«Қазанда «Домбровский» матбәғәсында басма (өлімшідүр) Хұсаинов
уәрсәләрінің қаражаты илан 1910-ншы жылда»,- деген жазумен
басталады [181, 1
б.
]. Әр бет 30 жолдан тұрады. Бұл жолдағы
берілген өлең жолдары өзара тек жұлдызша арқылы ғана
ажыратылған. Сырт қарағанда қара сөзбен берілген тәрізді ой
қалдырады. Мәтінді құрастырған адамның есімі келтіріліп, соңғы
112
бетте: «Басниф еткуші Түркістан мәхкүмінде Шәді төре Жиһанкез
ұғлы»,- деген сөзбен аяқталады [181, 20
б.
].
Мұндағы «Келіннің бетін ашатын терме» атты кітабы бұған дейін
1910 жылы жарық көрсе, енді міне 1915 жылы да қайта басылып отыр.
Екі нұсқадағы мәтінді жариялаушы адам есімі Шәді төре Жиһанкез
ұғлы екендігі- мәтіннің бір екендігін дәлелдейді. Тек бірінші нұсқа
«Б.Л. Домбровский» баспаханасынан шықса, екінші басылымы
«Университет» баспаханасынан шығып отыр. Нұсқаның бет мөлшері
де, ондағы өлең жолдары да, жұлдызша тәрізді ажырату белгілері де,
алғашқы өлең жолдары да т.б.- бәрі сайма-сай, сөзбе-сөз дәл келеді.
Демек ХХ ғасыр басында кітап бастыруда не қаржы үнемдеу, не
пайда табу мақсатында, кейбір басылым үлгілері баспахана иелері
арасындағы өзара келісім бойынша мәтінді сол қалпында қалтырып,
тек баспаханасы мен жыл көрсеткіші бар т.с.с. мұқабасын ғана
өзгертіп отырған. Ал қалған жерлерін сол қалпында берген. Мұндай
жарияланған кітаптардың ғылыми сипаттан гөрі бұқаралық сипаты
басымдау келеді.
Түйіп айтқанда, ХХ ғасыр басында қазақ фольклорын
жариялаушылар не кітаптың, не жинақтың, не хрестоматиялардың
сыртқы мұқабасында мынадай дерек көздерін көрсету міндетті деп
санаған: еңбектің аты; құрастырған, не бастырған жинаушысы, не
шығарушысы және кітапқа қаржы бөлген бастырушысы кім екендігі;
баспахана аты, қай қалада; қай жылы шыққаны т.с.с. Кітаптің мұндай
паспорттық деректерін толтырудағы мақсат: фольклорлық мәтіннің
түрлі-түрлі нұсқаларының өзі қалаған бір үлгісін әр баспахана иесі
өзінше шығарады. Демек жоғарыдағы талаптарды орындау бір
мәтіннің бірнеше нұсқасын бір-бірімен шатыстырмай, араластырмай,
ұқсас болмау жағын т.с.с. қадағалау, әрі ажырату үшін қажетті дерек
көздеріне айналмақ. Осы жоғарыда келтірілген дерек көздеріне қарап,
әр мәтіннің бірнеше нұсқасын өзара салыстыра зерттеу мүмкіндігі де
туады. Мысалы, «Қисса-и Айман-Шолпан» жырын алайық: «Нәшәрі:
Шәмсуддин Хұсаинов уәрсәсі. Қазан. Б.Л.Домбровский матбәғәсі.
1916»,- деген деректермен басылған [182]. Әр бетте екі бағана бойына
30 өлең жолдары бөлініп, барлығы әр бетте 60 өлең жолдары еніп
отырған. Мәтін ішінде «Енді Көтібардың Мамайға айтқаны»,
«Айманның жігіттерден жауап сұрағаны», «Әлқисса Әлібектің айтып
келе жатқан өлеңі» т.с.с. тәрізді жеке отау тіккен тақырыпшалар да
кездеседі. «Қисса-и-Айман-Шолпан» атты кітап соңында мынадай
өлең жолдарымен берілген ескертуі де бар:
... Аяғы бұл қиссаның енді бітті,
Жүсіпбек жазған сөзін тамам етті.
113
Кімге опа қылады жалған дүние
Сөйтіп жүріп дүниеден олар да өтті.
Ахмедкәрім, құлақ сал сөзімізге,
Жеті қисса жазып бердім өзіңізге.
Инша Алла! Жазармын тағы кітап
Сочинитель автор болдым сізге...[182, 20
б.
].
Демек бұл үлгіні жеткізуші Жүсіпбек қожаның өзі болса, мәтінді
жинап, жазып жіберуді сұраған Ахмедкәрім есімді азамат аты аталады
(оған бұған дейін 7 мәтін үлгісі жіберілгені де ескертіледі).
Келесі «Қисса-и Құламерген» кітабына келсек, онда: «Нәшәрі:
кітапшы Шәмсуддин Хұсаинов уәрсәсі. Қазан. Университет
табиғханасы.1916»,- деген деректер орналастырылған [183]. Мұнда да
соңғы бетте баспадан шыққан, сатылуда бар кітаптар тізімі қоныс
тепкен. Әр бет екі бағанаға бөлінген жыр жолдарынан келеді.
Шамамен әр бетке 52 өлең жолдары сыйдырылған.
Кітап соңына қарай өлеңмен берілген мына дерек көзі енгізілген:
...Міне, жаздым өлең қылып қара сөзді,
Баспашы құлағыңа ал осы кезді.
Баспашы түзеп басқыл қателерін
Іздейін құрмет қылсаң жазушы ерді...,- деген
Ғабдырахман, Ізбас ұғлы Бектасовтың шығарылған өлеңі беріледі
[183, 24
б.
]. Демек бұл нұсқаның ел арасында қара сөзбен
айтылатын үлгісі бар екені, оның өлең түріндегісін жеткізушісі
Ғабдырахман Ізбас Бектасов екені айқындалады.
Дегенмен ХХ ғасыр басында мұндай бұқаралық сипаттағы
басылымдармен қатар, ғылыми сипаттағы да фольклор үлгілері
жарияланып тұрды. Мәселен, «Едіге мен Тоқтамыс» туралы үлгінің
сыртқы мұқабасында: мәтін қолжазбасының иесі белгілі ғалым
Ш.Ш.Уәлиханов екендігі ескерілген. Үлгіні шығарушы профессор
П.М.Мелиоранский екендігі; мәтін 1905 жылы С.-Петербург
қаласындағы И.Бораганскийдың баспаханасында басылғандығы
ажыратылған.
Сондай-ақ
Орыс
Географиялық
Қоғамының
ұйғарымымен басылды т.б. деген тәрізді дерек көздері бар. Сонымен
қатар кітаптың ішкі бетінде зерттеушілер үшін тез табылсын деген
мақсатпен мазмұны берілген. Онда алғысөз, сөздік пен қазақ мәтіні
үшке бөлініп, беттері көрсетілген. Кітаптың бір ерекшелігі, орыс
әрпінде берілген алғысөзі мен сөздігінің [184, 1-23
б.
] беттері солдан
оңға қарай нөмірленіп оқылса, ал берілген қазақша мәтіннің
түпнұсқасы араб әрпімен жазылғандықтан, керісінше, оңнан солға
қарай оқылады. Сол ретпен мәтін де нөмірленіп, кітапқа да солай
кірген [184, 1-39
б.
].
114
Кітаптың алғысөзінде қолжазбаның өзіне сипаттама беріледі: 25
беттен тұратындығы; қалыпты орта беттерде жазылғандығы;
қолжазбаның сыртқы мұқабасы қара түсті қалың қатырма қағаздан
жасалғандығы; қолжазбаның тақырыбы көрсетілгендіктен, шығарушы
М.П.Мелиоранский өз тарапынан мәтінді «Едіге би» деп атағандығы
т.б. жазылған. Демек П.М.Мелиоранский бұл мәтінді дайын
қолжазбадан көшіріп басқан. Бұл мәтінді ғалым Ш.Уәлиханов 1841
жылы Аман Қарағай аймағының Күрлеуіт Қыпшақ ауылының ақыны
Жұмағұлдың аузынан естіген. Ал, Ш.Ш.Уәлихановтың әкесі сұлтан
Шыңғыс Уәлиханов өз тарапынан ол мәтінді сөзбе-сөз қағазға
түсірген. П.М.Мелиоранский айтуына қарағанда, қолда бар үлгінің
үш бірдей нұсқасынан (3-нұсқаны Арслан байдың аузынан жазып
алған да сұлтан Шыңғыс Уәлиханов). 1842 жылы Шыңғыс пен Шоқан
бір ортақ үлгі жасаған. Дегенмен ортақ үлгі жасау ғылыми сипатты
танытпаса да, ол үлгіні Ахмет деген азамат көшірген. Онысы орыс
тіліне аударылып «Ш.Ш.Уәлиханов таңдамалысының» 233 пен 264
беттер арасында басылғаны да, аудармада кейбір кемшіліктердің
болуы, шамасы мәтінді көшірген Ахмет тарапынан кеткен
кемшіліктен туу мүмкіндігі де т.б.- бәрі ғылыми басылымды
шығарушы профессор П.М.Мелиоранский тарапынан сөз болады.
Кезінде бұл мәтінге Шоқан Уәлиханов көптеген толықтырулар мен
өзгертулер енгізсе, кейін профессор П.М.Мелиоранский өз тарапынан
бұл үлгіні сол өзгерістермен қайта шығаруды жөн көрген.
Алғысөзде
профессор
П.М.Мелиоранский
одан
әрі
Ш.Ш.Уәлихановтың мәтінге жасаған ескертпелерінің әрқайсысына
жеке - жеке тоқталып кетеді. Кейде Ш.Уәлиханов өзі үшін мәтін
өлеңдерінің реттілігін өзгерткісі келген тәрізді ескертпелері бар дей
отырып, П.М.Мелиоранский оларды басқа адамдардың түсінуі
қиындығын да ескертеді. Сол себепті мәтінді қолжазбаның әуелгі
үлгісімен басуды жөн көрдік деп түсіндіреді. Қолжазбада қара сөзбен
жазылған үлгіге қарағанда өлең түріндегісі басымдау келеді. Және де
өлең жолдары өзара жұлдызшалармен ажыратылған.
Алғысөзден басқа әр бет соңында мәтін ішіндегі түсінбеген
сөздерге түсініктемелер берілген. Алғысөзде қазақ өлеңдерінің
құрылысы, яғни шумағы, ұйқасы т.с.с. қарастырылған. Сонымен қатар
араб әрпінде жазылған қолжазбаның орфографиясы, фонетикасы,
таңбалардың жазылу ерекшеліктері т.с.с.- бәрі П.М. Мелиоранскийді
қызықтырған.
Мәтін ішінде қазақ тарихына қатысты кездесетін
көптеген тарихи есімдердің Алтын Орда дәуірінде, яғни 14 ғасырдың
соңы мен 15 ғасырдың басында ерекше маңызды қызмет атқарғанына
да назар аударылған. Едіге бейнесінің зерттелу тарихына тоқтала
115
отырып, белгілі ғалымдар: Ибн - Арабшах, Ш.Ш.Уәлиханов,
В.В.Радлов, И.Н.Березин, В.Д.Смирнов, В.В.Вельяминов-Зернов т.с.с.
пікірлеріне шолу да жасалынған. Сөз соңында қазіргі таңда «Едіге мен
Тоқтамышқа» қатысты үлгісінің 13 нұсқасы бар дей отырып,
профессор П.М.Мелиоранский сол нұсқалардың рет - ретімен қайда
басылғанын, кім басқанын т.б. көрсетіп кеткен [184, 17-18
б.
].
Алғысөзден кейін араб әрпінде жазылған кейбір қазақ сөздерінің
аудармасы жасалып, түсініктемесі бірге беріледі [184, 19-23
б.
] .
Мұнда, көбінесе ғалым Ш.Уәлихановтың берген түсініктемелері
алынған. Мәселен: «ұшан» деген (шамасы «ұшан теңіз» деген
мақсатта болуы керек - Н.Ж.) сөзді ғалым Ш.Уәлиханов «огромное
неперелетное» деп дұрыс түсіндірсе, профессор П.М.Мелиоранский,
керісінше, «судно, корабль, лодка» деген мағынасы дұрыс болуы
керек дегенді алға тартады [184, 19
б.
]. Біздіңше, ғалым
Ш.Ш.Уәлиханов түсініктемесі мағыналық жағынан дұрыс аударылған
да, ал П.М.Мелиоранскийдікі мүлде басқа болса керек.
Ал, араб әрпінде жазылған қазақ мәтініне келсек, үлгі
Ш.Ш.Уәлиханов қолжазбасы негізінде сөзбе - сөз берілген. Әр бет
соңында: бет ішінде кездесетін түсініксіз сөз болса, орысша
түсіндіреді: егер асты сызылған сөз, не сөз тіркес болса, бұл
қарындашпен сызылған белгілердің авторы кім екендігі ескертіледі,
тіпті не үшін асты сызылғаны да шығарушы тарапынан түсініктемесі
бірге берілген. Әр бет 20 жолдан тұрады, өлең жолдары
жұлдызшалармен ажыратылған, кейде сөйлем арасын ажырату белгісі
ретінде екі сызықшаны тігінен қатар қойып отырған. Сондай-ақ
ішіндегі бір сөз үсті сызылып, орнына төбесінен басқа сөз жазылса,
оны да сол бет соңында түсініктеме ретінде жазып отырған. Демек
шығарушы қолжазбаның өзімен де текстологиялық жұмыс
жүргізіп отырған.Жалпы
кітап
соңында
«Едіге
би»
деген
тақырыпшасы мен шыққан қаласы, жылы, баспаханасының мекен-
жайы т.б. – бәрі көрсетілген.
Сонымен ХХ ғасырдың басында шыққан ғылыми сипаттағы бұл
кітаптың маңыздылығы: біріншіден, мәтіннің жазылынып алыну
паспорты толық берілуі, яғни кімнен, қашан, қай тәсілі арқылы, кімнің
жазып алғанына қатысты ақпарат көздерінің т.б. толық қамтылуы дер
едік. Екіншіден, мәтіннің бірнеше нұсқалары өзара салыстырылып,
зерттеу тарихы да бірге берілуі назар аудартады. Үшіншіден,
қолжазбаның өзімен текстологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
ескертпелерін, түсініктемелерін, толықтыруларын, сөздіктерін т.б.
бірге беруі көңіл аудартады. Төртіншіден, мәтіндердің қай тілде
116
жазылғанына қарай дәстүрлі бет реттілігін кітап ішінде сақтау т.с.с. –
бәрі де бұл басылымның ғылыми сипатта басылғанын дәлелдейді.
Ә.А.Диваев- жүзден аса, әр түрлі мағлұматтар мен мақалалар
жариялаған адам. Ә.Диваевтың ғылыми үлкен маңызы бар аса көлемді
еңбектерінің
бірі-
«Сырдария
аймағының
есеп-санақ
материалдарының
жинақтарында»
(І-ХІ
томдар,
1891-1915
жылдардағы) жарияланған этнографиялық материалдары болып
табылады. Бұл жинақтың беттерінде Ә.Диваев ондаған ертегі,
көптеген мысқыл әңгімелер, ертегі, аңыздар, жын-пері жайындағы
хикаялар, мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қазақ халқының
эпостық жырларының нұсқаларын, сыршылдық әдет-ғұрыптың,
наным-ырым және бесік жырларын жариялаған. Текстерді жариялауға
іріктегенде Ә.Диваев ең алдымен оқушы жұртшылыққа, көшпелі
халық шығармаларына тән қасиеттерді барынша толық, мейлінше
айқын көрсете алатындарын жеткізуге тырысқан.
Ә.Диваев кеңінен қолданған-жарияланған материалдарға түсінік
жазып отыру әдісі әлі де өзінің маңызын жойған жоқ. Бұл
түсініктердің денін этнографиялық анықтамалар деп атауға болады.
Ә.Диваев кісі аттарына, тұрмыста кездескен уақиғаларға және
халықтың өмір туралы жырларына үнемі түсінік беріп отырады.
Халықтың өмірі мен күнделікті тұрмысындағы ерекшеліктерді
аша отырып, Ә.Диваев жазған түсініктерінде қазақтардың рухани
мәдениетін, соның ішінде халық поэзиясының ерекшеліктерін
көрсетуге ден қояды. Мәселен, ол былай дейді: «...Жиреншенің аты
Достарыңызбен бөлісу: |