Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет121/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

болмайды. Беташарда ескі қоғам заңдарын сол тұрған қалпын бұзбай 
сақтау жайын айтады. Бұрынғы ру басылар ақсақалдық жолды
осындай жырлармен де заң етіп жастардың құлағына сіңірген. Өз 
жорасы мен жолына, жас буынның санасын осылайша бағындырып 
өсірген»,- дейді [383, 50
б.
]. Демек ғалым фольклордың жастар 
тәрбиесінде үлгі-насихат, тәрбие көзі болғанын дұрыс мәлімдеген. 
Кітапта одан әрі қазақ халқының ертеден келе жатқан тұрмыс-
салт өлең-жырларының бір түрі- мұң, шер өлеңдерінің: қоштасу, 
естірту, көңіл айту, жоқтау деп аталатын жанрлары қарастырылған 
[383, 50-57
б.
]. Мұнда адамның жеке тірлігінде шаттық, ойын-күлкі 
қандай керек болса, күйік, қайғы-қасірет те дәл сондай орын 
алатыны; жеке адамға, жеке үй-ішіне, тіпті бүкіл бір ел-жұрттың 
басына түсетін күйік, қайғы-қасірет болатыны сөз болады. Бұрынғы 
салтта жер ауған, не өлім шағына жеткен адамдар артында қалып 
бара жатқан ата-анасымен, жанашыр адамдарымен дос-жаран, ел-
жұртымен қоштасатыны; соларға өзінің ішіндегі күйік, арманын, 
ендігі тілегін, өсиетін, сәлемін айтатыны; кейін ол адамды артында 
қалған жақын, жанашыр адамдары, ел-жұрты жоқтатпайтыны т.б. – 
бәрі де сипаттау, шолу түрінде дұрыс берілген.
Еңбекте фольклордың келесі жанры- ертегілер қарастырылған 
[383, 58-101
б.
]. Оның фольклордың қара сөзбен айтылатын ерекше 
мол түрінің бірі, халықтың ауызша айтылатын көркем әңгімесі 
екендігі, ертегіні айтушыны ертекші дейтіні; «ерте, ерте, ертеде» 
деген тәрізді көпке ортақ, ерекше өлеңше бастауымен келетіні; 
ертегіні жұрт қолы боста, қыстың ұзақ кештерінде тыңдағыш 
болатыны; ертегінің фольклордың ішіндегі қоғамдық, тарихтық


329 
маңызы мол халық шығармасының бір түрі екендігі; ертегіні 
туғызатын- халықтық өмір, тірлігі үшін әрекет етуін бейнелейтін 
өнімді ойы екендігі- бәрі М.Әуезов тарапынан дұрыс қамтылған. 
Сонымен бірге ертегіде тегін жайдың айтылмайтыны, оның 
қоғамдық, өмірлік мағыналы сырларды танытатыны; еліміздің 
бұрынғы тарихынан, ежелгі қоғамдық тірлік шындығынан, халықтың 
арман, мүддесінен көп дерек беретіні, ертедегіден бай фольклор
жоқтығы, бірақ бұл байлықты ғылым жолымен жинап, зерттеу ісінің
аса кенже қалғаны; деректер жиналып болмай ғылымдық байлау, 
қорытынды жасау мүмкін еместігі; Қазан төңкерісіне дейінгі 
ертегілерді жинаушылардың ертегі мен өзге фольклор түрінің бәрін 
аралас жиғаны, оларды жіктемей әйтеуір тізе бергені т.с.с.
баяндалып,- бәрі де ғалым М.Әуезов тарапынан ғылыми сипаттама
тұрғысынан біршама сараланған.
Сондай-ақ ел ішінде хат білген оқыған адмдардың да бұл іске 
араласып, ертегінің көбін өз бетінше не әңгіме етіп, не өлең-жырға 
айналдырып жазғаны; ертегіні жинап, әрі зерттеудегі негізгі шарты
қара сөз күйіндегі мәтінді әр айтушының өз сөздерімен ауыстырмай,
айнытпай, өзгертпей қағаз бетіне түсіру қажеттігі мәселесі көтерілуі 
т.б.- сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымының фольклорды 
жинауға қойылатын әлемдік талаптарды орындай бастағанын 
айқындайды. Ал, бұл өз кезегінде жеке өлең айтушы ақын, жыршы 
болсын, олардың өзіндік нақышын, машығын, тіл өнерін, сөз өрнегін 
бағамдауға, әрі көпшілік болып айтылып келген үлгінің толығырақ 
сақталып жетуіне ықпал еткені анық. Сонымен қатар фольклорды 
айтушыға ерекше көңіл бөлу қажеттігі; оның өмірбаяны, кәсіп, 
тұрмыс-салты, ұғым-нанымы, білімі, жеке орындаушылық стиль 
өзгешелігі жиналып ескерілуі қажеттігі т.б. – бәрі де М.Әуезов 
пікірінше ертегі жанрын зерттеп, талдап ұғынудың ең зор міндеті.
Демек ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану 
ғылымында қазақ тілінде жиналған ертегілердің көбінде ертекші орны 
еленбей, ескерілмей келуі, сол себепті ертегінің мазмұнына, 
әңгімесіне ғана қарап, тіл, түр өзгешелігінің көбін елемеушілік орын 
алғаны, ертегіні хатқа түсірушілердің ертекшіден ауызба-ауыз жазып 
алмауы т.с.с. тәрізді келеңсіздік, олқылықтардың орнын жою 
қажеттілігі мәселесі көтерілгені белгілі. Еңбекте М.Әуезов
ғылымдық жолмен сөзбе-сөз жазып алу үлгісі ретінде белгілі ғалым 
В.В.Радловтың жинау тәсілі ұсынылып, ал ғалым Г.Н.Потанин 
жинаған ертегілерінің айтушыларының аттары түгелге жуық
аталып, мәтін паспорты толық толтырылса да, мәтіннің тек орыс 
тілінде ғана аудармасы сақталып, ертекшінің өз тілінде айтқан үлгі 


330 
өрнегінің аудармада білінбей, бұлдыр қалғанын қынжыла ескертуін
де орынды деп білеміз.
Сондай-ақ бір елдің фольклорлық мұраларын өзге елдің 
фольклорымен салыстырып тексергенде, көп ұқсастықтар 
туатынына; оның тек тілдері жақын, тарихы аралас, тегі бір елдер 
фольклорында ғана болмайтынына; сонымен қатар шаруашылық, 
қоғамдық, салт-саналық жағдайлары бір дәрежеде болғанда да үйлес, 
үндес шығармалар туатынына; фольклор мотивтерінің бір елден 
екінші елге қыдырып келіп, тарауы орын алатынына М.Әуезов дұрыс 
көңіл бөлген.
Сонымен қатар фольклорды жіктеуде ғалым М.Әуезов дүние 
жүзінің фольклористері қолданып отырған бір классификацияны фин 
фольклортанушысы Антти Аарне жасағанын; бұл сияқты ғылымдық 
әдіс, ертегіні салыстырып тексеру, талдау жөніндегі өнімді әдіс- 
әлемдік фольклортану ғылымына ортақ әдіс болып табылатынын; бұл 
әдістің елеулі кемшіліктері де бар екендігін, әсіресе, ертегі 
сюжеттерін белгілі жанрларға қосудың даулы пікірлер туғызатынын;
сюжет мотивтерінің тек құрылыс ұқсастығы, сыртқы пішіні ғана 
ескеріліп, ал ішкі мазмұнына бойламау, баға бермеу жағы болатынын 
дұрыс ескерткен. Бұл қазақ фольклористикасы үшін бірінші рет 
айтылған үлкен жаңалық болды. 
Сондай-ақ қазақ фольклортану ғылымында бұл әдістің тек 
техникалық жақтары ғана мақұлданатыны; қазақ ертегілерінің ол 
дәуірде көбі жиналып жазылмағандықтан, бұл әдістің қолданылмай 
келгені де т.б. сөзге тиек етілді.
Қазақ фольклортану ғылымында қазақ ертегілерін іштей үш 
жанрға жіктеу дұрыс болған. Бұл ХХ ғасырдың бірінші жартысында 
осы еңбектен бастау алады. Ал, әр жанрдың өзіндік атауына келгенде 
түрлі дау туғаны анық. Мәселен, қиял-ғажайып, хайуанаттар жайлы 
ертегілерді талдау әлі де сол қалпында өзгеріссіз келе жатқанымен,
еңбектегі «шыншыл ертегілер» деп талдаулары қазір қате саналып, 
оны «тұрмыс-салт ертегілер» деп талдау орныққаны т.б. белгілі.
Қиял-ғажайып ертегілер баяғы заманнан келе жатқан көне 
болғандықтан да, көп дәуірді көміп өткендіктен, аса көп өзгеріс 
көрген ертегілер екендігі, ерте күндегі қалпын бұзып, қоспалар 
жамауларды көп қабылдаған, өзі тектес өзге ертегілермен қосылып, 
араласып өзгеріске мол ұшырағандығы, бұл ертегілердің айтылуында 
да әдетінше өзінше басталу, аяқталу болатыны т.б.- бәрі М.Әуезов 
тарапынан дұрыс талданған [383, 64-70
б.
]. 
Сондай-ақ бұл ертегілердегі аңшы, мергендер, ер, батырлар 
жайындағы т.с.с. ғажайып бейнелермен бірге ондағы мифологиялық 


331 
образдар да М. Әуезов тарапынан әрі әдебиеттану, әрі фольклортану 
тұрғысынан жан-жақты талдауға түсті. Мәселен, ғалым: «Қиял 
ертегілерінің адамға дос күштерін аңғарып қарасақ, онда да көп 
мағына, көп сыр бар. Жанды, жансыз жақсы заттың бәрі де
адамзаттың алыстан келе жатқан асыл арманын танытады. Ертегінің
ерін қиянға апаратын алып қара құс, өзі ұшатын кілем, тұлпар ат- бәрі 
де қиял пырағы»,- деп [383, 68
б.
] дұрыс айқындаған. 
Хайуанаттар жайындағы ертегілердің де көне заманнан келе 
жатқанын; ескі заманнан бері қарай адамдардың сол жануар 
дүниесімен әр кезеңде ойласу барысы арқылы олардың алуан-алуан
жаратылысы, мерзім-машығы, тірлік- тәсілі, өзгешеліктері туралы көп 
нәрсені білу, тану жүргенін; мұнда мифтік, төтемдік наным бар 
екендігін; ертегілерде хайуандардың бір-бірімен тілдесуі, әңгімелесуі 
көп болатынын; олардың өз мінездеріне лайық әр алуан сөзі 
болатынын; мәселен, түлкілердің мәтелдеп, мақалдап сөйлейтінін 
т.с.с. –бәрін М.Әуезов дұрыс талдаған. Мәселен, М.Әуезов: «Бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет