59
түсіру. Мұнда жинау жұмыстары ең алдымен жергілікті жерде
кездесетін барлық фольклор жанрларын барынша анықтаудан
басталады. Содан кейін ғана оларды толыққанды күйде қағаз бетіне
түсіреді. Дегенмен барлық жанрларды алдын-ала анықтау мүмкін
емес. Мұның бәрі де сол елді-мекендегі
фольклордың жалпы өмір
сүру жағдайынан хабардар етеді. Мұндай фольклорды жинау түрі
жинаушы алдына нақты мақсат қояды- ол сол елді-мекендегі
фольклорды айтушылардың неғұрлым басым көпшілігімен кездесіп,
мәтіндерді толық қағазға түсіру. Мұндай жағдайда мәтін не аяқталған
үлгіде, не үзінді түрінде болсын, не тіпті сирегірек кезесетіні, елдің
көбі біле бермейтіні болса да– бәрі де өте бағалы қазына ретінде
қабылданады.
Сондай-ақ белгілі бір мекенде, жергілікті жерде
фольклорлық шығарманың қайсысы жиі айтылады, қайсысы бәріне
танылған, ал қайсыбірі сирегірек, тіпті айтылмайтындары да болса да,
олардың бәрі де қағазға түседі.
Екіншіден, фольклорды жинауды арнайы тапсырыс бойынша
тақырыптық жағынан ұйымдастырғанда, ең алдымен міндетті түрде
жинаушылық жұмыс атқарылатын елді – мекен таңдалынады.
Тұрғылықты жинау жұмыстарында
тақырыптың белгілі бір елді-
мекенге байланыстылығы, үндестігі ескеріледі. Мұндай белгілі бір
жанрға ғана қатысты мәтіндерді жинау міндеті қойылғанда, сол
мәтіндердің түрлі нұсқаларын да қағазға түсіру қоса жүруі керектігі
ойластырылады. Демек, жанрлық принцип бойынша фольклорды
жинағанда, барлық сөз арқылы таралатын мәтіндер мен олардың түрлі
нұсқалары да толық қағазға түсіріледі. Мәтіндерді қағазға түсіре
отырып, олардың қаншалықты кең таралғанына да, қай ортада көбірек
бағаланатыны да т.б. – бәрі де белгіленіп отырылады. Сонымен бірге
фольклорды тудырушылар мен орындаушылардың
шығармашылық
қабілеттілігі, өмірі мен қызметі, орындаушылық репертуары т.б.
төңірегінде мәліметтер де қоса қамтылады. Жинаушының негізгі
міндеті- мүмкіндігінше барлық анықталған материалдарды тіркеу. Ал,
егер уақыт жағынан мүмкіндік болса, тіпті бүкіл естігенін қағазға
түсіру.
Жалпы фольклорды жинау жұмыстары барысында: түрлі
жанрлардың
өмір
сүру
ерекшелігін
бақылау;
айтушының
шығармашылық ерекшелігі, репертуары төңірегінде сілтемелер жасау,
сөзбен айтылатын мәтіндерді неғұрлым көп, әрі дұрыс,
әрі сөзбе-сөз
қағазға түсіру т.б. тәрізді жинаудың шарттары- осы тұрғылықты
жинау тәсілі кезінде де орындалады. Бұл шартты М.Ж.Көпеев те
ұстанған. Мәселен, «Төйте тәуіп туралы» әңгімеге қатысты
М.Ж.Көпеев мынадай түсінік-сілтеме берген:
«Қозғаннан шыққан