1.2.3 Экспедициялық тәсілмен жинау.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда фольклорды
жинау, зерттеу жұмыстарымен Жазушылар одағының поэзия
секциясы, Қазақтың С.М. Киров атындағы Мемлекеттік университеті
мен Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтының қазақ әдебиеті
кафедрасы, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл,
әдебиет, тарих институты (1946 жылдан бастап Қазақ ССР Ғылым
академиясының Тіл мен әдебиет институты) шұғылданды.
Жоғарыда біз атап өткен ұйымдар Қазақстанның жер-жеріне
экспедициялар жіберіп, ауыз әдебиетінің материалдарын жинатып
отырды. Халық ауыз әдебиетін жинаушылар тек материалдарды
жазып алып қана қоймай, оны айтушы адамдармен үнемі байланыс
жасап, қамқорлыққа алды. Ел арасынан халық ауыз әдебиетін жинау
істері де көпшілік арасында жүргізілген саяси- тәрбие жұмыстарымен
тығыз байланысты болды.
Халық ауыз әдебиетін жинаушылар экспедияцияда жүрген
кездерінде ақындармен әңгіме өткізіп, көпшілікке арнап ауыз
әдебиетінің мәселелері жөнінде лекциялар оқиды. Жиналатын
материалдардың сапасына да көп көңіл аударды. Көбінесе, тарихи
жанрға жататын шығармалар, халықтың нақыл сөздері, осы заманды
бейнелеп көрсететін өлеңдер молырақ жиналды. Халық ауыз
әдебиетін жинау жұмысымен ақындардың өздері де шұғылдана
бастады. Мәселен, ақын Айса Байтабынов өзі білетін «Қобыланды»,
«Әуез батыр», «Ер Сайын», «Көрұғлы», «Телағыс» жырларының
нұсқаларын тапсырды [123]. Ақын Шапай Қалмағамбетов
«Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қарабек», «Құбығұл» сияқты бірқатар
жырлардың қолжазбаларын ел арасынан іздестіріп тапты [124].
Экспедицияның
жұмыстары
жүргізілді:
ақындар
мен
жыршылардың өмірбаянын жазып алу, олардың өлең мен жырды
орындау кезінде әрқайсысына тән ерекшелігін сипаттап айту, ауыз
әдебиеті шығармаларының нұсқаларын іздеп тауып алу міндеті
73
көзделді. Сол сияқты шаруалар мен жұмысшылардың Қазан
төңкерісіне дейінгі және Кеңес тұсындағы фольклорын жинау міндеті
де қойылды. Бағдарламада көркемөнер үйірмесінің жұмысын
зерттеуге, ауыз әдебиеті шығармасының тууына, белгілі бір
шығарманы әр адам өзінше айтып кете алатындығына көп көңіл
бөлінді. Бағдарламада көрсетілген осы нұсқаларға сәйкес ауыз
әдебиетін жинаушы адам шығарманы біреуден біреу қалай жаттап
алатындығын білуге тиіс болды. Сонымен халық ауыз әдебиетін
жинау мәселесі ғылыми мәні бар іске айналып, оны жинауға
бұрынғыдай бірлі-жарым адам емес, көпшілік болып ат салысты:
С.Әбдізақов (Көкшетау облысы), Қ.Амантаев (Оңтүстік Қазақстан
облысы), Н.Әминов (Солтүстік Қазақстан облысы), Н.Байтілеуов
(Батыс Қазақстан облысы), М.Бимағамбетов (Гурьев облысы) т.б.
Ақындар мен жазушылардан фольклорды жинау жұмыстарына:
Құлзақ Аманкелдин, Желеу Жақыпов, Ысқақ Жүсіпов, Шапай
Қалмағамбетов және т.б. қатысты. Жинау жұмысының әдіс-тәсілі де
жөнге келтірілді. Халық ауыз әдебиеті шығармаларының есте
қалғандарын ғана жазып, оны қалай болса солай түзете салу мүлдем
қойылды. Халық ауыз әдебиетінің шығармаларын жазып аларда оны
айтушы адамдар мен шығарманың шығу төркіні жайындағы
мәліметтер ескерілді.
1917 жылдан бастап экспедицияның негізгі міндеті- Кеңес
фольклоры мен батырлар жырының, тұрмыс-салт дастандарының
нұсқаларын т.б. ел аузынан жазып алу болды. ХХ ғасырдың бірініші
жартысындағы қазақ фольклортану ғылымындағы фольклорды
іздестіру, жинау ісі жеке даралық жұмыстары негізінде басталып,
бірте-бірте жалпылық сипат ала бастады. Сөйтіп, Қазақстанда 1920-40
–шы жылдары алғашқы экспедициялар ұйымдастырылды. Мәселен,
1920 жылғы Сырдария экспедициясын Ташкенттегі Қазақтың
ғылыми-зерттеу қоғамы ұйымдастырған. Ал, 1921 жылғы Жетісу
экспедициясы; 1935 жылғы Қостанай экспедициясы; 1940 жылғы
Семей экспедициясы; 1940, 1942 жылғы Арал экспедициясы; 1946
жылғы Көкшетау-Ақмола экспедициясы; 1946 жылғы Қостанай,
Семей, Ақтөбе, Қарақалпақ экспедициялары; 1947 жылғы Қостанай,
Гурьев экспедициялары; 1948 жылғы Маңғыстау экспедициясы; 1949
жылғы Гурьев экспедициясы –бәрі де КСРО Ғылым академиясының
Тіл-әдебиет бөлімі (1940, 1942 ж.), кейіннен Қазақ ССР Ғылым
академиясының Тіл және әдебиет институты (1946, 1947 ж.), Әдебиет
және тіл институты (1948, 1949 ж.) тарапынан ұйымдастырылды.
Қазан төңкерісіне дейінгі фольклорды, көбінесе белгілі ірі
фольклортанушы ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, ағарту
74
мен медицина қызметкерлері т.б. жинастырып, баспа беттерінде, түрлі
жинақтарда, ғылыми еңбектерде жарияланғаны мәлім. Ал, Қазан
төңкерісінен кейінгі дәуірдегі фольклортану ғылымы дамуы үшін
фольклорды жинауға арналған көптеген түрлі экспедициялардың
ұйымдастырылуының да т.б. үлкен мәні болды.
Баспа беттерінде фольклорды жинауға қатысты көтерілген
мәселелер: мәтінді қағазға дәлме-дәл түсіру жұмысының қаншалықты
маңызды екендігін түсіндіруге, нұсқаның жазылынып алыну
паспортының дұрыс толтырылуына т.б. көңіл бөлінді. Мұндай
мәселелердің шығу себебі жалпы көпшіліктің фольклорды жинаумен
айналыса бастауынан туындап отырды. Яғни мұндай кең ауқымды
фольклорды жинау жұмыстары жүргізілгенде, маман еместердің ісіне
байланысты түрлі ауытқулардың, кемшіліктердің туындайтыны
заңды. Ал, түрлі экспедициялар ұйымдастырылғанда, олардың
құрамында әр түрлі маман иелері: жазушы, ғалым, өнер
қайраткерлері, мұғалімдердің қатысуы да т.б.- бәрі де жинау
жұмыстарына өзіндік ерекшеліктер қосқаны сөзсіз.
Ұйымдастырылған экспедициялар түрлі елді- мекендердегі
фольклорлық мәтіндерді жинаумен ғана шектелмеді. Сондай-ақ сол
елді-мекеннің халықтарының тілдік, диалектикалық ерекшеліктері де,
топонимикалық атаулардың этимологиясы да, жергілікті елдің өзіндік
тұрмыс-тіршілігі де, халықтың құрамын, санын және өсуін
айғақтайтын мәдени ескерткіштермен бірге көне кітаптар мен
қолжазбаларға да көңіл бөлу өсті. Сонымен қатар ұйымдастырылған
экспедициялар арнайы белгілі бір жердің фольклорлық репертуарын
жинаумен де шұғылданды. Мұнда, көбінесе тұрғылықты бақылау
әдісі қолданылды.
Осындай экспедициялық әдіс арқылы жиналған мол халықтық
мұралар елдегі «фольклорлық мұрағаттың алтын қорынан» орын
тапқаны белгілі. Мұның бәрі идеологияның басқа салалары тәрізді,
әдебиеттің де, оның ішінде фольклор жинаудың кезеңдік
ерекшеліктері мол болғанын, оны жіті қадағалап, ескерту қажеттігін
дәлелдейді.
Фольклорлық мұраны жинау жұмыстарында тұрғылықты әдіспен
қатар жиі орын алатын әдіс- экспедициялық жұмыс. Мұндай жинау
әдісі, әдетте фольклорды тақырыптық, не жанрлық тұрғыда жүйелеу
түрімен байланыстырылады. Сондай-ақ бұл әдіс белгілі бір елді-
мекендегі фольклордың хал-жағдайын тексеру қажеттігі туғанда да
жиі қолданылады. Жинаудың экспедициялық әдісі, көбінесе Кеңес
өкіметі тұсында жиі қолданылып, дәстүрлі жоспарлы істердің біріне
75
айналды. Фольклорлық экспедициялар алдында, негізінен алғанда,
бірнеше мақсаттар қойылып жүзеге асады:
1) Алдыңғы жинаушылар ізімен ұйымдастырылған экспедиция,
негізінен табылған мәтіндерді ертеде қағазға түскен үлгімен
салыстыру жүргізеді;
2) Бұрын фольклортанушылар тарапынан қарастырылмаған елді-
мекенге жіберілген экспедиция, негізінен, фольклор үлгілерін
зерттеушілердің
жинаушылық
жұмысында
орын
алған
«ақтаңдақтарды» жоюға мүмкіндік береді;
3) Белгілі бір дәстүрлі, не жаңа мәтіндерді қағазға түсірумен
байланысты жасақталған экспедиция, негізінен, жаңа үлгілердің ел
арасында өмір сүру ерекшеліктерін т.б. қарастырады;
4) Нақты тарихи оқиғалар мен қайраткерлерге қатысты
фольклорлық мәтіндерді іздестіру мен қағазға түсіруге байланысты
шыққан экспедициялар істерін үйлестіру іске асырылады;
5) Барлау не шолу жасау үлгісіндегі экспедиция, әдетте алдын-ала
фольклорды жинастырумен шұғылданып, оларды белгілі бір нақты
елді- мекендегі жинаушылық қызметке қатысты жобаларды
қарастарғанда, оларды салыстыру, жүйелеу жұмыстары үшін белсенді
түрде қолданады. Қазір де фольклортануда жинау жұмыстарында,
көбінесе осы экспедициялық әдісі жиі қолданылады.
Фольклорды экспедициялық тәсіл арқылы жинаудың басқаларға
қарағанда ұтымды жағы экспедицияға шықпай тұрып басталынады:
белгілі бір жерде атқарылатын жұмыстың мақсаты, жинау жұмысына
қажет дәптер, қағаз, қалам т.б. тәрізді заттардың болуы
ойластырылады. Сондай-ақ фольклор жинаушы сол елді-мекендегі
халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен т.б. алдын
ала хабардар болады. Сонымен қатар ол аймаққа қатысты
этнографиялық та, географиялық та ерекшеліктерді ескереді. Тіпті
кезінде алдын-ала ол жерден жиналған нұсқалар, қолжазбалар,
кітаптар т.б. болса, олармен жіті танысады.
Жалпы фольклорды жинаушылар: фольклорды сүйетіндерді және
насихаттайтындарды алдымен іздестіреді. Таныс емес адамдармен
жұмыс атқару тәсілін меңгереді. Әңгіме барысында фольклорды
айтатындар т.б. турасында да хабарлар алып, олардың әрқайсысымен
жеке жинаушылық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады. Мұндай
жергілікті тұрғындарды әңгімеге тарту тәсілі- жинау жұмыстарын
неғұрлым тездетіп, оның қарымды, сәтті жүруіне әкеледі. Фольклорды
насихаттайтындарға немқұрайды қарамай, керісінше оларға үлкен
ықылас танытып, құрметпен қарау т.б.- бәрі фольклорды айтушы мен
жинаушы арасында, ең маңызды сенімділік, ризашылық қарым-
76
қатынастарды қалыптастырады. Ал, бұл өз кезегінде фольклорды
айтатындарды барынша көп іздестіруге қолайлы жағдай тудыруға т.б.
мүмкіндік береді.
Экспедиция барысындағы жинау жұмыстарында белгілі тәртіптің
болуы шарт. Яғни шаруашылық мезгіліне қолайлы не таңертеңгі, не
кешкі мезгілден гөрі, фольклорды айтушының шаруадан бос мезгілін
таңдап, әңгімеге тарта білуі шарт. Мұндай жағдайда айтушының
көңілі шаруаға алаңдамай, емін-еркін көсіле сөйлеуіне мүмкіндік
туады. Экспедиция кезінде бұл шарттарды белгілі ғалым
Г.Н.Потанин
орындаған.
Қазақ
халық
поэзиясын
жинауға
Г.Н.Потанин өзіндік жолмен келді. Г.Н.Потанин қазақ даласымен
шекаралас жерде туғандықтан, ол бала кезінен бастап қазақтармен
араласып өсті. Омскідегі Кадет корпусында Г.Потанин Уәлиханов
Шоқанмен жақын дос болды. Олардың достығы қазақ ағартушысы
Шоқан Уәлиханов қайтыс болғанға дейін үзілген жоқ. Кадет корпусын
бітірген соң Г.Н.Потанин Жетісуға жіберілген арнаулы отрядқа
қосылды. Ол осында қазақ халық поэзиясын жазып ала жүретін
отрядтың тілмашы жүзбасы И.Бардашевпен қарым-қатынас жасайды.
И.Бардашев қазақ мақал-мәтелдерін жинап бастырған. И.
Бардашевтың және, әсіресе, Ш.Уәлихановтың әсерімен жас
Г.Н.Потанин қазақтың халық шығармаларына қызығады.
Алғашқы рет анықталған мәліметтер бойынша, қазақтың
фольклорлық шығармаларын Г.Н.Потанин 1860 жылдардың басында
жаза бастаған. Белгілі астроном К.Струвенің экспедияциясында істеп
жүріп, Г.Н.Потанин Тарбағатай төңірегіндегі Қожырада көшіп жүрген
ауылдардан "бірнеше жұмбақ, мақал, өлең және Ытығыл батыр
туралы бір ертек жазып алады [125]. 1876 жылы Монғолияға жасаған
саяхатта
істеген
жұмыстарының
нәтижесін
жариялағанда,
Г.Н.Потанин қазақтың жиырма сегіз аңыз-ертегісін бастырды.
Олардың басым көпшілігі әлем жаратылысы туралы аңыздардан
құралған ("Кірпік шешен", "Көртышқан", "Көкек", "Алғашқы
адамдар" т.б.) Бұлардың барлығы да Тарбағатайда жазылған [126].
1895 жылы Г.Н.Потанин қазақ даласына қайтадан шығады. Бұл жолы
Ақмола облысы, Көкшетау уезіндегі Уәлихановтардың ауылына
барады. Г.Н.Потанин Петербург университетінің студенті қазақ
Сұлтанғазиннан
ондаған
ертегі-аңыздарды
жазып
алады
(«Большая медведица», «Үркер», «Самое великое в природе»,
«Предание об избрании Чингис-хана», «Череп» т.б.) [127].
Сырымбеттегі Уәлихановтардың ауылына барып қайтқаннан кейін
Г.Н.Потанин өзінің мұрағатын қазақ халық поэзиясынан жаңадан
жазғандарымен толықтыра түседі. Ғалымның жергілікті жерлердегі
77
тілшілерінің саны өсіп, олардың жинау жұмыстарының сапасы да арта
түседі. Мысалы, Г.Н.Потанин мен Сұлтанғазиннің 1895 жылғы
жинақтарына
Көкшетаудағы
К.В.Урасовтың
және
Ақмола
облысындағы А.Головачев пен И.Итжановтың жазып алған
материалдары маңызды үлес болып қосылды. Бұл материалдардың
барлығын құрастыра келгенде, "Живая старина" журналында
Г.Н.Потанин бастырып шығарған "Қазақ-қырғыз және алтай
ертегілері мен аңыз-әңгімелері» 1916 жылы жарық көрді [128].
Сөйтіп, Г.Н.Потанин жинау жұмысында бірінен бірінің айырмасы бар
екі кезең байқалады. Бірінші, ХІХ ғасырдың алпысыншы-жетпісінші
жылдары. Бұл уақыттарда Г.Н.Потанин экспедицияға шыққанда,
саяхаттың негізгі (әрине географиялық) міндеттерін атқара жүріп,
қазақ халық ауыз әдебиеті мен этнографиялық материалдарын
жолшыбай жинай жүрген. Екінші кезеңі- ХІХ ғасырдың тоқсаныншы
жылдарынан басталады. Бұл уақыттарда ғалымның төңірегіне халық
поэзиясын сүйетін тілшілер топталады. Бұлар Г.Н.Потаниннің
басшылығымен фольклор материалдарын жинауды дамыта түседі.
Г.Н.Потаниннің 1913 жылы жасаған экспедициясы өте жемісті
болды. Ол Қарқаралы уезіне қарасты жерлерге шығып, қасына
орысша білетін қазақ студенттерін (Әлімхан Ермеков) ертіп, халық
прозасының біраз үлгісін орыс тілінде хатқа түсірді. Ертекшінің
айтқанын қазақ студенттері орысшаға қолма-қол аударып отырғанда,
Г.Н.Потанин қағазға түсіріп отырған. Осы экспедиция жинаған
материалдарын жанр жағынан сараптасақ, мынадай жүйені көреміз:
негізінен, аңыздар мен ертегілер («Үш ойшы», «Дариға қыз», «Народ
мын» т.б.) 1913 жылғы экспедиция материалдары «Живая старина»
журналында, кейін 1917 жылы «Казак-киргизские и алтайские
предания, легенды и сказки» деген атаумен шыққан жеке кітапқа енді.
Г.Н.Потаниннің халық ауыз әдебиетін жинау әдісі В.Радловқа
қарағанда басқаша болды. Сырымбетте Г.Н.Потанин ауыз әдебиетін
жинауға Шоқан Уәлихановтың туысқандары Жақып, Махмұд және
Қоқышты тартады. Олар Г.Н.Потанинге ертегішілерді тауып беріп,
білгендерін айтып, өздері де ат салысады [129]. Айтылған аңыз-
ертегіні аударушы Сұлтанғазиннің көмегімен Г.Н.Потанин бірден
орысша аудармасын және қазақтың кейбір сөздері мен сөйлемдерін
сол кезде қолданылатын орыс транскрипциясы арқылы жазып алып
отырады. Г.Н.Потанин тіл ерекшелігін елеген жоқ, оның есесіне ол
мәтіннің мағыналық өзгерісіне назар аударды. Г.Н.Потанин- бір
шығарманың әр түріне (вариантына) көңіл бөліп, оларды жазып алған
алғашқы түркітанушылардың бірі.
78
Жинауда да, зерттеулерінде де Г.Н.Потанинді қазақ халық
поэзиясының басқа салаларынан гөрі аңыз, ертегілері көбірек
қызықтырады. "Солтүстік-Батыс Монғолия очерктерінің" екінші
кітабында Тарбағатай жеріндегі экспедиция кезінде жиналған
аңыздары мен ертегілері бар. "Қазақ-қырғыз және алтай ертегі,
аңыздары" деген жинақ Көкшетау мен Қарқаралы жеріндегі
экспедиция кезінде жиналған аңыз, ертегілерінен құралған.
Г.Н.Потаниннің бірсыпыра мақалаларында «Монғолдың Гесер хан
туралы ертегісі", "Қазақ ертегісінде орыс қызы Дариға", "Дала
жырындағы теңіз қызы", "Марья-ертегі, жырдың аққуы", "Ломбард
циклді дастандарға ұқсас орда дастандары", "Добрыня туралы жырға
жаңа қоспалар жайында" сияқты атақты аңыз, ертегілерінен дәлел
келтіріп отырған [130].
Г.Н.Потанинмен қатар ХХ ғасыр басында фольклорды
экспедициялық тәсілмен жинаған фольклортанушы Ә. Диваев.
Сырдария облысының генерал-губернаторы Н.И.Гродековтың арнайы
тапсырмасымен Ә.Диваев ел арасынан, негізінен, хұқықтық
бағыттағы материалдар жинаумен қатар, сондай-ақ жергілікті
зиялылар қолында сақтауда жатқан түрлі қолжазбалардан көшірме
түрінде тарихи аңыз-әңгімелерді, батырлар жырларын, жұмбақтарды
да т.с.с. жинастырған.
Жинау жұмыстары барысында ғалым В.П.Наливкин құрастырған
жинау бағдарламасымен танысады [131]. Жинау жұмыстары
барысында Ә.Диваевты фольклордың тұрмыс-салт жырлары және
басқа да ұсақ жанрлары (мақал-мәтелдер, аңыздар т.б.) қызықтырған.
В.П.Наливкин бағдарламасына сүйене отырып Ә.Диваев Майлықожа,
Сапарбай Мырзабеков айтуларынан сөзбе-сөз аңыздар мен
ертегілерді, зиялы қазақтар қолында сақталған қолжазбаларды да
жинастырады.
1918 жылы Ә.Диваев Ортаазиялық университеті мен Түркістандық
Шығыстану институтында қазақтардың этнографиясы мен шешендік
өнеріне қатысты дәрістер оқиды. Шығыстану институтының қазақ
этнографиясы мен қазақ тілі кафедрасы Ә.Диваев арқасында
студенттерді де ғылыми жинау жұмыстарына тарта білді. Олар 1920
жылдары халықтық мұраларды жинауға ат салысады.
1920 жылғы Сырдария облысына жасалған Ә.Диваев бастаған
экспедиция нәтижелері 80 дәптер (оның 45 дәптері фольклорға
арналған) жинағы ретінде тізімі жасалған [132]. Әр дәптердегі
берілген фольклорлық шығармалардың саны да әр түрлі. Мәселен, №
14 дәптерде бір ғана "Данышпан патша" деген ертегі берілсе, ал №20
дәптерде 11 ертегі қамтылған. Жалпы фольклорға қатысты 45 дәптер
79
қойнауында 134 мәтін топтамасы бар. Олар: 5- мақал-мәтел, 16-
жұмбақ, 1-жаңылтпаш топтамасымен бірге, 77- ертегі үлгісі, 19-
тұрмыс-салт жырлары нұсқасы, 3-аңыз, 11- айтыс, 2- эпостық жыр
үлгісі бар. Мәселен, №1 дәптерде әрі мақал-мәтелдер топтамасы мен
бір ертегі үлгісі қатар жазылса, келесі бір №4 дәптерде- бірыңғай 12
ертегі, №15 дәптерде -бірыңғай 6- жоқтау үлгісі, №21 дәптерде-
бірыңғай 6 айтыс нұсқасы да келтірілген. Демек жинаушы Ә.Диваев
белгілі бір елді-мекенде фольклордың тек бір ғана жанрын жинауды
мақсат тұтпаса керек, шамасынша барлық жанрларды қамтуға
тырысқандығы танылады. Бұл Сырдария экспедициясында қағазға
түскен фольклор шығармалары тек жанрдың әр түрлігімен ғана
ерекшелінбейді, сондай-ақ ол үлгілердің ел арасында әрі қара сөз, әрі
өлең түрінде де кең тарағанына да назар аударылған. Бұған, көбінесе
Ә.Диваевтың өлең түріндегі нұсқаларға жақша ішінде жазып кеткен
ескертпелері дәлел. Мәселен, №64 дәптер басында берілген
фольклорлық үлгілердің (жұмбақтар, ертегілер) барлығы да өлең
түрінде келеді деп ескертеді.
Экспедиция кезінде қағазға түскен фольклорлық жазбаларға
қатысты толтырылған паспорттық деректер деңгейі әр түрлі. Бірінде,
экспедиция атауы, ұйымдастырушысы, жинаушысы, жыршысы кім,
қай жерде, қай мезгілде, мәтіннің сиясының түрі, әрпі толық
көрсетілсе, мәселен, «Тоқсан үйлі тобыр» нұсқасы 1920 жылғы
Сырдария экспедициясы кезінде Сырдария облысының елді-мекеніне
қарасты Сорқұдық жерінің жыршысы Жұманазар Үрімқұлұлы
қолжазбасынан алынғаны, мәтін кеңсе қағазына араб әрпімен, көк
сиямен жазылғаны анықталған [133]. Енді бірінде қолжазба кімнен
алынғаны белгісіз деген ескертуі де бар. Мәселен, «Қобыланды батыр
ертегісі» үлгісі 1920 жылғы Сырдария экспедициясы кезінде Ә.Диваев
жинағаны, қолжазба кімнен алынғаны белгісіз, араб әрпімен, қара
сиямен жазылғаны көрсетілген [134]. Бұл 1920 жылғы Сырдария
экспедициясын Ташкенттегі Қазақтың ғылыми-зерттеу қоғамы
ұйымдастырған [135].
Сондай-ақ 1921 жылы Жетісу облысына Ә.Диваев бастап барған
экспедиция нәтижелері 67 дәптер көлемінде сақталған, оның 50
дәптері ішінде фольклорлық мәтіндер тізімі берілген [136]. Барлық
фольклор үлгілері 280 шақты болса, оның ішінде: ертегілер-100
шақты, аңыздар- 30 шақты, мақал-мәтелдер шоғыры- 26, жұмбақтар-
14 топтама, жаңылтпаштардың -2 шоғыры, тұрмыс-салт жырына
қатысты-60 шақты нұсқа (жар-жар, беташар, бата, жоқтау, естірту,
бәдік т.б.) бар. Сондай-ақ айтыстың-15 үлгісі, түрлі ақындар
шығармалары, терме, қисса т.с.с. үлгілері де кездеседі. Әр дәптерде
80
фольклор үлгілері жанр жағынан да, саны жағынан да, көлемі
жағынан да әр түрлі болып келеді. Олардың ішіндегі қара сөзбен, әрі
өлең түріндегі шығармалар аралас келеді. Өлең түріндегі материал
міндетті түрде жақша ішінде арнайы ажыратылып көрсетілген.
Ендеше жоғарыдағы экспедиция нәтижелерінің Ә.Диваев тарапынан
тізім үлгісі ретінде берілуі т.б. - бәрі де қазақ фольклорының жанр
жағынан, тақырыптық жағынан бай екендігін дәлелдері сөзсіз.
Ә.Диваев экспедиция бағдарламаларын әзірлейді. 1922 жылдың
күзінде Ә.Диваев 8 мыңдай беттен тұратын далалық жазбаларды
жүйелеп, сипаттама беріп, ара-жігін ажыратты.
Негізінен, жинау жұмыстары кезінде Ә.Диваев фольклорлық
шығарманың не ескісі, не жаңасы деп ерекше көңіл бөлмейді.
Ә.Диваевтың жинау ерекшелігі халықтық поэзияның барлық
элементтерін қамтиды. Ол қазақ фольклорының барлық жанрларын
қағаз бетіне түсіреді: эпос, ертегі, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар, тұрмыс-салт жырлары т.с.с. Шымкент, Қазалы, Әулие-ата,
Ташкент, барлық Сырдария өңірі тәрізді елді-мекендердің- бәрінде де
Ә.Диваев
фольклорлық
үлгілерді
фольклортанушы
ретінде
тыңғылықты жинастырған.
Шымкент, оның ішінде Қазығұрт жерінде Қалабай Дәулетбаев,
Бекболат Қылышбаев, Садық Түлкімбаев, Сәлімгерей Омаров,
Сапарбай Мырзабаев, Бәйтерек Аманбаев, Жүніс Тайшықов,
Пірмұхаммед Тайтанов т.с.с. тәрізді жергілікті қазақтар Ә.Диваевқа
ертегілерді, аңыздарды, жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, эпостық
жырларды, тұрмыс-салт жырларын ауызша айтып берген.
Шымкенттен алыс емес жерде Ә.Диваев ақын Майлықожа
Сұлтанходжинмен кездесіп, одан Алдар көсе мен Шығайбай,
Жиренше тәрізді халықтық үлгілерді жазып алады. Ал, келесі бір
жерде ақын Еркінбек Ахынбековке жолығып, одан түрлі тұрмыс-салт
жырларын (жар-жар, аужар т.б.) қағаз бетіне түсіреді. Ал, Қаратау
жерінде белгілі ақын Майкөт Сандыбаевпен танысады.
Ә.Диваевтың негізгі жинаушылық тәсілі ол- фольклорлық
шығарманы экспедиция кезінде тікелей жинау тәсілі арқылы қағазға
түсіру. Берілген мәтін төңірегіндегі түсініктемелерінде: сөзбе-сөз
қағазға түсті дей отырып, айтушының аты-жөні, тұратын елді-мекені
көрсетіліп отырылған.
ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында халықтық
шығармалар ел арасында тек ауызба-ауыз ғана емес, сондай-ақ
қолжазбалар түрінде де таралғаны даусыз. Сол себепті Ә.Диваев
қолжазбаларды да жинаған. Егер де иесі бермеген жағдайда, онда
қолжазбаның көшірмесі алынып отырылған. Мәселен, Еркінбек
81
Ахынбеков қолжазбасынан Ә.Диваев Алпамыс туралы эпосты,
ертегілерді, ал Қожабай Амандықов, Мақан Шақтыбаевтан т.б.-
бірнеше ертегі мен жоқтау жырларын жазып алған.
Ә.Диваев жазбаларының басты ерекшелігі ол халықтық поэзияның
сол халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланыста екендігін таныту еді.
Халықтық поэзияның мәтіндерін әрі нақты, әрі дәлелді қағазға
түскендігіне көз жеткізу үшін, жинаушы Ә.Диваев оларды қайта-қайта
тыңғылықты тексеріп отырған. Бұл жұмыс барысында Ә.Диваев
көптеген тілшілер көмегіне арқа сүйеген. Олар жиналған үлгілерді әрі
тексеріп, әрі толықтырып, әрі жаңа мәтіндерді де қағаз бетіне түсіріп
отырған: «Один из следующих киргиз Чимкентского уезда Муллали
Достарыңызбен бөлісу: |