108
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда
уақыт талабына сай жаңа
терминдер, жаңа ұғымдар пайда болып, педагогика ғылымының басқа да
пәндермен байланысын тағы да толықтырып отыр. Әсіресе білім беру, ағарту
саласында жиі қолданылып жүрген «инновация» (латынның innove – жаңа,
жаңа әдіс, әдістеме,
технология, бағдарлама) терминінің өзі ауызекі тілдік
айналымда ХҮІІІ ғасырдың өзінде пайда болса, ХІХ ғасырда ол ғылыми арнада
кеңінен қолданыла бастаған. Инновациялық дәрістердің ерекшелігіне
байланысты: «Қазіргі кезде жоғары оқу орны дидактикасында
дәрістің
инновациялық түрлері кеңінен қолданылатыны байқалады. Инновациялық
дәрістердің дәстүрлі дәрістерден ерекшеліктері:
- студенттер пассив түрде тыңдап, конспект жазып емес, есесіне,
өзіндік
ойлау қызметі белсендіріліп, оқытушы жеткізген ақпаратты актив түрде
қабылдап, өзінде туындаған ойларын оқытушымен бөлісуге мүмкіндігі болады;
- оқытушы студенттің танымдық белсенділігін арттыруы арқылы білім
мазмұнын өз бетімен ізденіп кеңейтуге деген құлшынысын арттырады, осы
мақсатта арнайы тапсырмалар беріледі;
- білім ақпаратын қабылдауда сезім мүшелерінің мүмкіндігінше мол
каналдарын іске қосуы арқылы, ақпараттық-коммуникациялық технологияның,
мультимедиалық, электрондық оқу құралдарының түрлі мүмкіндіктерін
пайдалануы арқылы оқушы студенттің дәстүрлі дәрісті қабылдауындай
механикалық
жазып алуды емес, әрбір ақпараттың мазмұнына сыни бағалау
қабілетін дамытады, солай етіп, білім ақпаратын саналы түрде қабылдауға
дағдыландырады»,-дейді зерттеуші
Ж.Ш. Жияшева [156, 115 б.].
Бүгінде интербелсенді әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып,
дәріс
жүргізу белсенді процеске айналды. Оның басты ерекшелігі Интербелсенді
(«Inter» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен» - өзара, «act» - әрекет) –
үнемі біреумен әрекеттестікте, диалог құрып, әңгімелесу үстінде болуы тиіс.
Яғни студент тек оқытушымен ғана емес, бір-бірімен кең көлемде
әрекеттестікте болулары шарт. Интербелсенді әдістер арқылы студенттер оқу
материалын жылдам меңгеретінін қазіргі оқу процестерінде көп айтылып жүр.
Бұл әдісте «Қалай оқыту керек?» деген дәстүрлі
дидактикалық сұрақ заңды
түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады.
Интербелсенді дәріс түрін көп зерттеген ғалымның бірі – ғалым Асхат
Әлімов. Жоғары оқу орындарында интербелсенді әдістерді қолдану әдістері»
атты еңбегінде былай дейді: «Лекция-өзекті проблемаларды игеру мен
меңгерудің теориялық мәселелерін қарастыратын сабақ түрі»[157, 239 б.].
Сонымен қатар, бұл еңбекте интербелсенді лекцияның дәстүрлі лекциядан
айырмашылығын айта келіп, дәрістің түрлерін төмендегідей жіктейді:
- проблемалық лекция;
- пікірталас лекция;
- лекция-консультация;
- лекция-конференция;
- лекция- пресс-конференция;
- сұрақ-жауап-талдау лекциясы;
109
- қатені түзету лекциясы;
- екі оқытушының лекциясы т.б.[157, 241-247б.б.].
Сурет 3 - Белсенді оқытудағы оқытушы - студент қарым-қатынасы
Интербелсенді лекцияның бір түрі – проблемалық лекция. Аталған
лекцияның құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар. Шетелдік ғалымдар Н.В.
Бордовская., А.А. Реан «Педагогика» еңбегінде: «Бұл лекцияда жаңа білім
проблемалық сұрақтар, міндеттер мен жағдаяттар арқылы енгізіледі.
Студенттердің таным үрдісі мен оқытушының
диалогтық ынтымақтастығы
зерттеушілік әрекетке жақындайды. Мәселенің мазмұны оның шешімін табуды
ұйымдастыру немесе дәстүрлі және жаңаша көзқарастарды жинақтау әрі талдау
жолымен ашылады»[158], - деген анықтама береді. Бұл анықтаманың
А.Әлімовтің проблемалық лекция туралы тұжырымдамасымен сәйкес келетінін
байқаймыз.
Ғалым
зерттеу
еңбегінде:
«Проблемалық
лекцияларда
қарастырылып жатқан тақырып бойынша бір-біріне қарама-қарсы пікірлер мен
көзқарастар немесе қалыптасқан түсінікке қайшы теориялар көтеріледі. Әрине,
олардың барлығы да негізгі мәселелерді қамтитын әрі мазмұнды тұрғыдан
ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан маңызды болуы шарт. Зерттеу барысында
пайда болған қалған сұрақтарды өзіндік жұмысқа тапсырып немесе семинар
сабақтарда пікірталас, дөңгелек үстел форматтарында қарастырса болады»[157,
243 б.],-деген ой айтады.
ХХ ғасырдың екінші жартысы мен тәуелсіздіктен кейін әдістеме
ғылымында отандық әдіскерлерден қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне
байланысты оқулық пен оқу құралдарын жазған Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті
оқыту методикасының очерктері (1966), А. Көшімбаевтың «Қазақ
әдебиетін
оқыту әдістемесі» (1969), Т.Қ. Жұмажанованың «Әдебиетті оқыту әдістемесі»
(2009), Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту әдістемесі»(1997) еңбектерінде
сабақтың түрлеріне, қолданылатын әдіс-тәсілдері (1.Түсіндірме оқу әдісі;
2.Баяндау әдісі; 3.Эксперимент әдісі; 4.Көрнекілік әдісі.) мен тақырыптарына
қарай саралай отырып, қай сабақ типтерінде белсенді қолдану жайлы зерттеу
жасады. Ал жаңа технологияларға негіздеп оқыту, сабақ жоспарларын түзу мен
құрылымдық жүйесін жасауға үлес қос келе жатқан ғалымдардан «Қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі» (2015) оқулығын жазған Б.Жұмақаева да дәрістің
бірнеше түрін атап көрсетеді: «Проблемалық дәріс, визуалдық дәріс, кеңес беру
дәрісі, дуэт дәріс, шатастыру (қатені түзету) дәрісі, сұхбат дәріс, дидактикалық
дәрістер. (ми шабуылы арқылы), ойын түрлері қолданылатын дәріс, дәріс-
Достарыңызбен бөлісу: