53
Сонау бір сары белден аспадым деп,
Кетіпті арман қылып біздің елді-ей! ...[90].
Ақынның «Жарылғап пен Абылай хан» жазбасында мынадай
дерек кездеседі:
«Бұрынғылар аңыз қылған: «Қазақта байлық, бектік,
ұрлық – үшеуі бір тұқымға сыйған емес. Жалғыз-ақ осы үшеуі
Жарылғапқа сыйған: Не үшін? Бұған дуа кеткен. Абылай хандай
аруақты ерден дуа алған! – делінген сөз. Баймұрын мырзаның
тұңғышы Шотақ байды көрдік. Мінезі – қойдан қоңыр, мырзалығы –
жиексіз мырза, әулие дерлік, табиғат иесі адам еді. Сол Шотақтың
бәйбішесінен туған Исақ, Ермек-Мұса, Секербай заманындағы
ұрының атақты дөкейі болды. Былтыр мен биыл атағы шығып
жүрген Қышқаш та- сол Жарылғаптан шыққан ұры. Тірі болсаңдар
естисің, Қышқаштан дөкей Шатынауық шыққанын» [91].
Жинаушылықтың: ауызба-ауыз жазып алу, яғни тікелей тәсілін,
ескі қолжазбалардан, кейбір кітаптардан
көшіру тәрізді тәсілдерін
қолдану кезінде, жалпы фольклорист ғалымдар атаулының ұстанатын
негізгі принциптері: сөзді өзгертпей сақтау, естіген күйінде ауызша
стилін бұзбай жазу керектігі. Өмірбаяндық деректерінде Ақмола
дуаның тұрғыны Мейрам Жанайдарұлы үйінде М.Ж.Көпеевтің өзі
көп уақыт тұрғаны, қолжазбаларын ақтарғаны,
әдеби мұра сөздерін
зерттегені айтылған. Өмірбаяндық дерегінің келесі бір жерінде
ақынның Мұса Шорман баласы Сәкен ағайдан іші әңгімеге толы
қолжазбаны қалап алғаны сөз болады. Бұған қарап М.Ж.Көпеев біраз
фольклорлық нұсқаларды осы қолжазбалардан тікелей көшіру әдісі
арқылы алған деген ойға келеміз (бірақ нақты қай үлгілері екені
белгісіз). Кейбірде ол қай фольклорлық үлгілерді қайдан алғандығын
көрсетіп те отырған. Мәселен, «Қазақ түбі» деген әңгімесін Әбілғазы
Баһадүр хан шежіресінен [92] алдым десе,
қазақ мақалдарының
біразын Мұса Шорман қолжазбасынан алғандығы [93], «Пайғамбар
сөзі» «Шіп Алтуин мен Алайман» тәрізді әңгімелерді «Хадис-
Шарифтан» көшіргендігі [94] сөз болады. Сондай-ақ осы қолжазба
ішінде М.Ж.Көпеев: «Шәкәрім шежіресінен Тобықтыны жазып
алдым», - дегені де бар [95]. Алайда бұдан, М.Ж.Көпеевтің негізгі
жинаушылық тәсілі «қолжазбалардан көшіру» деген сияқты ой
тумауы керек. Себебі мұндай жинаушылық
әдіске ғалым жиі бара
бермеген. Оған М.Ж.Көпеев жазып кеткен мына бір сөздері дәлел:
Достарыңызбен бөлісу: