Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет36/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

келтірілген [172, 44-46
б.
]. Мәселен: «1) Да застрелит (тебя) Бог. 2) 
Да побъет (тебя) Бог...»,- деген үлгіде алынған [172, 44
б.
]. Кітаптың 
бұдан кейінгі беттерінде: белгілі бір лауазым орнына сайлау мезгілі 
болғандағы адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін қазақ өлеңдері 
енгізілген 
[172, 
47-55
б.
]. 
Соңынан 
«К.Чигиров» 
деген 
аудармашысының есімі бар [172, 55
б.
].
ХХ ғасыр басында қазақ фольклорын жариялауда, әрі 
насихаттауда ерекше маңызды рөл атқарған А.Е.Алекторовтың 
«Киргизская хрестоматия» еңбегі екені анық [173]. Еңбектің басқа да 
жинақтардан ерекшелігі: үйде және класта орындау үшін, орыс тіліне 
аударатын мақалалар жинағы суреттермен бірге берілгендігі. 
Басылымның орысша-қазақша сөздігі бар. Бұл хрестоматияның 
алғашқы басылымы Орынборда 1898 жылы шыққан. Оқу құралының 
мақсаты -орыс тілін меңгертуге арналған. Алғысөзде мәтіндердің
қысы ұзақ кештерде оқылу ықтималдығын ескерген. Сол себепті
алдымен мәтін мазмұны орысша ауызша айтылу керек десе, одан 
кейін ғана жазбаша орындалуы қажеттігі ұсынылады. Мұндағы 
көлемі
шағын-шағын 100 мәтіннің, негізінен, балалар санасына, 
қабылдауына сәйкес құрастырылған. Олардың жас ерекшелігі 
ескеріліп, мәтін бірте-бірте күрделеніп берілген. Сондай-ақ 
хрестоматияда қосымша қарастырылатын оқу құралдар тізімі де бар 
[173, 1-2
б.
].
Мазмұнда берілген мәтін аттары екі тілде, яғни қазақ-орыс 
тілдерінде қатар тұр. Мәтіннің өзі де, аттары да т.б. – бәрі орыстың 
кириллица әрпімен жазылған. Мәтін реттілігі 1- ден 100-ге дейін
сандармен анықталып, бірінен соң бірі тізбектеліп келтірілген.
Мәтіндердің араб әрпіндегі түпнұсқалары мен орыс тіліндегі 
аудармалары берілмей, тек кириллица әрпіндегі транскрипциясы ғана 
болуы, шамасы, бұл оқу құралының ғылыми мақсаттан гөрі 
ағартушылық мақсат көздегенін дәлелдейді. Дегенмен қазақ тілінің 
өзіндік ерекшеліктерін кириллица әрпіне түсірілгенде туындайтын 
кейбір мәселелер, өз кезегінде тілтанушы ғалымдарды да
қызықтырары сөзсіз. Мәтіндер кириллица әрпіне түсірілгенде қазақ 
тіліндегі : «ә», «ғ», «қ», «ө», «ұ»,»ү» тәрізді әріптерінің орнына, осы 
әріптерге ұқсас орыс тіліндегі «а», «г», «к», «о», «у» әріптері 


107 
алынып, олардың үстіңгі жағына екі нүкте белгісін қатар қою арқылы 
іске асырып отырған. Ал «ң» дыбысының орнына «н» дыбысын ала 
отырып, төбесіне емес, керісінше, әріптің оң жақ шекесіне бір үтір 
тәрізді белгіні қою арқылы ажырату іске асып отырған. Сол арқылы 
кітапта қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін көрсетуге тырысу орын 
алған. Ал, мәтіндер шоғырынан кейін: «Материалы для разговорных и 
письменных упражнений»,- деген толықтырма бар [173]. Мұнда 
жоғарыда келтірілген мәтіндер топтамасының реттілігіне сәйкес бір 
бетті екі бағанаға бөле отырып, кішігірім бір сөйлем көлемінде 
тапсырмалар, сауалдар т.с.с. тізбегін берген. Мәтіннің әрқайсысына 
100 тапсырма ойластырылған. Оқу құралының басты ерекшелігі-
сауалдар мен тапсырмалар орыс тілінде берілген. Қойылған сауалдар 
баланың жас ерекшелігіне сәйкес топтастырылған. Демек қазақ 
тіліндегі мәтіндер кириллица әрпімен берілсе де, оқу құралы ішіндегі 
сауалдар мен тапсырмалар таза орыс тілінде қойылуы, әрі мәтіндердің 
дені балалардың санасына жақын халықтық шығармалардан құралуы 
т.б.- бәрі қазақ балаларына орыс тілін меңгертуге арналған 
хрестоматияның құндылығын арттырары күмәнсыз. 
Мәтіндер, көбінесе балалар үшін әрі танымдық, әрі ақпараттық 
т.б. мақсатта топтастырылған. Мәселен, орындық, керует, таба, 
пышақ, сағат, мектеп, үй хайуандары, жылқы, сиыр, қой, ит, әтеш, қаз 
т.б. тәрізді тақырыптарды қамтиды. 
Іріктелген 100 шақты мәтіннің 24-і фольклор үлгілеріне жатады. 
Ол үлгілер, негізінен, ертегілерді: «Айтыс», «Ешкі мен қасқыр», 
«Қасқыр мен түлкі», «Байлық», «Шал мен өлім», «Әділ қазы», 
«Жиренше шешен мен Алдар көсе», «Шайтан» турасында т.б. [174] 
қамтиды. 
Бұл кітапта орын алған фольклор үлгілері балаларға, көбінесе 
үгіт-насихат, үлгі-өнеге құралы т.б. ретінде де ұсынылған. Мұнда тек 
қазақтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпы мен салт- санасына т.с.с. 
ғана орай мәтіндер ғана емес, сондай-ақ орыс елінің де тұрмыс-
тіршілігі, әдет-ғұрпына т.б. қатысты үлгілер іріктеліп қосылған. 
Мәселен, «Мектеп», «Ресей жайынан хабар» т.с.с. нұсқалар бар [175].
Сонымен қатар бұл хрестоматиядағы мәтіндерді орыс тіліне, әрі
жеңіл, әрі тез аудару үшін, соңынан қазақша-орысша сөздігі бірге 
берілген [173, 1-62
б.
]. Бұл сөздік беттері өз алдына жеке 
нөмірленген. Сөздіктегі аудармасы бар сөздер екі бағанаға бөлініп, 
алфавит тәртібімен орналасқан. Алдымен қазақша сөз беріліп, іле-
шала оның орысша аудармасы мен түсініктемесі орналасып отырған. 
А.Е. Алекторов қолданыстағы әрбір қазақ сөзінің не сөйлем 
ішінде, не ауыз-екі сөйлеу кезінде болсын түрлі тәуелдік, жіктік 


108 
жалғаулар арқылы, не басқа да сөздермен тіркесу арқылы мағыналық 
жағынан түрлену мүмкіндігін де ескерген. Демек А.Е.Алекторов 
фольклорлық текстерді балалар үшін редакциялаған, тілін өте 
қарапайым етіп жіберген. Балаларды оқытуда, оларға арнап 
хрестоматия құрастырғанда т.б. аударма мәселесін шешумен қатар, 
орыс тілін жетік меңгерту мақсатын шешу үшін арнайы сөздік 
жасаған. Ендеше А.Е.Алекторовтың фольклорды дайын тілдік мәтін 
көзі ретінде пайдаланған хрестоматиясының ұтымды жағын көрсетсе, 
ал ол мәтіндердің қайдан алынғанына түсініктемелер берілмеуі, 
өзгеріске ұшырауы кемшілігі болады. 
Қазақ фольклорын жариялауда А.В.Васильевтің еңбегі ерекше 
назар аударарлық [176]. Ол өзінің бұрынғы шарты бойынша әр 
жинағын жеке жанрға арнап отырған. 1898-1900 жылдары ертегіге, 
мақал-мәтелге арнайы жинақ шығарса, енді жұмбақтар мен батаны да 
жеке топтама етіп шығарған: “Образцы киргизской народной 
словесности. Выпуск 2. Киргизские загадки. Оренбург. Типография 
Ф.Б.Сачкова. 1900, 60 стр.” Кітап мұнда екінші рет басылым көрген,
мәтіннің орысша аудармасы бар. Бұл жинақтың маңыздылығы: 
мәтінмен бірге оның мазмұны да, кіріспесі де кездеседі: 
«Предисловие; Загадки религиозного содержания; Загадки в виде 
состязания джигита с девушкой; Загадки предложенные Аубакиру 
муллой Ходжа Ахмедом», -деген тәрізді т.с.с. [176, 1-3
б.
]. Ескеретін 
бір нәрсе, кітаптың алғашқы бетінде: “Перепечатано из “Тургайской 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет