29
ертегілері мен эпосынан, мақал-мәтелдерінен де бай материалдар
жинақталады. Жинау жұмыстары Қазақстанның Солтүстік пен
Шығыс, Оңтүстік пен Батыс және Орталық аудандарын қамтыды.
Фольклордың эпос, ертегі және мақал сияқты түрлеріне көңіл бөлініп,
олардың мол қоры жасалды.
Мәтінді жинау жұмыстары фольклортану ғылымының сол уақытта
қабылданған
талап-тәртібі
бойынша
жүргізілді:
бірінші
–
жинаушылар қазақ тілінің жергілікті
ерекшеліктерін ескере отырып,
мәтінді дәл түсіріп отырған; екіншісі – ХХ ғасырдан бастап шығарма
мәтінін ел аузынан жазып алғанда, қажетті паспорттық мағлұматтар
жазу ісінің сапасы артты (айтушының өмірбаяны, шығарманың елге
қаншалық таралғаны, оның шығу, таралуындағы ерекшеліктер т.с.с.).
Дегенмен 1917 жылға дейін халық күйлері мен термелерін жазып
алуға көңіл жете бөлінген жоқ [36].
Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласындағы елдің тарихын,
шаруашылығын,
тұрмыс-тіршілігін, жер жағдайын т.б. нақты білу
үшін, Ресей тарапынан арнайы экспедициялар ұйымдастырылғаны
белгілі. Мұндағы халық әдебиетіне қатысты зерттеулердің біразы
қысқалығымен де ерекшеленеді. Сондай-ақ жергілікті жерді жүйелі
басқару үшін патша үкіметі тарапынан екі тілдегі (орыс, қазақ)
мектептердің, газет баспаларының т.б. ашылуы да халық сауаттылығы
артуын, басылған фольклор үлгілерін оқуға қызығушылығын тудырып
отырды.
Қазақ жерінде Орыс географиялық қоғамының бөлімшелері де
ашылған болатын [37]. Таза ғылыми мақсат көздеп,
зерттеу
жұмыстарын академиялық түрде т.б. жүргізуді ниет еткен ғалымдар
фольклорды барынша дұрыс жазып алуға, оны сұрыптап жүйеге
келтіруге, жарыққа шығаруға ғылыми түрде талдап, зерттеуге күш
салған.
ХХ ғасыр басындағы Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі
орын алған түрлі тосқауылдарға қарамастан, ғылымды шын сүйетін
ғалымдар бұл істі, негізінен алғанда, дұрыс бастап,
өрістетіп келген
деуге болады. ХХ ғасыр басындағы белгілі фольклортанушы
ғалымдар: Г.Н. Потанин, Ә. Диваев, М.Ж. Көпеев т.б. жазбалары
жинаушыларға қойылатын басты-басты талаптарға сай келді.
Біріншіден, материалдарды кімдерден қандай жағдайда алғанын үнемі
дерлік көрсетіп отырды. Екіншіден, халықтың ұғымын, ауызекі
сөйлеу тілі ерекшелігін сақтап, қағазға түсірген. Үшіншіден, белгілі
бір
аңыздың тарихилығын, шындығын дәлелдерлік деректерді қоса
келтірген. Мұның бәрі жоғарыдағы ғалымдар жазбаларының қазақ
тарихы, философиясы, этнографиясы, әдебиеті, тілі, педагогикасы т.б.
30
салалары үшін, ең бастысы қазақ фольклортану ғылымы үшін де баға
жетпес дерек көзі боп қала берді.
ХХ ғасырдың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ
фольклорының әрі жиналу, әрі жариялану, әрі зерттелу ісінде сол
кездегі ұлттық баспасөзінің атқарған қызметі өте ерекше болды.
Мәселен, баспасөз беттерінде түрлі-түрлі фольклорлық үлгілердің
басылып шыққаны турасында хабардар етуі [38]:
біріншіден,
фольклордың тездетіліп ел арасына таралуына септігін тигізсе;
екіншіден, осы арқылы халық арасындағы түрлі халық ауыз әдебиеті
нұсқаларының тездетіліп жиналуына қозғау салып, өз кезегінде
баспасөз орындарына жылдам жеткізіліп, басылым көруіне әсер етті.
Сондай-ақ басылым беттерінде ел ішінде қазақ фольклорын,
этнографиялық материалдарды жинап, насихаттауда Г.Н.Потанин,
Ә.Диваев сияқты фольклортанушылар жөнінде мақалалар басылуы да
белгілі дәрежеде рөл атқарды [39]. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз
беттерінде
қазақ елінің фольклорлық, этнографиялық материалдарын
жинау қажеттігі туралы да еңбектер [40] басылды.
Демек, ұйымдастырған экспедициялардан бұрын жеке адамдардың
далалық қызметі, негізінен, энтузиазм мен ғылыми қызығушылықтан
туындаған. Ал жинаушының фольклорды ел арасынан жазып алу
үлгісі, көбінесе тікелей түрде болған.
Достарыңызбен бөлісу: