Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет124/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

үстінде туып, көбінесе ойын-сауық, көңіл көтеру орнында 
қолданылады. Жұмбақ айтушы адамдар оның мазмұнын, көбінесе 
өзінің істейтін кәсібіне қарай үйлестіріліп, не көрсе, не істесе соны 
жұмбақ қылатын болған»,- деп дұрыс анықтаған [383, 289
б.
]. 
Сондай-ақ ғалым жұмбақтың адамның дүниетану жолындағы ой-
өрісінің, қиялының белгілі бір сатысын көрсететін, ой 
тапқыштығының бір түрі екенін, тіл шеберлігіне ерекше ой бөлген 
алғыр халық жаратылыста, адам ойында болатын барлық пайдалы 
затты жұмбақтап айта білгенін дәйектеген. 
Жалпы жұмбақтарды ғалым тақырыптың жағынан 5- ке жіктеп 
көрсеткен: біріншісін- жаратылыс, екіншісін-адам, үшіншісін- 
жасанды зат, төртіншісін- еңбек, бесіншісін- білім жайында деп 
белгілеген. Сонымен қатар жұмбақ қысқа түрде мереке, сауық үстінде 
ғана айтылатыны, бір кезде даналықты, кемеңгерлікті жұмбақпен 
сынау әр жұрттың салтында да болғаны сөз болады. 
Одан әрі мысалдар рет-ретімен беріліп, олардың мазмұны 
әдебиеттану талаптары тұрғысынан талданған. Мәтін мазмұны 
көбінесе еңбекші халық тіршілігімен байланыстырылған. Сондай-ақ 
Қазан төңкерісінен кейінгі пайда болған жұмбақтардың жаңадан 
жасалып жатқан социалистік құрылыстың жаңалығын дәріптейтініне 
де назар аударылған.
Ғалым Б.Шалабаев өтірік өлеңдерді жеке жанр ретінде талдайды 
[383, 297-299
б.
]: бұл үлгілердің қазақ халық әдебиетінде едәуір орын 


340 
алатыны; өтірік айтылды делінсе де, арғы жағында шындық 
жататыны, өмір құбылысы мен адамның әрекет, айласын бейнелеу, 
көбінесе әсірелеу арқылы іске асатыны, әзіл, сықақ түріндегі өтірік 
өлеңдердің ескіліктің жағымсыз қылықтарын шенейтін шығармалар 
тобына да кіретіні, поэтикалық өзгешелігі бастан-аяқ әсірелеу, 
шендестіру әдісіне негізделетіні т.б.- бәрі әдебиеттану талабы 
тұрғысынан сөз болады. 
«Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабында «Тарихи жырларға»
арнайы бөлім берілген [383, 300-399
б.
]. Бұл бөлімде қазақ халық ауыз 
әдебиетінің жеке-жеке маңызды жанрлары болып табылатын тарихи 
жырлар мен тарихи аңыз әңгімелерді жеке-жеке сараптаудың орнына,
оларды бір арнада қарастыру Б.Кенжебаев тарапынан орын алған. Бұл 
сол уақыттағы қазақ фольклортану ғылымының балаңдығын 
танытады. Себебі бұл екі жанрдың да негізінде халықтың өмірінде 
бұрын-соңды болған, саяси-әлеуметтік мәні бар тарихи оқиғалар,
тарихта болған көрнекті тұлғалар жөнінде ауызша шығарылған өлең-
жырлар, аңыз, әңгімелер т.б. жатады. 
Тек осы бір ерекшелігіне қарап, фольклорда өзіндік бір орны бар
тарихи жырлар мен тарихи аңыз-әңгімелерді жеке-жеке қарастыру
орнына, олардың бір жанр аясында талдануы қате болды. Дегенмен 
екі жанрдың ортақ ерекшеліктерін тізбектеп саралануы орынды 
болған. Сол себепті ғалымның халықтың тарих қорытындысы іспетті 
бұларға өзінің басынан өткен тарихи оқиғасының қай-қайсысы 
жөнінде болсын, халық өзінің ой-пікірін, көзқарасын білдіреді деуі 
дұрыс. Одан әрі тарих пен халық ауыз әдебиетінің бір-біріне 
жәрдемші, бірін-бірі толықтырушы болып келетіні, халық ауыз 
әдебиеті тарихи оқиғаны тарихи дәлелмен емес, көркем әдебиет 
тілімен беруде, тарихи шындықты көркем шындыққа айналдырып 
айту негіз болатыны т.б. - бәрі ғалым тарапынан сөз болады.
Бұл бөлімде XVIII-XIX ғасырлардағы Абылай мен Кенесары, ұлт 
азаттық көтерілістерге, 1916 жылғы көтеріліс оқиғаларына т.б. 
қатысты туған жырлардың тарихи жырлар қатарына жататыны дұрыс 
ажыратылған. 
Бұл тұста тарихи жырлар мен аңыз әңгімелерден: Абылай, Сырым, 
Қасым, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Жанқожа, Бекет т.б. тәрізді
тарихи тұлғалар қамтылған. Мәселен, Абылай туралы аңыздар 
дегенде, көбінесе оларды Шоқан Уәлиханов пен Мәшһүр-Жүсіптің
жинағаны ескерілуі т.б. – бәрі де әр фольклорлық мәтінді талдағанда, 
жазылынып алынуға қатысты паспорттық деректері де ескерілгенін 
байқаймыз. Демек зерттеу жұмыстары барысында түпкі дерек 
көздерін көрсету тәрізді ғылыми талаптардың орындалуын т.б. сол 


341 
тұстағы қазақ фольклортану ғылымының жетістігі ретінде 
бағалауымыз керек. Сөйтіп бұл кітапта берілген фольклорлық
мәтіндердің алдымен қысқаша мазмұны беріледі де, артынан жырда 
кездесетін тарихи оқиғалардың болған кезі, себебін, тарихи кісілердің 
аттарын, істерін, тарихи шындыққа жақындығын т.с.с. тарихи 
деректермен салыстырыла қарастыру жүзеге асқан. Сонымен қатар 
аңыздар бойында халық арманы, қалауы, тілегі т.б. бірге берілетініне 
де назар аударылған. 
Дегенмен жырлар да, аңыздар да талданғанда, көбінесе 
әдебиеттану шарттары аясында қаралады. Яғни мәтіннің тақырыбы 
мен идеясы, қоғамдық қызметі, тілі, стилі, сюжеті, бейнелер жүйесі, 
көркемдік ерекшеліктері, ондағы көркемдік әдіс мәселелері т.б.- бәрі
әдебиеттану ғылымы талабы тұрғысынан жазылған. Мәселен, 
«Кенесары-Наурызбай» жырындағы Наурызбай бейнесіне ғалым 
Е.Смаилов сипаттама береді: «Жырларда Қасым сотқар, Кенесарыны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет