Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет125/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

қатал хан, ел басқарушы әмір иесі, биі деп таптық сырын ашып 
отырса, Наурызбайды бастан-аяқ батыр, жауынгер етіп 
көрсетеді»,- дейді [383, 321
б.
]. Демек ХХ ғасырдың алғашқы 
жартысында 
фольклорлық 
мәтіндерді 
талдағанда, 
көбінесе 
әдебиеттану 
шарттары 
орындалуының 
бірнеше 
себептері
ажыратылды. Біріншісі- қазақ фольклорын, негізінен әдебиетші 
ғалымдар зерттеді. Екіншісі- олардың арнайы фольклортанушылық 
білімі болған жоқ. Үшіншісі- сол тұста қазақ фольклортану ғылымы 
балаң болатын. 
Кітаптың соңғы бөлімі «Қазақ совет фольклоры» деп аталады 
[383, 381-436
б.
]. Аты мен заты айтып тұрғандай, бұл көлемді бөлім 
Кеңес үкіметін дәріптеуге арналған. Соның әсерінен де бұл бөлімде: 
революциялық күрес, ауылды советтендіру, колхоз, өнеркәсіп өмірі, 
Кеңестік халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин бейнелері, ерлік, Отан 
соғысы кезеңінің т.с.с. фольклоры деректері орын алған. 
Ғалым Е.Смаилов Қазан төңкерісі жаңа дүниенің, жаңа өмірдің 
басы, оны жаңа қоғамдық өмір туғызған десе, адам баласының 
ғасырлар бойы арман еткені іс жүзіне асқаны, езілген жұмысшы 
табы мен шаруалар азат болып, үкімет билігін өз қолына алғаны т.б. 
– бәрі біржақты, үстірт, теріс бағалау тұрғысынан жазылған. 
Осы себепті қазақ совет фольклорының барлық үлгілерінен осы 
жаңа тақырыпты, жаңа мазмұнды іздестіргені, қарастырғаны т.б. 
анық. Демек халық ауыз әдебиетінде жаңа тақырып, жаңа мазмұн, 
қандай жаңа форма, қандай көркемдік мәнерлер тудырғаны, жаңа 
өлең ырғағы, жаңа ән-күй т.б. мәселелесі көтерілгені сөз болады. 


342 
Жалпы бұрын зерттеліп, жазылып көрмеген бұл бөлімнің 
маркстік-лениндік әдебиеттану ғылымы тұрғысында талданып
жазылуы да сол кезең шындығын танытарлық дерек көзі бола 
алады.
Сөз жоқ, қазіргі қазақ фольклортану ғылымы тұрғысынан 
қарағанда, фольклордың әрі жиналу, әрі жариялану, әрі зерттелу 
тарихына қатысты толып жатқан мәселелері толық шешімін тауып, 
қамтылмағанын атап өтеміз. Бұлай зерттеу ол заманда мүмкін де
емес еді. Оның үш себебі бар: бірі-қазақ фольклортану ғылымының 
енді ғана қалыптаса бастауы; екіншісі- сол кездегі фольклорды 
зерттеген ғалымдардың арнайы фольклортанушылық білімі болмауы; 
үшіншісі- Кеңес үкіметі тұсында белең алған «кеңестік идеология» 
құралдарының, яғни «тап тартысы», «әдебиеттің партиялылығы», 
«маркстік- лениндік», не «лениндік-сталиндік» ұстанымдар бүкіл 
ғылым, мәдениет т.б. атаулыға тұсау болып, өзіндік дамуына кедергі
жасағаны белгілі. 
ҚК(б)П Орталық комитетінің 1947 жылғы 21 январында шыққан 
қаулысы (Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет 
жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы) негізінде өзге де көп 
ғылымдық, саяси қателік, олқылықтармен қатар, Қазақстандағы 
әдебиеттану ғылымында кеткен идеялық, саясаттық қателіктер қатты
сыналды. Әсіресе осы «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томы 
негізсіз қараланды. Бұл өз кезінде сол тұстағы ғылым мен 
мәдениеттің т.б. дамуына кері әсерін тигізгені анық. Кеткен 
кемшіліктер қатарында еңбекте: арғы-бергі дәуірлердегі нұсқаларды; 
белгілі ақындар төңірегіндегі әдебиеттік деректерді бірыңғай мақтай 
беру, тамашалай, мадақтай сөйлеу, бұрынғының бәріне бас июшілік 
басымдылығы, жалған патриоттық, керексіз керітартпа романтика, 
сарыншылдық бар дегенге сайған теріс сыңаржақ сын өріс алды. Ал, 
бұған қарсы, керісінше, шығарманың қоғамдық-таптық, тарихтың 
шынын ашудың орнына, шаруашылық жағдайды т.б.- бәрін Маркс-
Ленин жүйесі бойынша айқындау ұсынылғаны белгілі.
Демек сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымы алдында 
фольклордың не ертегі жанры түрінде, не ол турасында мақала кітап 
бетінде т.б. талданғанда- бәрінде де Маркс-Ленин жүйесі бойынша: 
таптық, қоғамдық өнімді мағына туғызатын шығармаларды, 
керітартпа санасы бар шығармалардан бөліп, айырып, ұғыну міндеті 
жүктелгені мәлім. 
Жалпы халық ауыз әдебиетінің жанры мен түрлерін айта отырып, 
авторлар ұжымы шығарманың негізгі тақырыптарына, сюжет жүйесі 
мен кейіпкерлеріне тоқталғанымен поэтикасына аз көңіл бөлген. 


343 
Шығарманың сюжеті мен оның кейіпкерлерінің мінез-құлқын талдау 
басым («Тарихи өлеңдер», «Қазақ совет фольклоры», және «Батырлар 
жыры»). 
Бірінші томның материалдары орасан бай. Материалдарды 
осындай кең түрде пайдалану бұған дейін жазылған еңбектерде 
болған емес. Талдауға алынған мәтіндердің көпшілігі идеялық және 
көркемдігі жағынан жоғары. Оларды фольклордың тәуір үлгілері деп 
айтуға болады. 
Қорыта келгенде, ХХ ғасырдың алғашқы жартысының соңына
қарай қазақ фольклорының барлық жанрлары жан-жақты, жеке-жеке 
салаларға бөлініп, әрі кең, әрі терең, әрі академиялық түрде талданды. 
Бұл еңбекте қазақ фольклорының барлық жанры қамтылған. Оларды 
авторлар тұңғыш рет тарихи шығу мезгіліне қарай орналастырған- бұл 
сол кездегі үлкен жаңалық еді. Ең көне деп тұрмыс-салтқа 
байланысты жанрлар есептеліп, мал шаруашылығына, діни 
нанымдарға 
қатыстылары 
қарастырылған. 
Басқа 
елдердің
фольклорын зерттеу барысында тек бір әдебиетшілер емес, басқа да 
салалас ғылымдардың ат салысатыны тәрізді, яғни фольклорлық 
мәтінді лингвистика, этнография, тарих, географиялық т.б. тұрғыдан 
қарастыру орын алғаны анық. Әсіресе, қазақ фольклорының: ертегі, 
салт жырлары, батырлар жыры, ғашықтық жырлары, тарихи 
жырлары, айтыс т.б. жанрлары бұл еңбекте тек әдебиеттану
тұрғысынан емес, сондай-ақ алғаш рет фольклортану тұрғысынан 
сарапталуы қазақ фольклортану ғылымының түрлі қыспаққа қарамай 
даму үстінде болғанын дәлелдейді. Демек фольклорлық мәтіннің 
жиналу, жариялану тарихына қатысты ғылыми түсініктемелердің 
берілуі; әр тақырып төңірегінде қарастырылатын әдебиеттер тізімі 
көрсетілуі; мәтін нұсқаларының сюжеті, кейіпкерлері, олардың іс-
әрекеттері, тілі, стилі т.б. жағынан салыстырыла қарастырылуы т.с.с. – 
бәрі де фольклордың фольклортану тұрғысынан қарастырылғанын 
танытса, ал әр нұсқаның тақырыптық-идеялық негізі, сюжеті, 
композициялық құрылысы, бейнелері, көркемдік ерекшеліктері т.б.,
көбінесе кеңестік жүйе талабына бағындырылып, маркстік-лениндік 
әдебиеттану талабы тұрғысынан сарапталу да орын алғанын 
көрсетеді. Ал, еңбектегі қолданылған зерттеу әдістеріне келсек, 
көбінесе салыстырмалы зерттеу әдісі мен тарихи зерттеу әдісі қатар 
қолданылғаны ажыратылады. Сондай-ақ фольклордың: әрі 
фольклортану ғылымының, әрі әдебиеттану ғылымының, әрі 
лингвистиканың, әрі этнографияның, әрі ономастиканың, әрі 
география т.б. ғылымдарының дерек көзі ретінде қарастырудың 


344 
біршама орын алғанын да қазақ фольклортану ғылымының сол 
кезеңдегі елеулі жетістігі ретінде бағалауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет