117
Түйіп айтқанда, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазан
төңкерісіне дейінгі қазақ фольклорын
жариялауда мынадай
ерекшеліктер көрініс тапты: біріншіден, фольклордың әр түрлі
жанрларының жеке-жеке кітап болып басылуы жүзеге асты.
Екіншіден, кітаптың сыртқы мұқабасында араб әрпінде міндетті түрде
тақырыбы,
шығарушысы,
бастырушысы,
басылым
көрген
баспаханасы, қаласы, жылы т.с.с. көрсетіліп отырды. Және де
мәтіннің шыққан баспаханасының аты, қаласы орыс тіліне аударылып
басылды. Тіпті, кітаптың ішкі бетінде оның қай жылы, қай уақытта,
кімнің тарапынан т.б. рұқсат етілгені де ескеріліп отырды. Үшіншіден,
мәтін әрі қазақ (араб әрпінде), әрі орыс тіліндегі
аудармасымен бірге
берілді. Алдымен орыс тіліндегісі солдан оңға қарай нөмірленіп
беріліп, ал араб әрпіндегі түпнұсқасы оңнан солға қарай жеке өз
алдына таңбаланды. Мәтіннің екі тілде жариялануында бірнеше
мақсат көзделді: бірі, зерттеушілік істі жандандыру,
яғни Ресей
ориенталистері мен түркітанушылары үшін бұл өте ұтымды болды.
Екіншісі, оларға, егер қазақ тілін білсе, мәтіннің түпнұсқасы берілді
де, қажет болса, қазақша мәтінін орысша аудармасы арқылы кең
танысуға мүмкіндік жасалды. Үшіншісі, түркітанушылар үшін қазақ
тілін нақтырақ зерттеу мүмкіндігін туғызды, тіпті қазақ сөзін қалай
жазу, оны қалай түсіну
ғана емес, қалай аударуға болатынын да
байқау, тексеру керектігі пайда болды. Төртіншісі, екі тілде
жарияланған фольклорлық мәтіндер, көбінесе не орыс тілін меңгерту
үшін, не қазақ тілін т.с. зерттеу үшін дерек көзі ретінде қызмет етті.
Бесіншісі, мәтіннің араб әрпіндегі түпнұсқасы, кириллица әрпіндегі
фонетикалық транскрипциясы мен орыс
тіліндегі аудармасы бірге
берілді. Сондай-ақ жинақтың әрі алғысөзі мен ғылыми түсініктемелері
болуы т.б. басылымның ғылыми сараланымын танытса, ал қалғандары
бұқаралық, ағартушылық т.б. сипатта болды. Алтыншысы,
жарияланған фольклорлық мәтіндер әрі кітап, әрі жинақ, әрі
хрестоматия, әрі оқу құралы түрінде болсын, негізінен, ғылыми,
ағартушылық, бұқаралық, тілдік, этнографиялық, фольклористік т.с.с.
мақсатты көздеді. Жетіншісі, фольклорды
жариялаудың негізгі
талаптарына сай мәтіннің жазылынып алынуына қатысты паспорттық
деректер бірге берілді. Және де жинақ, хрестоматия ішінде мазмұны,
алғысөзі мен ғылыми түсініктемелердің болуы қамтамасыз етілді.
Кітапты жариялаушыға қатысты деректер, яғни мәтінді құрастырушы
есімі, баспахана, қала аты, басылған жылы, баспаға цензураның
рұқсат еткен күні т.б.-
бәрі әрі қазақ, әрі орыс тілдерінде қатар
көрсетілуі шарт етілді.