Қорытынды.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы көптеген еңбектерде қазақ
фольклоры тек бір жақты ғана қарастырылып, «әдебиеттің
партиялылығы», «тап тартысы», «пролетариат әдебиеті» т.с.с. тәрізді
түрлі «кеңестік идеологиялар» тарапынан бағаланып, түсіндірілгені
белгілі.
Сондай-ақ бұл кезең- қазақ фольклортану ғылымының
қалыптасу кезеңі болып табылатыны мәлім. Бұл дәуірде фольклорды
жинаудың, жариялаудың және зерттеудің біртұтас жүйесін
қалыптастырудың да негізі қалана бастады. Бұл мақсатты іске асыру
барысында сол кездегі жаңадан құрыла бастаған фольклористік
ұжымдар,
ұйымдар
т.б.
тарапынан
түрлі
экспедияциялар
ұйымдастырылды. Олардың негізгі мақсаты фольклорлық мәтіндерді
іздестіруге бағытталды. Ол кезде алғашқы академиялық жинақтар да
бірінен соң бірі дүниеге келіп, түрлі ғылыми еңбектер шоғыры
баспадан шыға бастады. Осының негізінде барып қазақ
фольклорының жекелеген жанрларын зерттеу мүмкіндіктері туа
бастағаны анық.
Фольклорды жинаудың, жариялаудың, зерттеудің алғашқы
тәжірибелері сонау XVIII, ХІХ ғасырлардан бастау алғаны мәлім.
ХІХ ғасырдағы Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов және тағы басқа да
фольклор шығармаларын жинаушылар еңбегінің маңыздылығы- олар
көп жылдық тәжірибеге сүйеніп, халықтық үлгілерді жазып алу
әдісін қалыптастырды. В.В.Радловтың негізгі мамандығы тілтанушы
ғалым екендігін ескерсек, оның жинау әдісі, жазу жүргізудегі негізгі
345
мақсаты- жергілікті сөздің, яғни тілдің құрылысын дұрыс түсіну
болды. Сондықтан да өз замандастарына қарағанда В.В. Радлов
жазбалары қысқартусыз, өзгертусіз берілген.
Патша өкіметі тарапынан жиналған мәтіндер үш мақсатта:
христиан дінін уағыздау, патшаның өз бетімен шексіз билеу
саясатын дәріптеу, сонымен бірге сол кездегі мемлекетке қызмет ету
мақсатында жиналып, жарияланып отырды.
ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптасқан қазақ интеллигенциясы ел
бостандығын ғана көксеп қойған жоқ. Олар халықты кең көлемде
оқыту, білімге тарту мақсатын бірінші кезекке қойды. Кеңес өкіметі
тұсындағы фольклорды жинаудағы басты мақсат- әзірленген үлгінің
әлеуметтік жағына баса назар аударуға бағындырылды.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ фольклорының,
көбінесе тұрмыс-салт жырлары, ертегілері, мақал-мәтелдері, эпостық
үлгілері т.б. тәрізді жанрлары Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, М.Ж.Көпеев,
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Әуезов т.б. тарапынан қағаз
бетіне түсті.
Негізінен, бұл фольклорлық жазбалар жинаудың қалыптасқан үш
түрлі тәсілі арқылы, яғни тікелей, тұрғылықты, экспедициялық
жинау тәсілдері көмегімен жиналды. Тікелей жинау тәсілі дегенде,
халықтық мұраны ел арасынан тікелей ауызба-ауыз қағазға түсірумен
бірге, оларды ескі кітаптар мен қолжазбалардан да алып, жинап
отырды. Мәселен, Ә.Диваев халық нұсқаларын этнографиялық
материалдармен байланыстыра жинады. Ол халық поэзиясын
халықтың тұрмысынан бөле қарауға болмайды деп білді. Сондықтан
да ғалым көптеген фольклор үлгілерін, әсіресе әдет-ғұрыппен
байланысты өлең-жырларды тікелей жинау тәсілі арқылы жинағанда,
әдет-ғұрыптың өзін де бірге жазып алып, халықтың тұрмысында
өлең –жырдың атқаратын қызметін қоса көрсете отырған.
Ә.Диваевтың бұл жинаушылық шарттары, яғни мәтінге ғылыми
түсініктеме беріп отыруы сол кезең үшін- үлкен жетістік. Оны
ғылыми принціптің алғашқы баспалдақтары десе де болады.
Фольклорды тікелей жинау тәсілі арқылы жинау барысында
Ә.Диваев та, Мәшһүр-Жүсіп те өзіндік жинау әдістемесіне сүйенгені
белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы
аузынан сол қалпында көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал
жинау т.б.
ХХ
ғасырдың
алғашқы
жартысында
қазақ
даласында
фольклорлық шығармалар тікелей, экспедициялық, тұрғылықты
тәсілдер арқылы жиналғаны мәлім. Осы орайда мәдени мұраны ел
арасынан басқа да тәсілдермен қатар тікелей тәсіл арқылы
346
жинаудағы мақсат - жоғалып бара жатқан қазақтың ең бай мұрасы,
халық шығармаларын қағазға тездетіп түсіру болғанын ескерген
жөн. Бұл тәсілдің өз артықшылықтары, өз кемшіліктері бар.
Кемшілігі не десек, біріншіден, тікелей жинау тәсілі кезінде
экспедициялық тәсіл кезіндегідей фольклорды әрі кең, әрі көп
мөлшерде жинау мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, тұрғылықты тәсілге
қарағанда, бір елді-мекендегі барлық фольклорлық жанрлардың
бірін қалдырмай, асықпай, бәрін толық қамту жағы төмен.
Ал, артықшылығына келсек: біріншіден, фольклор өмір сүрген
ортада жинаушы мәтінді қағаз бетіне түсіру ісіне өзі тікелей араласа
отырып, орындаушыны да, елді-мекенді де өзі таңдайды. Жинау
барысында туған түрлі кемшілік атаулыны сол жердің өзінде-ақ
түзету мүмкіндігі бар. Ендеше нұсқаның ғылыми талапқа сай
жиналуын толық қамтамасыз етеді.
Екіншіден, экспедиция жасақтау үшін қажетті уақыт мөлшері,
қаражат көздері т.б. бұл тікелей тәсілі арқылы жинау жұмысына аз
жұмсалады. Ал, мәтінді ауызба-ауыз түсіру мүмкіндігі жиналған
үлгінің тіліне, көлеміне, көркемдік сипатына нұқсан келтірмейді.
Үшіншіден, ең бастысы, фольклорлық шығарма тікелей
орындалу кезінде қағазға түсетіндіктен, мәтіннің сөзбе-сөз, өзгерусіз
қағазға түсу мүмкіндігін артырады. Демек фольклортану ғылымының
дәлділік талабы орындалады. Сондай-ақ мәтіннің паспортын толық
түсіру мүмкіндігін де арттырады.
Сонымен ХХ ғасырдың басында және кейін де қазақ фольклоры
осы үш түрлі тәсілмен жиналған. Бірінші тәсіл- тікелей жинау
тәсілі, фольклор өмір сүретін ортада мәтінді қағаз бетіне түсіру ісіне
жинаушы өзі тікелей араласады. Алғашқы кезде фольклорды жинау
сырттай қарағанда стихиялы болып көрінеді, алайда зерттеу
барысында фольклорлық мәтіндерді жеке адамдардың (Г.Н.Потанин,
Ә.Диваев, М.Ж.Көпеев, Х.Досмұхамедов т.б.) ғылыми мақсатпен
жинағаны байқалады. Мұндай тікелей жазып алу тәсілімен
тәжірибе жинақтай отырып, олар жинаудың амалдары мен
тәсілдерін де жетілдіріп, ғылыми негізін жетілдіре түскен.
Екінші тәсіл- жер-жердегі арнайы тілшілер арқылы жинау. Яғни
ғалым өзінің жер-жердегі сенімді хат жазысып тұратын
адамдарының көмегіне сүйене отырып, сол жердің фольклорын
жинастырады. Мұның ерекшелігі- тұрғылықты болуы. Тұрғылықты
дегеніміз- белгілі бір мекенде тұрып, фольклорды сол маңайдан
үзіліссіз жинау. Жинаушылық қызметтің тұрғылықты әдісін, әдетте
жинаушы ұзақ уақыт бір елді –мекенде орналасқанда, не өзінің
тұрғылықты жерінен жинау жұмыстарын жүргізгенде қолданады.
347
Міне, мұндай жағдайда жинаушы мәтінді ұқыпты түрде қағазға
түсіреді, егер де үлгіде сөздік өзгерістер болған жағдайда, оны
белгілеп отырады.
Үшінші тәсіл- арнайы экспедициялар ұйымдастыру. Негізінен
1920-1950 жылдар аралығындағы экспедициялар Қазақ ССР Ғылым
академиясының Тіл және әдебиет институты тарапынан
ұйымдастырылып отырды. Сөйтіп, фольклорды жинау ғылыми мәні
бар іске айналып, оны жинауға бұрынғыдай бірлі-жарым адам емес,
көпшілік болып ат салысу жүзеге асты. Ұйымдастырылған
экспедициялар түрлі елді-мекендердегі фольклорлық мәтіндерді
жинаумен ғана шектелмеді. Сондай-ақ сол елді-мекеннің
халықтарының тілдік, диалектикалық ерекшеліктерімен бірге көне
кітаптар мен қолжазбаларға да көңіл бөлу өсті. Жинаудың бұл
экспедициялық тәсілі, көбінесе Кеңес өкіметі тұсында жиі
қолданылып, дәстүрлі жоспарлы істердің біріне айналды. Жинау
жұмысының кең түрдегі бағдарламасын 1920 жылдардың бас
кезіндегі Сырдария, Жетісу экспедицияларының іс-тәжірибесінен
кейін
ғана
барып
Ә.Диваев
жасаған.
Экспедициялар
ұйымдастырылғанда, олардың құрамында әр түрлі маман иелері:
жазушы, ғалым, өнер қайраткерлері, мұғалімдердің қатысуы да т.б.
– бәрі де жинау жұмыстарын дамытып, жетілдіре түскені сөзсіз.
Сөйтіп, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақтың ең бай
мәдени мұрасы- фольклоры, негізінен, осы үш тәсіл арқылы
жиналып, қағаз бетіне түсті.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклорын
жариялауда мынадай жетістіктер көрініс тапты: біріншіден,
фольклордың әр түрлі жанрлары жеке кітап болып басылды.
Екіншіден кітаптың сыртқы мұқабасында араб әрпінде міндетті түрде
тақырыбы,
шығарушысы,
бастырушысы,
басылым
көрген
баспаханасы, қаласы, жылы т.с.с. көрсетіліп, отырды. Және де
мәтіннің шыққан баспахансының аты, қаласы, орыс тіліне
аударылып басылды. Тіпті, кітаптың ішкі бетінде оның қай жылы,
қай уақытты, кімнің тарапынан т.б. рұқсат етілгені де ескеріліп
отырды. Үшіншіден, мәтін, әрі қазақ (араб) әрпінде жарияланып, әрі
орыс тіліндегі аудармасы бірге берілді. Мәтіннің екі тілде
жариялануында бірнеше мақсат көзделді: а) зерттеушілік істі
жандандыру, яғни Ресей ориенталистері мен түркологтары үшін бұл
өте ұтымды болды; ә) оларға, егер қазақ тілін білсе, мәтіннің
түпнұсқасы берілді де, қажет болса, қазақша мәтінді орысша
аудармасы арқылы тереңірек білуге мүмкіндік жасалды; б)
түркологтар үшін қазақ тілін нақтырақ зерттеу мүмкіндігін туғызды,
348
тіпті қазақ сөзін қалай жазу, оны қалай түсіну ғана емес, қалай
аударуға болатынын да байқау, тексеру керектігі пайда болды.
Төртіншіден, екі тілде жарияланған фольклорлық мәтіндер, көбінесе
не орыс тілін меңгерту үшін, не қазақ тілін т.с.с. зерттеу үшін дерек
көзі ретінде қызмет етті. Бесіншіден, кейбір фольклорлық мәтіннің
араб әрпіндегі түпнұсқасы, кириллица әрпіндегі фонетикалық
транскрипциясы мен орыс тіліндегі аудармасы бірге берілді.
Олардың әрі алғысөзі мен ғылыми түсініктемелері болуы т.б.
басылымның ғылыми сипатын танытты. Ал, қалған басылымдар,
көбінесе бұқаралық, ағартушылық т.б. қызмет атқарды.
Алтыншыдан, жарияланған фольклорлық мәтіндер әрі кітап, әрі
жинақ, әрі хрестоматия, әрі оқу құралы түрінде жарияланса да,
негізінен, ғылыми, ағартушылық, бұқаралық, тілдік, этнографиялық,
фольклористік т.с.с. мақсатты көздеді. Дегенмен, Қазан төңкерісіне
дейінгі фольклорды жариялаудың кейбір талаптары: мәтіннің
жазылынып алынуына қатысты паспорттық деректерді бірге беру; не
жинақ, не хрестоматия ішінде мәтін мазмұны, алғысөзі мен ғылыми
түсініктемелердің болуы т.б. көп жағдайда орындала бермеді.
Негізінен, 1920 жылдардағы ғылыми жұмыстың ең негізгі
мақсаты- фольклорлық мәтінді жазып алып, жариялау ғана болған.
Ғалымдардың жұмысы бұл жағынан жемісті болды. Оған дәлел:
жарияланған материалдар саны қанша көп болса, баспаға әзірлеу
сапасы сонша жоғары. Жариялаудың ғылыми және жалпы оқуға
арналған түрлері белгіленген. Жарыққа шығарудың әр алуан амалын
іздестіріп, газет, журнал және жинақтарда мақалалар «Материалдар»
«Нұсқалар» деген аттармен жарияланып отырды. «Географиялық-
этнографиялық және лингвистикалық анықтамалар» сияқты
түсініктер берудің түрлері мен әдістері белгіленді. Тек мәтіннің
көркемдік сипатына түсінік беру жағы жетіспей жатты.
Азамат соғысы мен шаруашылықты қалпына келтірудің ауыр
жылдарының өзінде де халық ауыз әдебиетінің Қазан төңкерісіне
дейінгі және Кеңес тұсындағы тәуір деген үлгілері баспа жүзінде
жарияланып, Қазақстанға ғана емес, тіпті Одақ көлеміне белгілі бола
бастады. Мәселен, қазақ өлеңдері мен ертегілерінің үлгілері «Қазақ
өлкесін зерттеу қоғамының еңбектерінде» басылып шыққаннан
кейін , Түркстандағы халық музейіне қойылып, жұртқа
таныстырылды, Қазақстандағы алғаш ұлттық жоғары мектеп Қазақ
ағарту институтында ауыз әдебиеті пәні арнаулы сабақ боп оқыла
бастады.
Республика баспасөзі Кеңес фольклорының тырнақалды
үлгілерін жұртшылыққа таныстыруда үлкен қызмет атқарды.
349
Газеттер мен журналдарда ақындардың жаңа өлеңдері жарияланды.
Бұл өлеңдерде Қазан төңкерісі әкелген жаңа тұрмыс, жаңа өмір
дәріптелді.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында бұқаралық сипатта
жарияланған фольклорлық басылымдар, көбінесе жалпы халыққа
арналды. Онда жұртты оқу-білімге шақыру, жалпы ағартушылық
көзқараспен қатар, фольклорды үгіт-насихат, тәрбие құралы т.б.
есебінде қолдану мақсаты көзделді. Ал, педагогикалық сипатта
жарияланған фольклор тәрбие, тәлім, ой дамыту, өмірді таныту, білу,
тіл кестелігі т.б. тәрізді мақсатта қолданылды. Сондай-ақ
педагогикалық сипаттағы басылымдарда фольклорды баланың жас
ерекшелігін даму барысын ескеру, зерттеу мақсаттары қоса
қамтылды.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғылыми сипаттағы
басылымдарды жариялаудың негізгі мақсаты- төл әдебиетке
көпшіліктің назарын аудару мен фольклорды маманданған түрде
зерттеу еді. Сондай-ақ бұл кезде фольклордың жеке жанрларын
зерттеудің негізі қаланды. 1930- жылдарда халық шығармаларын
ғылыми жариялау негізі қалыптаса бастады. Бұл басылымдардың
біразы тілдік мақсатта, біразы фольклорды халықтың өзіндік
ерекшелігін, салт-дәстүрін, сана сезімін, таныту мақсатында, біразы
фольклордың жанрлық ерекшелігін ажырату үшін т.б. қолданылды.
Ғылыми жинақтар іші фольклордың сан жағынан көптігімен де
және олардың көп нұсқалылығымен де, сапалы сұрыпталуымен де
т.б. ерекшелінді. Жинақтар кіріспесінде фольклордың жиналу
тарихы мен қазіргі жағдайы, фольклор мен әдебиеттің өзара
байланыстылығы, жинақтың мазмұндық тақырыпшалары т.б. сөз
болды.
Ал, басылымдардағы фольклорлық мәтіндер жанрлық жағынан
топтастырылып орналастырылып, соңынан ескертулері мен
түсініктемелері бірге берілді. Сонымен бірге бұл фольклорлық
мәтіндердің сұрыпталу мен жариялану әдіс-тәсіліне келетін болсақ:
белгілі бір үлгінің пайда болу мәселесі, шығармалардың идеялық-
тақырыптық өзара байланыстылығы, халықтық үлгілердің дамуы
мен таралу ерекшеліктері, әр әлеуметтік топтарда олардың өзгеру
мүмкіндіктері т.б.- бәрі ғылыми жинаққа кірген мәтіндердің, көбінесе
толықтай паспорты толтырылуымен, орындаушылардың аты-жөні
көрсетілуімен, мәтіннің қағазға түскен күні, уақыты, жері т.б.
тіркелуімен де құнды болды.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ағартушылық мақсатта
басылым көрген оқулықтар, хрестоматиялардың қазақ фольклоры
350
тарихын жасаудағы тұңғыш еңбектер екені сөзсіз. Кеңес өкіметі
тұсында жаңадан ашылған оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті
пәні тұңғыш рет оқыла бастауы осы оқулықтарға деген
мұқтаждықты күшейткені анық. Бұларда қазақ фольклорының
барлық дерлік жанрлары (эпос, ертегі, тұрмыс-салт жырлары т.б.)
қамтылып, олардың әрқайсысының анықтамалары, ерекшеліктері
әрі фольклортану, әрі әдебиеттану талаптары тұрғысынан талдауға
түсті. Талдау барысында зерттеудің тарихи-типологиялық әдісті
қолданылуы сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымының жеткен
жетістігі екені сөзсіз. Мұндағы берілген халықтық шығармаларды
сол кездегі ғалымдар өздерінің тұжырымына, анықтамаларына дәлел
ретінде қолданып отырған. Негізінен бұл оқу кітаптарында
ғалымдар мән беріп зерттеген аспектілер фольклорлық бейне,
жырдың орындалуы, жыршының рөлі т.б. төңірегінде болды.
Жалпы фольклорды зертеудегі мақалалар, кіріспелер, алғысөздер
дегенде, зерттеу жұмысының сәтті жүргізілуі фольклортану
ғылымына белгілі ғалымдардың келіп қосылуымен де байланысты.
Сондай-ақ онда алдыңғы қатарлы фольклортанушы ғалымдардың
тәжірибесіне сүйенудің де әсері болғаны белгілі (Ә.Диваев,
Ә.Бөкейханов,
М.Әуезов,
Х.Досмұхамедұлы,
С.Мұқанов,
Қ.Жұмалиев , Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев т.б.)
Қазан төңкерісінен кейін жаңа Кеңестік заманның орнығуы
ықпалымен фольклортану ғылымы халықтық мәдениеттің
көтерілуіне, жалпы халықтық шығармашылықтың дамуына, түрлі
зерттеу еңбектерінің көбеюіне, фольклортану ғылымын дамытуда
белгілі
ғалымдардың
еңбектерінің
сұрыпталуына,
зерттеу
жұмыстарын жаңа туған қоғамдық қатынастар негізінде қайта
жазуға бағытталғаны мәлім. Бұл жұмысқа түрлі ұйымдарды,
ғалымдарды, студенттерді, оқушыларды т.б. жұмылдыру етек алды.
Мұның бәрі де түрлі қайшылық, кедергілерді бастан кешірсе де,
тұтастай алғанда, фольклорды зерттеу ғылымының да өзіндік
дамуын негіздеді.
Бұл кезде «тарихи мектеп» концепциясына негізделген мақалалар
пайда болды. Бұл еңбектерде орыс тарихи мектебінің әсері басым
болды, онда фольклордан тарихтың ізін, тарихи оқиғаны, ондағы
жер-су, қала аттарын, тарихи тұлғаларды т.б. көп іздеді. Бұлай
халықтық шығармалардан тарихи оқиғаны іздеу орынсыздығы,
тарихи оқиға ізі тек тарихи жырда ғана сақталатыны кейінгі
зерттеулерде сөз болады. Сондай-ақ фольклорды салыстырмалы
зерттеу әдісі негізінде де қарастыру белең алды. Мұнда ғалымдар
фольклорды халықтық идеологияның, танымның, эстетиканың,
351
тәрбиенің т.б. қайнар көзі ретінде қарастырды. Зерттеу барысында
фольклорға, оның жанрларына анықтамалар берілді. Және де
олардың ішкі ерекшеліктері, өмір сүру жағдайы, орындаушылары,
жіктелуі де біраз сөз болды. Дегенмен фольклорлық бейнелер,
көбінесе әдеби образ ретінде бағаланды. Міне, бұл баяндама
алғысөз түрінде болсын, жарияланған мақалалар- сол ХХ ғасырдың
алғашқы жартысындағы қазақ фольклортану ғылымының хал-
жағдайын анықтайды. Негізінен бұл кездегі мақалалар ғылыми-
көпшілік мақсатта жазылды.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысының соңына дейін қазақ
фольклорының барлық жанрлары жан-жақты, жеке-жеке салаларға
бөлініп, әрі кең, әрі терең, әрі академиялық түрде талданды. Олар
тұңғыш рет тарихи шығу мезгіліне қарай орналастырып
қарастырылды. Бұл сол кез үшін үлкен жаңалық еді. Ең көне деп
тұрмыс-салтқа байланысты жанрлар алғаш сөз болды. Басқа елдердің
фольклорын зерттеу барысында тек бір әдебиетшілері емес, басқа да
салалас ғылымдардың ат салысатыны тәрізді, яғни фольклорлық
мәтінді лингвистика, этнография, тарих, географиялық т.б. тұрғыдан
қарастыру орын алғаны анық. Әсіресе, қазақ фольклорының: ертегі,
салт жырлары, батырлар жыры, ғашықтық жырлары, тарихи
жырлары, айтыс т.б. жанрлары бұл еңбекте тек әдебиеттану
тұрғысынан емес, сондай-ақ алғаш рет фольклортану тұрғысынан
сарапталуы қазақ фольклортану ғылымының түрлі қыспаққа қарамай,
даму үстінде болғанын дәлелдейді. Демек фольклорлық мәтіннің
жиналу, жариялану тарихына қатысты ғылыми түсініктемелердің
берілуі; әр тақырып төңірегінде қарастырылатын әдебиеттер тізімі
көрсетілуі; мәтін варианттарының өзара сюжеті, кейіпкерлері,
олардың іс-әрекеттері, тілі, стилі т.б. жағынан салыстырыла
қарастырылуы т.с.с. – бәрі де фольклорды фольклортану тұрғысынан
зерттеу үлгісін танытса, ал әр нұсқаның тақырыптық-идеялық негізі,
сюжеті,
композициялық
құрылысы,
бейнелері,
көркемдік
ерекшеліктері т.б., көбінесе кеңестік жүйеге сәйкестігі маркстік-
лениндік әдебиеттану талабы тұрғысынан сарапталуы да орын
алғанын көрсетеді. Ғылыми жұмыстарда қолданылған зерттеу
әдістеріне келсек, көбінесе салыстырмалы зерттеу әдісі мен тарихи
зерттеу әдісі қатар қолданылғанын көреміз. Сондай-ақ фольклорды әрі
фольклортану ғылымының, әрі әдебиеттану ғылымының, әрі
лингвистиканың, әрі этнографияның, әрі ономастиканың, әрі
география т.б. ғылымдарының дерек көзі ретінде қарастырудың орын
алғаны қазақ фольклортану ғылымының сол кезеңдегі елеулі жетістігі
екендігі анық.
352
Достарыңызбен бөлісу: |