127
шықты [197]. Бірде полиция тарапынан қысым көру, бірде газет
ұжымы ішіндегі кикілжің әсері тәрізді т.б. түрлі жағдайларға
байланысты «Серке» мен «Қазақ газетінің» 1-2 саны ғана шығып
тоқтады. «Қазақстан» газетінің (2 тілде) 14-15 саны шығып үлгерді.
Газет беттерінде ғылым пайдасы, кәсіп ету,
өнер-білімді дәріптеп,
орыс мәдениетінен үйрену, адамның теріс мінездерін сынау т.б.
тәрізді біраз мәнді мәселелер көтерілгенімен, бір өкініштісі қазақ
фольклортану ғылымына қатысты мақалалар берілмеген (шамасы
басып үлгермесе керек). Сонымен қатар «Сарыарқа» (1917), «Бірлік
туы» (1917) т.б. газеттерінде фольклор үлгілері кездеспейді [198].
Көбінесе мұнда қазақтың белгілі ақын-жазушылары, әдебиеттанушы-
ғалымдары: Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, С.Торайғыров,
Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Дөнентаев, Б.Майлиннің т.б. өлеңдері,
әңгімелері, мақалалары т.б. басылған [198, 56-58
б.
].
«Алаш» (1916) газеті Ташкент қаласында аптасына бір рет шығып
тұрды, отырықшылық пен ағарту мәселелерін т.б. көтерген; сот ісін
жөндеу, әйел тақырыбымен қатар, мақал, жұмбақ, ертегі нұсқаларын
да жариялап отырған. Мәселен, онда Баржақсин Ахметтің «3000000
(үш миллион) күң» атты мақаласы берілген [199]. Мақалада қазақ
елінің жер көлемі беріледі де, соңынан
әйел тақырыбына қатысты
мақал-мәтелдер шоғыры келтірілген. Ал, келесі мақалада Жәдігер
Жәністің жұмбақпен жазылған өлеңі бар [200].
Сондай-ақ Н.Құлжанова [201] мен Л.Н. Толстой атынан берілген
(аударма) [202] ертегілер де кездеседі. Мұның бәрі ХІХ ғасырдың
соңы мен 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығып тұрған қазақ
газеттері беттерінде шаруашылық, мәдениеттің басқа да салаларымен
қатар фольклор үлгілеріне де назар аударылып отырғанын дәлелдейді.
Жалпы, бұл тұста отаршыл ел басқарушыларының түрлі ашық та,
жабық қысымдарына қарамастан, фольклор жинау, фольклортану
саласында аз да болса ілгерілеу орын алған.
ХХ
ғасырдың
басында
Троицк
қаласының
«Энергия»
баспаханасынан қазақ тіліндегі қазақтың тұңғыш журналы «Айқап»
(1911-1915 ж.) шықты [203]. Бұл да басқа басылымдар тәрізді саяси,
әлеуметтік, экономикалық т.б. мәселелермен қатар, көбінесе әдебиет
пен мәдениеттің т.с.с. жанашыры болғаны аян.
Журнал беттерінде
қазақтың белгілі ақын-жазушылары, ғалымдары: А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, Ә. Ғалымов, С.Дөнентаев, М.Дулатов, Т.Жомартбаев,
М.Жұмабаев,
Қ.Кемеңгеров,
М.-Ж.
Көпеев,
Ғ.Қарашев,
Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, С.Сейфуллин, С.Торайғыров т.б.
еңбектері жарық көрген. Онда қазақтың шаруашылық, жер-су хұқығы,
сайлау төңірегіндегі, әйел теңсіздігі, соғыс әсері, елдің тарихы, оқу-
128
ағарту, тәрбие, тіл мен әдебиет т.с.с. мәселелермен қатар қазақ
фольклорына қатысты еңбектер де жарияланды. Мәселен, белгілі
фольклор үлгілерін жинаушы А.Баржақсинның «Ашық хаты» берілді
[204]. Онда қазақтың 1300 мақал-мәтелінің жиналып, орыс тіліне
аударылғандығы, Омбы музейі арқылы
кітап шығару әрекеті мен
Г.Н.Потаниннің қазақ тіліндегі ертегілерді жинауы туралы құнды
деректер келтірілген [205]. Демек сонау ХХ ғасыр басында да
фольклор нұсқаларын жинаудың қаншалықты маңызды екендігі және
оларды насихаттауда басқа тілдерге аударылу қажеттігі, сонымен
қатар фольклор үлгілерінің ғылыми басылым көруі мәні баспа бетінде
үнемі көтерілді. Мұның бәрі сол кездегі фольклортанушы
ғалымдардың фольклорды насихаттау, әрі дәріптеу ісін т.с.с. қолға
алғанын дәлелдейді. «Айқап» журналының бір санында «Азамат
Алашұлы» (Міржақып Дулатов)- деген бүркеншек атпен «Хан
Абылай» нұсқасы [206] жарияланды. Нұсқада XVIII ғасырда дүниеге
келген, Көкшетауда қазақ еліне 48 жыл хан болған Абылай туралы
аңыз-әңгімелер жинақталып берілген. Осы орайда бұл келтірілген
нұсқалардың белгілі фольклортанушы ғалым М.Ж. Көпеев жазбалары,
әсіресе оның «Абылайдың хан болып көтерілуі» мен «Абылай ханның
түсі және қалай өлгені» туралы әңгімелерін
көп ретте сөзбе-сөз
қайталайтын ұқсастығына назар аудартқымыз келеді [207].
М.Дулатов бұл әңгімесінің бір бөлімінде Абылайдың 48 жыл
Көкшетауда хан болғаны, 12 жасар кезінде Түркістанға келіп
қызметші болып жүруі, 20 жасқа келгенде қалмақпен соғыста
ерлігімен көзге түскені, кейін хан болып көтерілуі т.б. баяндалады.
Ал, екінші бөлімі ханның қартайған шағында Ташкентті шаппақ
болуы, түс көріп, райынан қайтуы, қайтар жолда «қорғанға» түсіп көз
жұмуы т.б. қамтылады. Бұл екі материал да М.Ж. Көпеев жинағында
сол қалпында берілген. Екі нұсқа, негізінен алғанда, бір қолдан
шыққан, тек аздаған өзгешеліктері бар.
Мәселен, екі нұсқаның да бастамасына үңілейік. «Айқапта»:
«Атағы жер жарып шыққан Абылай XVIII ғасырда дүниеге келіп...»
деп басталса, М.Ж. Көпеевте ол жерлері жоқ, әңгіме бірден ханның
12 жасар күнінен, сарт Оразауықпен Түркістанға келуі, Әбілмәмбет
ханға қызметші болғаны, Үйсін Төле би түйесін баққаны, Сарыарқаға
барып, Атығай, Қарауыл деген елдің байы Дәулеткелдінің жылқысын
баққаны т.б.- бәрі «Айқаптағы» нұсқада да дәл қайталанған, тек онда
сарт жолдасы Оразаулық есімі кездеспейді [208].Одан кейін оқиғаның
берілу стилі де әр нұсқада өзінше берілген.
Сондай-ақ әңгіме
ортасында берілген Арыстан ақынның «Кене хан, жақсы көрсең
қарашыңмын»,- деген бір шумақ өлеңі «Айқапта» соңына қарай
129
берілген. Оның есесіне М.Ж. Көпеевте соңына қарай берілген
«Қылады Микражіде байлар сауда» атты өлең жолдары, керісінше,
«Айқапта» материал басында орын алған. Сондай-ақ М.Ж. Көпеевте
әңгіме соңында «Қымыз өзені» атауына, «Аң алмайтын жаман құс ат
еңбегі...»,- деген мақал төркініне байланысты берілген түсініктемелер
[208, 305
б.
] т.б. М. Дулатовта кездеспейді. Мұның бәрі бірінші
нұсқаның көлем жағынан кеңірек екенін, сонымен бірге әңгімені ел
аузынан жинап ең алғаш қағазға түсіруші автор М.Ж. Көпеев екенін,
М.Дулатов нұсқасы, не
тікелей автор жазбасынан, не ел арасына
қағазға түсіп тараған М.Ж. Көпеев үлгісінен алынған көшірме болуы
ықтималдығын көзге ұрып тұр.
«Айқаптағы» нұсқаның екінші бөлімінде де өзгерістер баршылық.
Мәселен, М.Дулатовта:
«Әй, Абылай! Сені мен көргенде
Достарыңызбен бөлісу: