адамның аузынан шыққан сөздерін бұлжытпастан, қысқартпастан
һәм ауыстырмастан жазып жіберерге керек, бұрынғы ескіріп кеткен
кісілердің аттарын һәм сөздерін айтылған күйінде бұлжытпастан
жазарға керек, егер де бұлар ескірген себептен өрескел болып
көрінсе де, орысша тілменен жазылған хабар болса да қазақтың
сөзіне қарай дұрыс болсын»,- делінген [28.]
Сондай-ақ Г.Н. Потаниннің елге жолдаған бұл хатының басылуы
да– сол кездегі көпшілікті фольклор мұраларын тікелей тәсіл арқылы
тездетіп жинауға, фольклорды комплексті түрде зерттеуге
ынталандырған сұрақ-жауап түрінде жарияланған мақсатты алғашқы
бағдарлама ретінде өріс ашқаны да анық.
ХІХ ғасырда фольклор шығармаларын жан-жақты жинаған
Ә.Диваевтың еңбегі де маңызды. Ә.Диваев тікелей өз қолымен
жүздеген мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, ондаған ертегілер мен
дастандарды әрі тікелей, әрі тұрғылықты, әрі экспедициялық жинау
тәсілдері арқылы жазып алды. Сондай-ақ Ә.Диваев ел арасынан 50
шақты мысал әңгімелерді, халық даналығы көрінісі іспетті өсиет
сөздерді, қазақтың тұрмыс-салтын дәріптейтін түрлі аңыз-әңгімелерді
жинады.
Ал, Ә.Диваев жинаған мақал-мәтелдер әр алуан тақырыптар
қамтитынымен маңызды: әйелдер төңірегінде, семья, ағайын
арасындағы қатынас, қойшы, байлық, кедейлік, достық пен қастық,
қайырымдылық пен зұлымдылық, күншілдік пен қаталдық, сараңдық
пен меймандостық, оқу – білім, хан мен халық туралы т.б.
В.В.Радлов,
Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин,
Ә.Диваевтардың
фольклорды жинаушылық қызметтерін бөліп қарастырудағы басты
себеп- бұларда тәсіл бар: арнайы жинау, конспект-жазба тәсілі
(сюжетті басым алу), контакті тәсілі т.б.
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырда қазақ фольклортануы ғылымның
жеке саласы ретінде қалыптаса бастады. Бұл процесс сол кездегі
қоғамның
саяси-әлеуметтік,
тарихи-мәдени,
экономикалық
жағдайының ауқымында өтіп, ғылым мен әдебиеттің дамуына өз
әсерін тигізді. Бастапқыда фольклор тек дерек көзі ретінде жиналса,
соңынан кең түрде, академиялық т.б. сипатта да жинала бастады.
Үлкен жетістіктің бірі- мәтінді қалай жинау керектігі хақында
ғылыми бағдарлама жарияланғаны деп айтуға болады. Демек ХІХ
ғасырда фольклорды жинаудың маңызы, мақсаты мен шарттарының
негізін қалаған Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Н. Потанин тәрізді
ғалымдардың игі істері, өз кезегінде ХХ ғасырда жалғасын тапты.
24
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану тарихын
жазу үшін ең әуелі халық шығармаларының жиналу, жариялану, әрі
зерттелу тарихын жан-жақты қарастыруымыз қажет. Қазан
төңкерісіне дейінгі қазақ фольклортану тарихындағы басты өзгешелік
– фольклор үлгілерінің айтарлықтай көп жиналуы.
Кеңес үкіметі тұсындағы фольклорды жинаудағы басты мақсат-
үлгінің әлеуметтік жағына баса назар аударуға бағындырылды. Демек
қоғамдағы өзгерістер өз кезегінде фольклор үлгілерінің жиналуына да,
жариялануына да, зерттелуіне де өз әсерін тигізіп отырды. Сөйтіп,
фольклортану ғалымдары тарапынан алғаш рет шаруа, жұмысшы
тұрмысын қарастырды деген фольклор үлгілеріне баса көңіл бөлу
орын ала бастады. Сонымен қатар халық шығармаларының түрлі
жанрларына бірыңғай әлеуметтік тұрғыдан мінездемелер берілу
көбейіп, шығарманың әлеуметтік сипатына ғана қарай іріктеу алға
шықты.
Солай бола тұра, Қазан төңкерісінен кейін фольклорды жинау,
жариялау, зерттеу тарихында өзіндік жаңа бір белес басталғаны анық.
Біздіңше, бұл кезең үшін ең мәнді ерекшелік: халықтық мәдениеттің
жеделдетіліп өркендеуі, көпшілік шығармашылығының жан-жақты
дамуы т.б.
Біздіңше, бұл кезең үшін ең мәнді ерекшелік: халықтық
мәдениеттің жеделдетіліп өркендеуі, көпшілік шығармашылығының
жан-жақты дамуы т.б. Жалпы бұрынғы Кеңес Одағын құрайтын елдер,
оның ішінде Қазақстан тарихын қарастырғанда, ХХ ғасырдың бірінші
жартысын іштей шартты түрде екі тарихи кезеңнен тұрады десек:
біріншісі, Қазан төңкерісіне дейінгі, яғни 1900-1917 жылдар
аралығын қамтыса, екіншісі, Қазан төңкерісінен кейінгіні (1917-1950)
иеленетіні белгілі.
Алғашқы кезең тарихта ХХ ғасырдың басын қамтыса, ол кезеңде
Қазақстан мен Орта Азия жерлері Ресей империясының отары
болғаны белгілі [29]. Міне, сол отарлау саясатына сәйкес Қазақстанға
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында 1,5 млн. халық қоныс
аударғаны мәлім [29, 407
б.
]. Бірінші дүниежүзілік соғыс алдында
Қазақстан жеріндегі орыс халқының саны жалпы мекендеген
тұрғылықты халықтың 30% пайызына жақындай түсуі де – отарлау
саясаты жемісі еді. Қазақстан, негізінен, Ресей империясының тек
шикізат өндірумен шектелген елі, аграрлы отары болғандықтан,
көбінесе сыртқа тек ауылшаруашылық өнімдерін ғана тасымалдады.
Ол тұста Қазақстан Ресей империясының мал, астық, оның ішінде
мақта шаруашылығының шикізат көзіне айналды. Осының бәрі Орта
25
Азиялық және Орынбор-Ташкент темір жолдарының тездетіп
салынуына әкелді [29, 409
б.
].
1914 жылғы Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Орталық Азияда
1100 кәсіпорын қызмет атқарған [30]. Ал, бұл өз кезегінде сол
кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылар санының көбеюіне
әкелді. Сондай-ақ Қазан төңкерісіне дейін Қазақстан жерінде 13
шетелдік акционерлік кәсіпорындар (5-уі тау-кен орнында, 8-і мұнай
өндірісінде) пайда болған [30, 30
б
.].
Жалпы ХХ ғасырдың басында: 1905 жылы Орынбор-Ташкент
теміржолы іске қосылды. 1903 жылы «Сырдария, Ферғана мен
Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен
қоныстанудың» ережелері басылды. 1904-1906 жылдар аралығында
Қазақстан жерінде қоныс аударатын 5 аудан құрылды: Торғай-Орал,
Ақмола, Семей, Сырдария мен Жетісу. 1905-1907 жылдар аралығында
бірінші орыс революциясы толқуы болды. 1905 жылдың 17 қазанында
Ресей империясында азаматтық бостандық туралы манифест дүниеге
келді. 1906 жылы Ресей елінде Бірінші Мемлекеттік Дума, 1907 жылы
Екінші Мемлекеттік Дума, ал 1907-1912 жылдар аралығында Үшінші
Мемлекеттік Дума, 1912-1917 жылдар аралығында ІV Мемлекеттік
Дума өз жұмыстарын атқарды. Сондай-ақ 1911 жылы «Айқап»
журналы, 1913 жылы «Қазақ» газеті дүниеге келді. 1914-1918 жылдар
аралығында Бірінші дүниежүзілік соғыс жүрді. 1916 жылы 25 июньде
патша үкіметінің қара жұмысқа қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, дұнған
мен ұйғырларды алу туралы шешімі ел арасында үлкен қозғалыс
дүрбелең тудырды. 1916 жылдың июль айынан бастап Қазақстанда
ұлт-азаттық көтерілісі басталды. Сонымен қатар 1917 жылы 28
февральде Ресейде патша тақтан тайдырылды – бәрі бұрынғы Кеңес
Одағын құрайтын елдерде, оның ішінде Қазақстанда халық
санасының оянуына, рухани дамуға елеулі ықпал етті. Міне, ХХ
ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның саяси, экономикалық,
әлеуметтік өмірінде маңызды оқиғалар орын тебуі, қазақ
фольклортану ғылымы дамуына да тікелей әсер етті.
ХХ ғасырдың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңінде қазақ даласында
болған зерттеулер мен ғалымдардың атқарған істерінің маңызды бір
саласы – ол фольклор үлгілерін жинау, жариялау, сондай-ақ оны орыс
тіліне аудару болғаны мәлім. Яғни фольклорды жиыстыру ісінде
тілшілер көмегіне сүйену, жазып алу ісін хат танитын адамдарға
тапсыру, ұйымдастыру т.б. тәрізді іс-шаралармен қатар, арнайы
фольклорлық терминдердің қалыптасып үлгермегеніне қарамастан,
фольклор үлгілерін жинауда оның барлық түрін қамтуға талпыныс
байқалады. Сонымен бірге фольклорды жиыстырғанда, ел арасынан
26
сұрау салып іздеу, түпнұсқаға мейлінше жақын етіп аудару, нұсқаның
мазмұнын қарасөз түрінде баяндау шаралары да іске асқан.
Ол кезде фольклор мәселелері, көбінесе этнографтар, тарихшылар
т.б. тарапынан қарастырылған. Орыс ғалымдары мен жазушыларының
Қазақ еліндегі ғылым мен мәдениеттің, қоғамдық ой-пікірлердің
дамуына үлкен үлес қосуы, әсіресе, қазақ фольклорына арналған
мақалалар жазуы, түрлі библиографиялық көрсеткіштер жариялауы
т.б. - мұның бәрі Ресейдің бірінші кезектегі империялық-отарлау
саясатынан туындаған еді.
Патша өкіметі қазақ елін жүйелі түрде басқарып, шикізат
байлығын игеру үшін, алдымен әкімшілік билеу тәртібін кіргізді,
кейіннен екі ел арасында сауда қатынасын дамытты, орысша білім
беретін мектептерді ашты, тағы басқа шараларды жүзеге асырды. Ал,
мұның өзі қазақ өлкесінің тарихын, этнографиясын, жағырафиясын,
тілін, мәдениетін зерттеуге Еуропалық ғалымдар үшін де жол ашты.
Демек, Қазан төңкерісіне дейінгі фольклорлық материалдардың
жиналып, түрлі ой-пікірлердің дамуы т.б. – көбінесе зерттеушілердің,
алдымен өлкенің жер жағдайын, табиғатын, халық тарихын,
мәдениетін т.б. зерттеу мақсатынан туындағаны сөзсіз. Қоғамдағы
осындай саяси, шаруашылық т.б. өзгерістер өз кезегінде фольклортану
ғылымының қалыптасуына жағдай жасағаны анық.
ХХ ғасыр басында қазақ жеріне орыстардың қоныс аударуы
жергілікті халықтың наразылығын тудырса, ал қалалардың бой
көтеруі, әрі өнеркәсіп, сауда орындарының дамуы, қатынас
жолдарының (почта, телеграф т.б.), егіншіліктің өркендеуі, қоғамдық-
саяси сананың, әдебиет пен өнердің, ғылымның қалыптасуы т.б.
сахарадағы баспасөз ісінің дамуына әкелгені күмәнсыз.
Қазақ фольклоры мен этнографиясын зерттеу ісі бірнеше бағытта,
әр түрлі әдіспен жүзеге асты. Қазақ жеріне арнайы тапсырмалармен
келген әскери адамдар, саясатшылар, миссионерлер, оқымыстылар
қазақ жерінің топографиясын жасаумен қатар, жер-су, тау-тас, елді-
мекенге қатысты түрлі әңгіме-аңыздарды, жырлар мен ертегілерді т.б.
хатқа түсірумен айналысты.
Орыс миссионерлері мен зерттеушілері қазақша-орысша сөздіктер
жасау, орыс әрпімен оқулықтар, әр түрлі хрестоматиялар дайындау
үшін фольклор үлгілерін пайдаланғаны белгілі [31]. Осы орайда Қазан
төңкерісіне дейінгі фольклортанушы ғалымдар көмегімен жиналған
мәтіндердің үйлесім тауып, арнайы жанрларға жіктелмегендігін де
атап өтуге тиіспіз.
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ фольклортану мәселесімен
шұғылданушы В.В. Радлов, П.М.Мелиоранский, М.В. Готовицкий,
27
Я.Лютш, А.Е. Алекторов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, С.Г.
Рыбаков, Ә.Диваев т.б. - бәрі қазақтың мәдени мұрасын өте жоғары
бағалаған.
ХХ ғасырдың алғашқы он жеті жылы ішінде Ресейде болған
саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер қазақ өлкесіне де өз әсерін
тигізді. Қазақ тілінде басылым көрген кітаптар қазақ елінің
тарихынан, әдеби, мәдени өмірінен сыр шертіп, тарихи деректерді,
мұрағат қазыналарын толықтырды. Ресей зиялыларының қазақтың бай
фольклорлық шығармаларын жинау, бастыру, зерттеу жұмыстары
нәтижелері күні бүгінге шейін өз маңызын жойған жоқ.
Ал, орыс археологиялық қоғамының Шығыс бөлімі, Қазан
университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамы,
Москва университетінің жанындағы жаратылыспен, антропологиямен
және этнографиямен әуестенушілер қоғамы, әсіресе Орыстың
географиялық қоғамы сияқты ғылыми ұйымдар өз төңірегіне
таңдаулы ғылыми күштерді топтастырып, материал жинауға арналған
саяхаттарды жабдықтап, жинақталған материалдарды өзінің баспасөз
органдарында жариялап отырды. Мәселен, қазақ фольклорын
жинаушы А.В. Васильев Орынбордағы географиялық қоғамның
Хабаршысына қосымша ретінде «Үш жігіт» үлгісін кітап етіп
шығарады [32]. Еңбектің маңыздылығы: біріншіден, орыс әрпімен
қазақ және орыс тілдерінде басылса, екіншіден, үлгінің Торғай
облысы, Ырғыз оязының қазақтары А. Күлдеев пен Айғанасовтың
ауызба-ауыз айтуынан қағаз бетіне түскені.
1900 жылы 1000 бетке таяу күрделі еңбек – А.Е. Алекторовтың
«Көрсеткіші» жарияланды [33]. Мұнда үш мыңнан астам мақала
қамтылып, оларда қазақ елінің тарихы, этнографиясы, тілі, әдебиеті
т.с.с. жайында кітап, журнал, газет беттеріндегі қазақ, орыс тілінде
жарияланған басылымдар жинақталды.
Ғалым Н.Ф. Катанов 1898 жылдан бастап Қазан университетінің
жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамын басқарды.
Қоғам жұмысына белгілі зерттеушілер: А.Е. Алекторов, Ә. Диваев,
Н.Пантусовтар т.б. тартылды. Осы кезде Н.Катанов қазақ ауылдарын
көп
аралап,
қазақ
фольклорына,
мәдениетіне,
тарихына,
этнографиясына қатысты материалдарды тікелей өзі жинаумен
айналысты.
ХХ ғасыр басындағы газет-журналдар беттерінде қазақ
фольклорына қатысты үлгілер жиі басылып, жинаушылар есімдері де
көрсетіле бастады. Нұсқа әрі қазақ тілінде, әрі орыс тіліндегі
аудармасымен қатар басылып отырылды. Жинап бастырушылар
қатарында орыс зерттеушілері А.Е.Алекторов, А.А. Ивановский, М.
28
Миропиевтермен қатар қазақ зиялылары Бекен Адықов, Жағыпар
Айманов, М.Ж.Көпеев, Қ.Жапанов, Б.Райымбеков, Т.Сейфуллин,
Р.Дүйсембиев, т.б. есімдері бар. Бұлардың кейбірі жазып алған үлгіні
өз атымен бастырса, кейбірі кімнен, қай жерден жазып алғаны
турасында деректерден де хабардар етіп отырған.
Қай елдің болса да ескі тарихынан, мәдениетінен, өткен-
кеткенінен мол дерек беретін материалдардың бір саласы – ол
халықтың өзі жазып қалдырған қолжазбалары. Мәселен, Қазақстан
Республикасы Ғылым академиясының Орталық Ғылыми кітапханасы
мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
қолжазбалар қорында ХХ ғасырдың бас кезінде жиналған
фольклорлық шығармалар мол сақталған. Ішінде Ә.Диваевтың,
тарихшы Н.Веселовскийдің, М.Ж. Көпеевтің, Ш.Жиһангеровтың,
Т.Ізтілеуовтың, Б.Мұсабектің, т.с.с. көптеген ақын-жазушылардың
кітаптары мен қолжазбалары бар. Ғалым Ә.Жиреншин пікірінше:
Достарыңызбен бөлісу: |