105
часто посещает людей во время поста «Рамазан», а потому в это
время никому не следует отказывать от гостеприимства»,- делінген
[172, 7
б.
]. Жинақ ішіндегі берілген әрі қазақ (араб әрпінде), әрі орыс
тіліндегі мәтіндерді өзара салыстырғанда, тілдік,
стильдік,
мағыналық, кейіпкерлері, оқиғасында өзгеріс жоқ. Тек қосымша
ретінде берілген араб әрпіндегі түпнұсқада фольклордың Жетісу
қазағы арасында жиналғанына баса назар аударылған, ол
жағы орыс
тіліндегі аудармасында көрсетілмеген. Жинақ ішіндегі аудармасында
әндер топтамасын ел арасынан жинаған Мұртаза Абылайханов
есімі
екі тілде, екі нұсқада да мәтін соңынан көрсетілсе де, орысшасында
«аударған аудармашы К.Чигиров» деген сілтеме бар [172, 55
б.
].
Демек араб әрпіндегі қазақ мәтіндерін ел арасынан жинаушы есімінің
көрсетілуі, оның орыс тіліне аударған аудармашы К.Чигиров есімі
берілуі т.б.- бәрі фольклорлық үлгілерді жариялауға қойылатын
ғылыми талаптардың орындала бастағанын танытады. Жалпы, мұндай
мәтінге қатысты паспорттық деректер кейбір ертегілер тұсында,
алғыс, қарғысқа қатысты топтамалар ішінде болмағанмен, «Кептерлер
турасында» ертегі тұсында Қарабоз Қаңтарұлынан жазылынып
алынғаны, руы Құрман (Курман) екендігі турасындағы дерек көздері
екі тілде берілген. Сондай-ақ араб әрпіндегі түпнұсқада бұл мәтіннің
1905 жылы 19 январьда қағаз бетіне түскені көрсетілген [172, 26
б.
].
Жалпы, бұлар жинақтың ұтымды жақтары.
Жинақтың тағы бір маңызды тұсы «Момынбай мен жеті қарақшы»
ертегісіне келгенде:
«Записано в г. Капале со слов киргиза Нисана
Кемпрешева»,- деген ескертуі бар [172, 23
б.
].
Бұдан біз нұсқаның
ауызба-ауыз арқылы хатталғанын көреміз. Ал, текстің бұлай
жазылынып алынуы мәтіннің паспортына қажетті маңызды дерек көзі
болары сөзсіз. Демек ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ
фольклорын түрлі жинақтарға енгізе отырып, нұсқаның паспорттық
деректерін бірге беру сол тұстағы халық
ауыз әдебиетін жариялауда,
әрі насихаттауда үлкен маңызға ие болғандығын көрсетеді. Ал, жинақ
ішіндегі кейбір мәтіндердің мұндай паспорттық деректерінің болмауы
т.б.- ондағы фольклор үлгілерін жинау, жариялау кемшілігі болып
саналатыны сөзсіз.
Қазақтың халықтық наным-сенімдеріне келгенде, олардың да
Қапал уезінде жазылғаны көрсетілсе де,
қай уақытта, кімнен жазып
алғаны т.б. көрсетілмеген [172, 35-40
б.
]. Мұнда халықтық наным-
сенімге қатысты 77 мәтін қамтылған. Мәселен:
«1) Воет собака-
хозяину опасность (грозит).
2) Если каркает ворона, будет ненастье.