54
...» [96], - делінген. Бір өкініштісі бұл
мәтіннің қалған жерлері іс-
түссіз жоғалып кеткен.
Мәшһүр Жүсіп Көппев фольклорлық нұсқаларды жинаудың тағы
бір түрі яғни дайын кітаптарды пайдалану жағын да меңгерген: бірі –
ертеректе шыққан шығыс кітаптары болса, бірі – батыс елдер
үлгісіндегі кітаптар т.б. Біздегі бар деректерге сүйенсек, М.Ж.Көпеев
Абдуғалисина, Абултарит, Сократ, Хакім, Әл-Фараби, Сағди, Науаи,
Фердоуси сынды ойшылдар мен ғалым-жазушылардың еңбектерін сол
өздерінің ана тілінде оқыған. Мәселен, М.Ж.Көпеев қолжазбасында:
«Жеті жырау» аталған кітап бар» [90],
- дей отырып, уағыз-насихат,
дін төңірегінде т.б. мәліметтер келтіреді. М.Ж.Көпеев кімнен не алса
да көрсетіп отырған. Мысалы, «Бір бай болыпты» деп басталатын
мәтінді келтірейік:
«Байдың 3 ұлы болды. 2 ұлынан соң кенжесіне
келін түсірмек болып, бәйбішесімен қыз үйіне барады. Бәйбіше
түсіргелі отырған қызға үйдегі келін туралы: - «Мені біреуі –
«қатқан кемпір» десе, біреуі – «қатқан ене» дейді. Сен мені қалай
айтар едің? – деп сауал береді. Қыз өте тапқыр екен: «Қатқан көңді
жібітетұғын емен талқы бикешің біз боламыз», - деп жауап
қайтарыпты. Міне, осындай ғана шағын әңгіменің өзінде де Мәшһүр-
Жүсіп кімнен, қалай алғандығын жазып қана қоймай, ол әңгіме қандай
жағдайда айтылғанын да хабарлайды: «Бұхарай Шәріптен келген
Бойбарлық қожа «Семіз ишан атанған Міркүләлдин Мырзақұл ұғлы
Саққұлақ Бопан ұғлының үйіне барғанда, қалтасынан алып, Ералы,
Нұралының кенже балаларына қант, мейіз беріпті. Сонда Саққұлақ
айтыпты», - [90] деп жазады. Мұндай мысалдар М.Ж.Көпеев
қолжазбасында көптеп кездеседі. Фольклорды – тұрмыстың қажеті,
елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген ол әр мәтіннің шығу
тарихына, айтылу жағдайын, қалай тарағанын анықтап отырған.
М.Ж.Көпеев «Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқа» атты хикаятты
қайдан естіп, жазып алды десек, «әулеттік архивте» сақталған Фазыл
жазбасындағы М.Ж.Көпеевтің мына бір дерегі көңіл аударарлық.
Онда: «Ізден абыздың Боштай әкесі Тұрсынбайға айтқаны; «Әділ тақ
Сүлейменнің құмырсқаға айтқан сөзін нақыл қылып, артынан мынаны
айтқан», - делінген. Бұдан білерміз: «Сүлеймен мен құмырсқаға»
қатысты әңгімені М.Ж.Көпеев
Ізден абыздың Боштай әкесі
Тұрсынбайға айтуынан жазып алғандығы. Мұнда, сондай-ақ әңгіменің
кімге бағышталып айтылатындығы турасында (аты-жөні көрсетілген)
дерек те сақталған. Бұл да М.Ж.Көпеев жинаушылығының бір қырын
танытады.
М.Ж.Көпеев әр мақалдың дерлік қайдан жазып алынғанын,
көбінесе сөз арасында айтып кетіп отырған. Мәселен, «Байлық мұрат
55
емес, //Жоқтық ұят емес!» - деген мақалды М.Ж.Көпеев: «Күні кеше
Сарыарқада қасиетті, шарапатты болып өткен Ғайса Бикей ишан дуам
айтып отырады екен», - дейді. Яғни, бұдан мақалды жеткізуші есімі
Ғайса Бикей ишан екендігі, оны М.Ж.Көпеев жазып алғандығы
көрініп тұр.
Сол сияқты мына үлгілерді де ауызша
айтудан тікелей хатқа
түсірген:
«Байды Құдай атқаны, //Жабағы жүнін сатқаны», - деп
басталатын топтаманы Мәшһүр-Жүсіп Шортанбай қожа айтты
десе, «Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды, //Үлгісізден би қойса,
өсиеті болмайды», - деген жолдан басталатын бір топ мақал-мәтелді
Мұса Шорман би ұғлынан естігенін жазып қалдырған [90].
М.Ж.Көпеев бүкіл халыққа танымал болғандықтан, сол кездің
көптеген зиялылары өз қолжазбаларын пайдалануға берген тәрізді. Өз
кезегінде М.Ж.Көпеев бұл адамдардың аты-жөндерін атап кетуді
ұмытпаған. М.Ж.Көпеев халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз жүзінен
де жинаумен айналысады. Арасында өзі айтысқа түсіп,
қаламмен де
жазып айтысып жүреді. Өзі турасында М.Ж.Көпеев:
«Үш жүздің
Достарыңызбен бөлісу: