Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


 Фольклорды жинау тәсілдері



Pdf көрінісі
бет14/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

1.2 Фольклорды жинау тәсілдері. 
1.2.1 Контакт түрдегі жинау тәсілі. 
 
Фольклорды жинаудың қалыптасқан үш тәсілі бар: бірі–тікелей 
жинау тәсіл, екіншісі – тұрғылықты жинау тәсіл, үшіншісі – 
экспедициялық тәсіл. Фольклорды контактілі түрде жинау дегеніміз: 
не жинаушы фольклорды ел арасынан арнайы іздеп, айтушыдан 
тікелей жазып алады, не жеке адамдар өз инициативасымен жинайды. 
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамда болып жатқан түрлі 
идеялардың күресі өз кезегінде фольклорды жинау, жариялау, зерттеу 
қызметтерінің мақсатты бағыт-бағдарын айқындап берді. Мәселен, 


42 
«қанаушылар» - деп аталатындарға қарсы күрес, «бітіспес» делінген 
тап тартысы ұғымы әсері, артықша сипатта делінген социалистік 
құрылысты 
мадақтау, 
пролетарлық 
әдебиетті, 
әдебиеттің 
партиялылығын дәріптеу, қара шаруа мен жұмысшы қозғалысын 
насихаттау т.б. –бәрі кезең ерекшелігін танытумен бірге фольклор 
үлгілері жиналуы мен бағалануына пәрменді ықпал етіп отырды. 
Жалпы, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қалыптаса бастаған 
фольклорды іздестіру дәстүрі Кеңес үкіметі тұсында, түрлі 
бұрмалауға қысымға ұшыраса да, негізінен алғанда, ерекше жандана 
түсті. Оған бірнеше себеп бар: біріншіден, жас Кеңес үкіметіне жеке 
өзінің саясатын ақтайтын шаруашылығы, идеологиясы, ғылымы, 
мәдениеті т.б. қажет болғандықтан фольклорды осы мақсатта 
пайдалану ниеті қоса туды. Сол үшін де арнайы қаражат көздері 
іздестіріліп, түрлі экспедиялар ұйымдастырылды. Екіншіден, Қазан 
төңкерісіне дейінгі фольклорды жинау жұмыстары, көбінесе жеке 
адамдардың еңбегі арқылы іске асса, сондай-ақ олардың біразына 
патша өкіметі тарапынан ақшалай көмек беріліп отырғаны да мәлім. 
Ал, патша өкіметі тарапынан беріле қалса, оның тек миссионерлік 
мақсатқа ғана пайдаланғаны белгілі. 
ХХ ғасыр бас кезінде қызмет еткен белгілі жинаушылар:
М.Ж.Көпеев, Ә. Диваев, Х. Досмұхамедұлы, Н.Пантусов, А.Мелков
т.б. халықтық шығармаларды тыңғылықты іздестіру жұмыстарын 
жүргізе отырып, табылғанды сақтай білді. Олардың халық мұрасына 
жанашырлықпен қарап, қызғыштай қоруы арқасында Қазан 
төңкерісіне дейінгі кезеңнің өзінде-ақ қазақ фольклорының мол 
мұрасының бір бөлімі әрі жинақталып, әрі сұрыпталынып, әрі 
жарияланып – бәрі қазақ фольклортану ғылымы үшін зерттеушілік 
жұмысқа қажетті материалдық негіз құрады. 
Ә.Диваев фольклорлық шығармаларды жазып алумен бірге, халық 
шығармалары жазылған жинақтар мен қолжазбаларды да жинай 
жүрді. Ол кезде халық шығармалары қазақ ауылдарына ауызша ғана 
емес, жазбаша да тарайтұғын. Ә. Диваев алдымен қолжазбаның өзін 
қолға түсіруге тырысқан, ал иесі бермеген жағдайда көшіріп алуға 
көшкен. Мұндай жағдайда шығармаға «қолжазбадан» деген белгі 
соғып отырған. Ә. Диваев Ақынбеков Еркінбектің қолжазба 
қорындағы ертегілері мен Амалдықов Қожабайдың қолжазбасынан 
алынған - «Алпамыс» жырын бастырып шығарды. 
Фольклоршы Ә.Диваев халық ауыз әдебиеті нұсқаларын 
этнографиялық материалдармен байланыстыра жинады. Ол халық 
поэзиясын халықтың тұрмысынан бөле қарауға болмайды деп білді. 
Сондықтан да ғалым көптеген халық ауыз әдебиет нұсқаларын


43 
әсіресе әдет-ғұрыппен байланысты өлең-жырларды тікелей тәсіл 
арқылы жинағанда, әдет-ғұрыптың өзін де бірге жазып алып, 
халықтың тұрмысында өлең-жырдың атқаратын қызметін қоса 
көрсете отырған. 
Ә.Диваев түркітанушылардың көбімен байланысты болды. Оның 
ғылым құмарлығы, көзқарасы, іздену әдісі орыстың Шығыс зерттеу 
ілімінің арнасында қалыптасты. Ә.Диваевке тән жақсы қасиеттер – 
материалды контактілі тәсілмен жинастыру, зерттеу жұмыстарының 
кеңдігі мен терең мағыналылығы, еңбек адамына іштартып, халықтың 
рухани мәдениетін қадірлей білу – оның ісінен айқын сезіледі. Ол 
халық поэзиясынан көптің ақыл-ойы мен сана-сезімінің және 
өнерпаздығының сәулесін көрді. Қазақтың халық эпосы мен 
мақалдарын сипаттай келіп Ә.Диваев былай дейді: «Қазақтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет