Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет41/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

қысқаша түрдегісі. Мұнан гөрі ұзынырағы батырлар хикаясының 
бесінші бөлімінде айтылады. Комиссия»,- делінген [191, 3
б.
].
Жоғарыдағы үлгілерде үтір, нүкте, нүктелі үтір, жақша т.б. тәрізді 
тыныс белгілері қолданылған. Осы орайда Қазан төңкерісіне дейінгі 
шыққан кітаптардың көбінде тыныс белгілері мүлде қойылмағанын
еске салғымыз келеді. 
Бұл 1922 жылы жарық көрген «Батырлар» жинағының әр 
бөлімінің алғысөзі бірде бар болса, бірде жоқ болады. Ғылыми 
түсініктемелері, мәтіннің жазылынып алыну паспортына қатысты 
деректер де толық сақталмаған. Демек мұндай дерек көздерін 
келтірмеу, белгілі ғалым Ә.Диваев тарапынан кетті дегеннен гөрі, 
шамамен бұл нұсқаларды ішінара өзгерістерге, түзетулерге т.б. 
ұшыратқан Білім комиссиясының қажет деп таппауынан туындаған 
деп ұйғарған жөн. Себебі жинақтың Білім комиссиясы жазған
алғысөзінде нұсқа ішіндегі кездесетін араб, парсы т.б. сөздері 
алынып тасталғаны, оның орны басқа сөздермен өзгертілгені 
ескертіледі. «Шора батыр» үлгісі: «Бұрынғы өткен заманда Қазан 
деген қала бар екен,- деп басталады да, соңы,- мұнан басқа Шора 
батыр туралы мағлұмат жоқ, не істеп, не қылғандарынан, бірақ 
бірсыпыра қысқа мағлұматқа қарағанда Шора батыр өзінің 
Тамаларымен қайтадан Қазанға көшіп кетіпті деп айтылады»,- 
делінген түсініктемемен аяқталады [192, 59
б.
]. Ал, нұсқа ішіндегі
ескертпе иесі жинаушы Ә.Диваевтікі ме, не үлгілі жеткізушінің
қосқан толықтыруы ма т.б. ол жағы белгісіз. Себебі ол турасында
дерек көзі сақталмаған. 


123 
«Алпамыс» кітабының басы «Ардақты оқушыларға» деген үндеу 
сөзімен басталады. Онда: «Алдарыңызға ұсынылған «Алпамыс 
батыр» хикаясы Сырдария облысының қазақтары арасында зор .... 
тұтады. Қолдан жазылған «Алпамыс батырдың» әңгімесін 
Сырдария облысының Амудария бөлімінің бұрынғы бастығы 
М.Д.Разгонов біздің қарауымызға жіберген еді, оған рахмет болсын. 
Оның бер жағында «Алпамыс батыр» хикаясы Сырдария облысы 
Төрткөл болыстық Қарақалпақ ақыны (жыршысы) Жиенмұрат 
Бекмұхаммет баласы (кәсібі бахшылық еді) тарапынан жазылған. 
Бірақ «Алпамыс батыр» шын қазақ халқының өлең –жыры болса да, 
Бұхарға 
қоңсы 
отырған 
Қарақалпақ 
ақыны 
тарапынан 
жазылғандықтан, ішінде араб, парсы сөздері көп ұшырады. Мұны 
аударған уақытта қолымыздан келгенше сөздің негізгі мәнісіне 
жақын келуіне тырыстық»,- деген Ә.Диваев түсініктемесі бар [193, 
3
б.
]. Бұлар нұсқаның паспорттық деректері болып табылады- ол 
жақсы жағы, ал, мәтінді өзгертпеу талабының бұзылғандығы- ол 
жинақтың кемшілігі болып табылады.
ХХ ғасырдағы Кеңес өкіметі тұсында Ә.Диваев жинаған 
«Батырлар» жинағының 1922 жылы жариялануының, және бұл 
эпостық жырлардың өз алдына жанрлық тұрғыдан іріктеліп жеке 
жинақ боп шығуының мәні ерекше. Қазан төңкерісіне дейін араб 
әрпіндегі басылымдарда болмаған тыныс белгілерінің жинаушы 
тарапынан қойылып шыққаны- бұл мәтіндердің ғылыми айналымға 
түсе бастағанын көрсетеді. Сондай-ақ оқырман үшін нұсқаны еш 
қиындықсыз оқу жағы да қарастырылғаны танылады. Жинақтың 
алғысөзі де, түсініктемелері, тіпті кейбір нұсқаның паспорттық 
деректері бірге берілуі- басылымның ғылыми сипатта жарияланғанын 
дәлелдейді. Сонымен бірге сол кездегі Білім комиссиялары
тарапынан шыққан бұл жинақтардың халық әдебиетін дәріптеуде, 
насихаттауда, фольклорға деген халықтың қызығушылығын оятуда 
маңызы ерекше болды. Ал, «тіл тазалығы үшін күрес» деген 
айдармен мәтіндерді өзгерістерге, түзетулерге т.с.с. ұшыратуы т.б.- 
бәрі кейінгі шығатын жинақтардың дұрыс шығуына кері әсерін 
тигізген «теріс» үлгі болғаны да сөзсіз. Түйіп айтқанда, жекелеген 
ауытқу, кемшіліктеріне қарамастан, бұл кітаптардың шығуы қазақ 
фольклорын таныту, насихаттау ісіне елеулі үлес қосты. 
1923 жылы Түркістан Республикасының баспасөз мекемесінің 
Ташкентте Жүсіпбек Шайхулисламұлының жинаған «Қыз Жібек» 
жырын басып шығарды [194]. Бұл жинақ түрінде шыққан кітаптың 
Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген еңбектерден бір өзгешелігі- 
сыртқы мұқабасының жоғарғы тұсында: «Жер жүзінің еңбекшілері 


124 
бірігіңдер!»- деген кезең ерекшелігін әспеттейтін ұранды сөзі бірге 
басылған [194,1
б.
]. Қазан төңкерісіне дейінгі үлгілерде толыққанды 
сөз тіркестері мен сөйлемдерді т.б. өзара ажырататын тыныс 
белгілері қойылмаса, ал Қазан төңкерісінен кейінгі кітаптарда ол 
олқылық орны жойыла бастаған. Соның бір көрінісі бұл кітапта да: 
нүкте, үтір т.б. тыныс белгісі өз алдына, сұрақ белгісі, леп белгісі, 
тіпті тырнақшаға дейін қолданыс тапқан. Кітап көлемі 134 бет, әр 
бетте бір бағана бойымен 26 жыр тармағы бар. Мәтін түпнұсқасы
араб әрпінде берілген. Ал, түпнұсқаны араб әрпінде беру-
шығыстану ғылымы талабынан туғаны мәлім.
Негізінен алғанда, өлеңмен өрнектелген мәтін ішінде қара сөзбен 
жазылған үлгі орын алуы да бар. Көлемін есептесек, әр беттің 16 
жолдан аспауын көреміз. Кітап соңы: «Мұнымен «Қыз Жібек» тамам 
болды»,- ескертуіне қоса, Жүсіпбек қожаның мына өлеңі келтірілген: 
Көп қисса баспа қылдым мұнан бұрын, 
Пенденің Алла білер іште сырын. 
Сауап, күнә екенін біле алмаймын 
Кешіргіл күнә болса Жаббар кәрім. 
Көп қисса баспа болып шықты бізден, 
Назым қылып шығардым нәсір сөзден. 
Молдалар, оқысаңыз әр кітабым 
Әрқашан құр тастама дуаңыздан [194, 130
б.
]. 
Сонымен қатар кітаптың 131-інші бетінен 134-нші бетіне дейін 
мәтін ішінде басылым кезінде кеткен жаңылыстар тізіліп көрсетілген: 
«Қыз Жібекті» оқымастан бұрын көзге түскен жаңылыстарын түзету 
керек»,- деген, кестеге түсірілген 81 сөздің дұрысы қайсы, 
жаңылысы қайсы, қай беттің қай жолында орналасқандығына дейін 
нақты ескертілген [194, 131-134
б.
]. Сондай-ақ кесте ішінде әр түрлі 
себеппен мәтінге кірмей қалған, яғни түсіп қалған 38 сөзден тұратын 
үлгі үзіндісі де кірістірілген [194, 133
б.
]. 
Демек 1920 жылдары фольклорға қатысты жарияланған түрлі 
жинақтар мен кітаптарды т.с.с. ғылыми талаптардың, оның ішінде
мәтінді шамасынша өзгертпей басу ниетінің орындала бастағаны 
байқалады. Яғни шығарма мәтіні басылым көргеннен кейін де кітап 
соңында сол мәтінменен текстологиялық жұмыстар жүргізіп,
басылымнан кеткен кемшіліктерді түзету орын алған. Ондағы мақсат: 
мәтінді ешбір өзгеріссіз, сол қалпында басып шығару. Сол арқылы 
мәтіннің ғылыми дәлдігін сақтау. Бұл шараның өз кезегінде сол 
мәтінмен жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстары тұжырымдарының, 
оның нәтижелерінің т.с.с. неғұрлым дұрыс жасалуына,
нақтылығына, дәлділікке т.с.с. қызмет ететіні анық.


125 
1920 жылдарда халықтан жазылынып алынған шығармалар әр 
түрлі жинақтарда жарияланып, көпшілікке кеңінен тарала бастады. 
«Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар батыр» [188] жырлары баспадан 
шықты. «Қозы Көрпештің» В.В. Радлов жариялаған нұсқасы қайтадан 
басылды. Ақын Георгий Тверитиннің әдеби өңдеуімен «Қозы 
Көрпеш» орыс тілінде шықты (Москва- Қызыл-Орда, 1927). 
Көпшілікке арналған қазақ ертегілерінің жинақтары: «Тазша» 
(Москва, 1926), «Өтірік өлең» (Қызылорда, 1927), «Аяз би» (Москва, 
1928) жарияланды. 
Осы аталған жинақтарда, халық поэзиясы жөніндегі кітаптар мен 
зерттеу мақалаларда, жинау жұмыстарында этнографиялық та, тарихи 
сипат та байқалады. Мәселен, Ә.Диваев «Шора батырды», Кенесары 
мен Наурызбай жайындағы тарихи жырларды бастырып шығарды. 
Фольклористер Қазан төңкерісіне дейін ескі мұра жөнінде айтылған
ғылми құнды пікірлер арасын жақсы-жаман деп бөліп қарамады. 
Сондықтан да осы кездерде қазақтың халық әдебиетіне арналып 
шыққан жинақтар, мақалалар мен кітаптар Қазан төңкерісі 
қарсаңында істелген жұмыстарды көп жағдайда қайталап отырды. 
Ә.Диваевтың «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының еңбектері» 
атты жинақта жарияланған материалдары, оның Қазан төңкерісіне 
дейін дайындаған жинақтарынан ешқандай айырмасы болмады [195]. 
А.А. Мелков та өзінің «Қырғыз этнографиясы жөніндегі 
материалдарында» [196] қазақ ертегілерінің Қазан төңкерісіне дейінгі 
басылған өзінің жинақтарын қайталаған. 
Негізінен, 1920 жылдардағы ғылыми жұмыстың ең негізгі 
мақсаты- фольклорлық мәтінді жазып алып, жариялау ғана болған. 
Ғалымдардың жұмысы бұл жағынан жемісті болды. Оған дәлел: 
жарияланған материалдар саны қанша көп болса, баспаға әзірлеу 
сапасы сонша жоғары. Жариялаудың ғылыми және жалпы оқуға 
арналған түрлері белгіленген. Жарыққа шығарудың әр алуан амалын 
іздестіріп, газет, журнал және жинақтарда мақалалар арқылы 
«Материалдар», 
«Нұсқалар» 
деген 
аттармен 
жарияланған. 
«Географиялық-этнографиялық және лингвистикалық анықтамалар» 
сияқты түсініктер берудің түрлері мен әдістері белгіленді. Тек 
көркемдік түріне түсінік беру жағы жетіспей жатты. 
Азамат соғысы мен шаруашылықты қалпына келтірудің ауыр 
жылдарының өзінде де халық ауыз әдебиетінің Қазан төңкерісіне 
дейінгі және Кеңес тұсындағы тәуір деген үлгілері баспа жүзінде 
жарияланып, Қазақстанға ғана емес, тіпті Одақ көлеміне белгілі бола 
бастады. Мәселен, қазақ өлеңдері мен ертегілерінің үлгілері «Қазақ 
өлкесін зерттеу қоғамының еңбектерінде» басылып шыққаннан кейін, 


126 
Түркстандағы халық музейіне қойылып, жұртқа таныстырылды, ауыз 
әдебиеті пәні Қазақстандағы алғаш ұлттық жоғары мектеп Қазақ 
ағарту институтында арнаулы сабақ боп оқыла бастады. Республика 
баспасөзі Кеңес фольклорының тырнақалды үлгілерін жұртшылыққа 
таныстыруда үлкен қызмет атқарды. Газеттер мен журналдарда 
ақындардың жаңа өлеңдері жарияланды. Бұл өлеңдерде Қазан 
төңкерісі әкелген жаңа тұрмыс, жаңа өмір дәріптелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет