы негізінде теңеулер, мақал-мәтелдер,
прецедентті есімдер, фразеологизмдер т. б.
тілдік бірліктер игеріледі;
• мәдениаралық: өзге ұлт аудиторияларында Жамбыл шығармашылығы арқылы қазақ
мәдениетінен хабардар ету, парасаттылық дағдыларын қалыптастыру, тіл иелерінің
әлеуметтік жүйесімен таныстыру (мәселен, Жамбыл заманындағы кезеңмен қазіргі
кезді салыстыру);
• дискурстық-стратегиялық: тапсырмаларды талдау барысында жағдаяттың өзгеруіне
қарай
өз пікірін білдіруі, дискурсқа
ену қабілетін қалыптастыру;
• ақпараттық: жағдаяттпен танысу барысында танымдық сұрақтарға жауап беру үшін
студенттер тілдік, әлеуметтік-кезеңдік, мәдени ақпараттарды қалыптастырады, со-
ның негізінде жағдаяттың басқаша өрбуіне қарай басқа ақпараттармен алмастыруға
дағдыланады. Мәселен, бай – жомарт, кедей – сараң
болғандағы жағдай;
• лингвокәсібилік: осындай жағдаят негізінде таза кәсіби лингвист болмаса да, өз
мамандығына сай тілдік бірліктерді орынды қолданып, коммуникацияға түсе алады;
• уәждеме және тұлғалық кәсіби сапасы: өзінің ой-пікірінің дұрыс екендігіне материал
негізінде уәж келтіре алуы, мәдени ақпараттық негізінде толеранттық қасиеттің
қалыптасуы, жеке дара өзіне ғана тән стиль негізінде жағдаяттағы проблеманы ретке
келтіре білуі.
Белсенді оқыту әдістері педагогикада ең негізгі инновациялық бағыттардың біріне айна-
луы мүмкін. Белсенді оқыту әдістері дегеніміз студенттердің танымдық әрекетін ширататын,
шығармашылық және кәсіби ойлау қабілетін туындадатын әдістер жүйесін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: