20
Олардың тәжірибесі келесі ұрпақтың фольклорды жинау ісін әрі қарай
дамытуына жол ашты. Соның арқасында бұл дәстүр ХХ ғасырдың
бірінші жартысында да тоқтап қалмай, өз жалғасын тапты.
Бұл кездегі жиналған фольклор үлгілері өзінің мәнерлілігімен,
көркемдік күш-қуаты неғұрлым толық сақталуымен ерекшеленеді.
Сондай-ақ фольклорды жинау, жариялау
мен зерттеу жұмыстары
этнографиялық
бақылаулармен
тығыз
қарым-қатынаста
қарастырылып отырды.
Дегенмен, қазақ эпосын жинауда түркітанушылар тарапынан
мәтінді мүлтіксіз, дұрыс жазып алу жағы қадағаланса да, нұсқаның
варианттарын және жырды айтушылар туралы мәлімет жазып алуға
деген немқұрайлылық жағы кездесіп отырды. Бұл фольклорды
жинаудағы кемшіліктер тіпті демократтық бағыттағы зиялылар
арасында да кездеседі. Мәселен, Ш.Уәлиханов
жазып алған кейбір
ертегі, аңыз, эпостың кімнен, қай жерде, қай уақытта жазып алғаны
белгісіз.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклорын жинау
жұмыстары, негізінен, тарихи-этнографиялық сипатта болды. Қазақ
даласында болған ғалымдар мен саяхатшылар
ауыз әдебиетінің
үлгілерін
халықтың
тұрмыс-тіршілігімен,
әдет-ғұрпымен
байланыстыра жинады. Өз көзімен көрген жәйіттерді, олардан алған
әсерлерін, мәселен, А.Левшин, А.Янушкевич, Г.И. Спасский,
А.Назаров тәрізді зерттеушілер қағаз беттеріне түсірген [21].
Қазақ фольклоры, көбінесе халықтың әдет-ғұрпын, түрлі наным-
сенімдерін
сипаттау
үшін
зерттеушілер
И.Казанцевтің,
В.Броневскийдің т.б. тарапынан да жиналды [22].
ХІХ ғасырда қазақтың эпостық жырларын жинауға Ш.Уәлиханов
елеулі үлес қосты. Мәселен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Едіге»
тәрізді жырлардың бірнеше нұсқасын қағаз бетіне түсіргені мәлім.
Н.Ф.Костылецкий фольклор шығармаларын қазақ даласына
арнайы шығып жинамағанымен, жер-жерге сұрау салып, түрлі
мәліметтер мен қолжазбаларды
Абайдың інісі Халиұлла
Өскенбайұлы, Мұстафа Бүркітбайұлы, Садуақас Анайұлы, орыс
тілмаштары Н.В. Шебалин, А.Фроловтардан т.б. жинаған [23].
ХІХ ғасырдың екінші жартысында да жиналып, жарияланған
материалдардан басым көпшілігі қазақтың этнографиясы, елдің
тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы болып келеді.
Осындай
материалдар ішінде там-тұмдап болса да фольклор үлгілері кездеседі
[24].
ХІХ ғасырдағы жинаушылардың мақсаттары да,
әдістері де әр
түрлі болды. Біразы қазақ даласына әскери, немесе мемлекеттік
21
қызмет бабымен келіп, фольклорды жол-жөнекей, өздерінің
жолжазбаларында мазмұндап келтіреді. Кейбіреулері күнделіктерінде,
яки естеліктерінде қызықтыру мақсатында фольклорлық сюжеттерді
баян етеді. Басқа бір тобы ресми саясатты жүзеге асыру, яғни
отарлауды
тереңдету, әрі кеңейту үшін қазақтың этнографиясын, ой-
пікірін жақсырақ білу үшін фольклорды арнайы түрде жинаған. Бұл
топты миссионерлер құрады. Олар тілімізді де үйрену үшін
фольклорлық шығармаларды ел арасынан жинап, орыс әрпімен
жариялаған. Ендігі бір топ қазақ фольклорын ғылыми мақсатта
жинаған.
Олар
сол
тұстағы
белгілі
түркітанушы
мен
шығыстанушылар еді. Бұл топ ескі қолжазбаларды да қарастырған,
өздері де елге шығып,
материал жинаған, арнайы тілшілерін де
дайындаған.
Осылай бола тұрса да, объективті түрде сол шақта жүргізілген
жинаушылықтың оң нәтижесі болғаны да күмәнсыз. Мәселен, ұлттық
фольклорымыздың небір әдемі үлгілері хатқа түсті, сюжеттері
баяндалды, ал, мұның бәрі өз кезегінде ғылым үшін өте пайдалы рөл
атқарды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ фольклортану ғылымы өз
алдына жеке ғылым саласы ретінде қалыптасқаны белгілі. Бұл кезде
фольклор үлгілерін жинау әрі қарқынды, әрі мақсатты түрде
жүргізіліп, көбінесе танымдық, насихаттық т.б. сипат танытты.
Фольклорлық
шығармалар, негізінен, саяхатнама, сипаттама,
жазбалар, күнделік т.б. түріндегі еңбектер ішінде кездесіп отырған.
Мәселен, В.В.Радловтың нағыз ғылыми жүйемен жинастыру әдісі
бірден қалыптаса қойған жоқ.
«Әдетте жарыса жазғанда
Достарыңызбен бөлісу: