56
болса [98, 23
б.
]; екіншісі- белгілі фольклортанушы Ә.Диваевпен бір
ұжымда қызметтес болуы дер едік [98, 6, 355, 368, 370
б.
].
Демек, ХХ
ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклоры мен ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаудың болашақ ұрпақ үшін, қазақтың мәдениеті, тарихы,
тілі, әдебиеті т.б. тарихы үшін маңыздылығын, баға жетпес қазына
көзі екенін дәйектесек, соның себепкерлері В.В.Радлов, Ә.Диваев
ықпалын
қабылдап,
әрі
өрістеткен
Х.Досмұхамедұлының
фольклортанушылық еңбектері ғылымдағы дәстүр жалғастығы рөлін
дәлелдейді деп санаймыз.
Х.Досмұхамедұлының фольклортанушылық қызметіне келетін
болсақ, ол халық ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алумен ертеден-ақ
шұғылданған. Х.Досмұхамедовтың жинаған материалдары: «Мұрат
ақын сөздері» (1924), «Аламан» (1926), «Исатай-Махамбет» (1925)
атты кітаптар түрінде жарық көрді.
Мәтіндердің Батыс Қазақстан
жерінен жазылынып алынғандығына қатысты паспорттық деректер
сол кітаптардың алғысөзі мен түсініктемелерінде берілген.
Х.Досмұхамедұлы
туысқандарының
бірі-
Балмұқан
Мәмбетжанұлының естелігі көңіл бөлерлік:
«Халел,- дейді ақсақал,-
Ташкент қаласынан жазғы демалысқа келгенде арнайы үй тіктіріп,
жақын жердегі сөз білетін қарттарды тегіс шақыртатын. Кейін
осы қарттар іріктеле келе Халел қасында Ығылман Шөрекұлы
сияқты ақындар қалатын-ды» [98, 100
б.
]. Осы бір азғана естеліктің
өзінде жалпы фольклортану ғылымында қалыптасқан фольклорды
толыққанды жинаудың үш кезеңі болса: бірінші- фольклорлық үлгіні
іздестіру; екіншісі- мәтінді жинастыру; үшіншісі- қағазға түсіру т.б.,
міне, оның үшеуі де Х.Досмұхамедұлы тарапынан орындалғаны
байқалады. Мәселен, Ташкент қаласынан жазғы демалысқа келгенде
арнайы үй тіктіріп, жақын жердегі
сөз білетін қарттарды тегіс
шақыртуынан біз Халелдің фольклорды жинау үшін алдын-ала
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізгенін көреміз. Міне, бұл
фольклорлық үлгіні іздестірудің бірінші кезеңінің іске асқанын, ал,
екінші, үшінші кезең- мәтінді жинастыру мен қағазға түсірудің де
жартылай іске асқандығын байқатады. Себебі сөздің қадірін білетін
қарттарды тегіс шақыртқаны- істің басы болса, ол 2-ші кезең, ал 3-ші
кезең- қағазға түсіруге келгенде, соңынан іріктеле келе тек Ығыман
Шөрекұлы сияқты ақындар ғана қалуы- бәрі барлық фольклор
үлгілерінің қағазға түсіп үлгірмегенін, ал ол кезегінде тууы мүмкін
түрлі нұсқалардың да ескерілмеуіне әкелері сөзсіз.
Дегенмен біраз фольклор үлгілерін бертінгі жеткізушілерінің бірі
Ығылман Шөрекұлы сияқты ақындар екендігі т.б.- бәрі фольклорлық
мәтіннің жазылынып алыну паспортына қажетті дерек көзі болумен
57
қатар, сондай-ақ олардың фольклорды жинаудың тікелей ауызба-ауыз
тәсілі арқылы қағазға түсіргендігін де анықтай алады. Мұндай тікелей
ауызба-ауыз тәсіл арқылы ғалым ауыз әдебиеті үлгілері мен
фольклорлық мәтіндерді де жинастырғаны белгілі. Мәселен, ауызба-
ауыз жинау, яғни тікелей жинау
тәсілі арқылы зерттеуші
Х.Досмұхамедұлының мынадай ауыз әдебиет үлгілері басылым көрді:
«Мұрат ақынның сөздері» (1 бөлім, Ташкент, 1924); «Исатай-
Махамбет» (1 бөлім, Ташкент, 1925); «Адай Абыл ақынның
сөздерінен қалған бір жұрнақ» (Сана, 1924,№2-3); «Қалмақтың
қарғысы» (Мұрат ақынның сөзі. // Сана, 1924, №2-3); «Үш қиян»
(Мұрат ақынның сөзі. // Сәуле, 1924, №6); «Қыз» (Мұрат ақыннан. //
Сәуле, 1924, №6) т.б.
Сонымен қатар ғалым Х.Досмұхамедұлы «Аламан» (Ташкент,
1926) жинағы мен «Аруақпен айтыс» (Сана, 1924, №2-3)
мақалаларымен қатар, тікелей ауызба-ауыз тәсілі арқылы жиналған
фольклор үлгілері жоғарыдағы аты аталған «Мұрат ақынның сөздері»
(1924), «Исатай-Махамбет» (1925) атты жинақтар ішінде де кездеседі:
«Мұраттың
жылқышымен
айтысқаны»;
«Мұраттың
Оразбен
айтысқаны»; «Мұраттың Жантөлімен айтысқаны»; «Мұраттың
Тыныштықпен айтысқаны» т.б. Міне, бұдан фольклор мен ауыз
әдебиет үлгілерін жинауда Х. Досмұхамедұлы, көбінесе тікелей
жинау тәсіліне сүйенгендігі танылады. Ендеше, Кеңес дәуірінің
алғашқы кезінде халық поэзиясы үлгілерін жинаушылар, көбінесе
фольклорды тікелей
жинау тәсілі арқылы жинағанда, оны
филологиялық (сөз өнері деп), этнографиялық, халықтың дүниетаным
т.б. дерек көзі есебінде қарастырғаны даусыз.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласында фольклорлық
шығармалардың тікелей, экспедициялық, тұрғылықты тәсілдері
арқылы жиналғаны мәлім. Мұның ішінен мәдени мұраны ел арасынан
басқа да тәсілдермен қатар тікелей тәсіл арқылы жинаудағы мақсат-
жоғалып бара жатқан қазақтың ең бай мұрасы, халық шығармаларын
қағазға тездетіп түсіру екені белгілі. Бұл тәсілдің өз артықшылықтары,
өз кемшіліктері бар. Кемшілігі не десек, біріншіден,
тікелей тәсіл
кезінде экспедициялық тәсіл арқылы фольклорды әрі кең, әрі көп
мөлшерде жинау мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, тұрғылықты тәсілге
қарағанда, бір елді мекендегі барлық фольклорлық жанрлардың
бірін қалдырмай, асықпай толық қамту жағы төмен. Ал,
артықшылығына келсек: біріншіден, фольклор өмір сүретін ортада
жинаушы мәтінді қағаз бетіне түсіру ісіне өзі тікелей араласа отырып,
орындаушыны да, елді-мекенді де өзі таңдайды.
Жинау барысында
туған түрлі кемшілік атаулыны сол жердің өзінде-ақ түзету
58
мүмкіндігі бар. Ендеше нұсқаның ғылыми талапқа сай жиналуын
қамтамасыз етеді. Екіншіден, экспедиция жасақтау үшін қажетті
уақыт мөлшері, қаражат көздері т.б. бұл тікелей тәсіл арқылы жинау
жұмысына аз жұмсалады. Ал, мәтіндерді ауызба-ауыз түсіру
мүмкіндігі, жиналған үлгінің тіліне, көлеміне, көркемдік сапасына
нұқсан келтірмейді. Үшіншіден, ең бастысы, фольклорлық шығарма
тікелей орындалу кезінде қағазға түсетіндіктен,
мәтіннің сөзбе-сөз
өзгерусіз қағазға түсу мүмкіндігін арттырады. Демек, фольклортану
ғылымының дәлділік талабы орындалады. Сондай-ақ мәтіннің
паспортын толық түсіру мүмкіндігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: