Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет52/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

казагының баласы. Әкесі, казак-орыстың жүзбасшысы, Баян ауыл 
аймағындағы Сүйіндікті билеп тұрған. Сол уақытта казак-орыстың 
Ямышская, қазақша аты- Тұз қала (Тұз қаладан бұрын салынған 
Ертісте қала жоқ. Бұл жер бұрын қазақ пен жоңғардың айырбас 
қылатын жері екен) дейтүн қаласында 21-нші сентябрьде 1838-нші 
жылы Г.Н.Потанин туған. 
Бала туған соң 3 ай өткенде, әкесі Қызылжар оязына көшкен. 
Бекетке келсе, құндақтағы бала шанадан түсіп қалыпты. «Мен 
туған соң 3 айда дүние кезбек болып шанадан түсіп қалып, жоғалып 
табылғаным, дүниені кезіп білуді сонда бастадым»,- деп, Г.Н. 
күлетін.
Г.Н. Омбыда Кадетский корпусында Уәлихан ұлы Шоқанмен бірге 
оқыған. Шоқанмен дос болған. Қырық жыл қоймай қуып жүріп, 1904-
ншы жылы Шоқанның екі кітабын бастырды. Корпусты бітірген 
соң 1855-нші жылы казак-орыстың бастығы болып Жетісу барған, 
Алматыны Г.Н. салдырған. 1859-ншы жылы П.П.Семенов-
Тяншанский атанған, Түркістанға барып, жер-суын оқып қайтып 
келе жатып, Омбыда Г.Н. мен Шоқанға жолығып сөйлеседі, екі жас 
офицердің өзгеше екенін сезеді.
Сендер мұнда жүріп, аяқ асты болмаңдар, Петербор барып 
университеттен оқу оқыңдар деп, Г.Н. мен Шоқанға ақыл береді.Екі 
жас Петербор барып университет түседі. 
Г.Н. мұнда жүріп ботаниканы- жерге шығатын шөп, ағаш-білімі, 
әр жұрттың әдебиеті, тұрмысы, жер білімінің жолын әдейілеп 
ізденіп жақсы білген...»,-дейді, міне, бұдан мақалада ғалым 
Г.Н.Потаниннің фольклортанушылық өмірбаянына қатысты құнды 
дерек көздерінің біраз қамтылған. Сонымен қатар автор 


159 
Г.Н.Потаниннің әйгілі «Восточные мотивы в средневековом 
европейском эпосе» атты еңбегінде, күнбатыстың әдебиетіне негіз 
болған күншығыстағы ауызша айтылып жүрген ертегі, жыр, мақал, 
өлеңдер т.с.с. бар екенін ескертеді. 
Сондай-ақ 1863 жылы Сібірды бөліп алмақ дегенге саятын 
айыппен Г.Н.Потаниннің абақтыға қамалғаны; көп білген,
жазғандары И.Р.Г.О. беттерінде басылғаны; 1920 жылы жазды күні 
Томда (Томск болуы керек- Н.Ж.) дүниеден қайтқаны- бәрі де 
қамтылған. Мақала соңы: «...1915-нші жылы Г.Н. 80 жасқа толды. 
Г.Н. атына бағыштап шәкірттері кітап басты. Соған қосылып 
қазақтың өлеңін, жырын, мақаласын біздің қазақ жастары да 
баспақ болды, мына «Ер Сайын» мұның басындағы Ахметтің «Г.Н.- 
ға тартуы» сонда басылмақ болған ед. «Күншығыс баспасы» баспақ 
болып отырған Баржақсыұлы Ахмет жинаған «Мың бір мақал» да 
Г.Н.-ға қалап басылмақ еді»,- деген түсінік беріліп, соңынан «Қыр 
баласы» деген ескерту жазылған [243, 91
б.
]. Міне, бұдан біз ХХ 
ғасырдағы Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірде не жинақ, не кітап т.с.с.
баспадан шығарылғанда, көбінесе белгілі бір ғалымның мерейтойына 
орай ұйымдастырылып отырғанын көреміз. 
«Ер Сайын» кітабының соңында, сондай-ақ кітап ішінде 
кездесетін кісі, ел, жер аттарының тізім көрсеткіштері, еңбектің қай 
беттерінде не дерек кездесетініне дейін анықталып берілген [243, 92
б.
]. 
Бұл анықтаманы да жазған Қыр баласы (Ә.Бөкейханов). Ал, кітап 
мазмұны соңғы бетте берілген [243, 93
б.
]. Соңғы беттің бірінде тіпті 
жарнама орын алған: «Ұлттар Комиссариаты қарауындағы Күншығыс 
баспасөз кеңесінің басып шығарған қазақша кітаптары мына кісілерде 
сатылады...»-деп, 32 елді-мекендегі адамдардың аты-жөндері 
келтірілген [243, 94-95
б.
]. Мәселен, Семейде-Тұрғамбайұлы Маннан; 
Қарқаралыда- Сапақұлы Рахымбай дей отырып, Алаш, Кереку, Омбы, 
Қызылжар, Орынбор, Ақтөбе, Ақбұлақ, Орда, Ташкент, Түркістан, 
Ақмешіт, Алматы т.с.с. елді- мекеннің тізімі мен ондағы өкілетті 
адамдардың есімдері көрсетілген. Демек сол кездің өзінде де кітап 
басу үрдісімен қатар, оны тарату, сату, насихаттау т.б. ісінің бірге 
жүруі- бәрі баспагерлердің заман талабына қаншалық икемделгенін 
танытады. 
Кітапта одан әрі «Күншығыс баспасынан» шыққан 15 шақты 
кітаптың тізімі бар [243, 96
б.
]. Мұнда фольклорға қатысты: «Мың бір 
мақал»- жинаушы Баржақсыұлы; «Ер Тарғын»-Марабай, өңдеген Қыр 
баласы; 
«Кенесары-Наурызбай»- 
Нысамбай, 
жазып 
алған 


160 
Басығараұлы; «Ертегілер»- аударушы М.Жұмабайұлы; «Тазша»- 
жазып алған Басығараұлы т.с.с. деген құнды дерек көздері бар. 
1923 жылы Мәскеуде ғылыми-көпшілік сипатта шыққан енді бір 
жинақ- «Мың бір мақал» [245]. Кітаптың сыртқы мұқабасында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет