Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет58/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

«Ормамбеттен аттанған, он сан Ноғай, //Біреуінің ақылы он сан 
қолдай...,- деп басталып, соңы,- ... Ай деген өзен бар екен. Ай деген 
балдызын соған қойыпты. Таңсық деген балдызын соған қойыпты»,- 
деп аяқталады. Жалпы бұл «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының түркі 
тектес халықтар арасында кең таралғаны мәлім. Жырдың қазақ елі
арасында жиырмадай нұсқасы бар екендігі; алғаш рет оны 1830 
жылы орыс ғалымы Саблуков жазып алғаны; тағы бір нұсқасын 1834 
жылы Омбы губернаторының тілмашы Ғ.Дербісәлин қағазға 
түсіргені; ал Аягөз сыртқы округтік приказының тілмашы Андрей 
Фроловтың 1841 жылы жырдың тағы бір нұсқасын хатқа түсіргені; 
тіпті 1856 жылы бұл жырды Жанақ ақынның аузынан Шоқан 


173 
Уәлихановтың жазып алғаны т.с.с.-бәрі де ғалымдар: М.Әуезов, 
Ә.Марғұлан, Ы.Дүйсенбаев, М.Ғұмарова, Ә.Қоңыратбаев, Б.Уахатов, 
С.А.Қасқабасов, К.С.Матыжановтар тарапынан сарапталғаны белгілі
[251]. 
Осы орайда 1924 жылы В.В.Радловтан жазып алған 
Ә.Бөкейхановтың «Қозы Көрпеш-Баян» нұсқасымен қазақ елі 
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1994 жылы Қазақстан Республикасы 
Ұлттық ғылым академиясы тарапынан қайта толық түрде басылым 
көрген В.В.Радлов нұсқаларын өзара салыстырсақ, төмендегідей 
ерекшеліктер 
байқалады. 
Біріншіден, 
нұсқаларды 
өзара 
салыстырғанда мазмұнда, сюжетте айырмашылық бар ма, олардың 
кейіпкерлері, іс-әрекеті, сөзі өзгерген бе дегенде, жоғарыдағы 
келтірілген екі нұсқа бірдей екеніне көз жеткіземіз. Тек мәтіннің 
тілінде, стилінде өзгерістер өте көп. Мәселен, 1994 жылы 
фольклортану ғылымы талаптарына сәйкес басылым көрген «Қозы 
Көрпеш» нұсқасындағы: «Ормамбеттің», «Екеуі заманында байлық 
орай», «аңға», «Ертіске қала салды манат тоғай», «Сарыхан буыршын 
мініп аңға барды», «Топта қамшы бастырмас жануар-ды», «Көз ішіне 
алыстан қара көрініп», «Буыршынменен», «біз», «жарысты», 
«Алдынан буаз марал аң қашыпты», «сіз» т.с.с. алғашқы жырдың 35 
жолындағы сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер [252] 1924 жылы Мәскеуде 
жарық көрген, Ә.Бөкейхановтың В.В.Радловтан жазып алған 
нұсқасында өзгеше берілген: «Орманбеттен», «Заманына екеуі болып 
орай», «алда», «Қала салды Ертіске манат тоғай», «Буыршынмен 
Сарыхан аңға барды», «Топта қамшы салдырмас жануарды», «Көз 
ішінде алыстан қала көріп», «Буыршынмен», «бір», «шапты», «Бір 
буаз аң алдынан тұра шықты», « сен» т.с.с. болып өзгертіліп 
қолданылған [250, 3-4
б.
]. Міне, мұндай екі нұсқа тіліндегі, стиліндегі 
т.б. өзгерістер жырдың әр тармағында кездеседі. Демек бұдан 
шығатын қорытынды біреу, 1994 жылғы басылым көрген В.В.Радлов 
нұсқасы фольклортану ғылымы талаптарына сай шығарылған да, 
яғни мәтін ешбір өзгеріссіз, түзетуге ұшырамай т.с.с. сол замандағы 
тілдік ерекшеліктерді бойында сақтай алған бірден- бір ғылыми 
басылым екендігін дәлелдейді. Демек 1924 жылғы жарияланған 
В.В.Радлов нұсқасы ғалым Ә.Бөкейханов тарапынан түрлі 
өзгерістерге, редакциялануға т.с.с. ұшырағандығын танытады. Мұның 
себебі ғалым Ә.Бөкейханов заман қысымына қарсы ұлттық идеяны 
көтеруде, фольклорды өзінше өзгертіп, қоғамдық мақсатқа сай 
қолданғанын көрсетеді. Мұның бәрі ХХ ғасырдың алғашқы
жартысындағы Кеңес өкіметі тұсындағы фольклорды жинап, әрі 


174 
жариялауда жоғарыда аталған түзету, өзгерту, редакциялау т.с.с. 
тәрізді олқылықтардың ірге тебуіне себепші болды. 
Қазақ фольклорын әрі насихаттауда, әрі жариялауда 1924 жылы 
ерекше маңызды оқиға болды. Ол Ә. Диваевтың қазақ-қырғыз 
әдебиеті үшін қырық жылдық еңбегінің тойына орай Түркістандық 
Қазақ-қырғыз Білім комиссариаты ғылыми-көпшілік сипатта Ә. 
Диваев жинаған әдебиет түрлерінен тізілген «Тарту» атты 
кітабының басылуы. Ол хрестоматия түрінде Ташкенттегі 
Түркістанның баспасөз мекемесінен жарыққа шықты [253]. О баста 
оқу кітабы деп айтып тұрғандай мектептерге оқу құралы хрестоматия 
үлгісінде ұсынылса да, кейіннен оның әрі қазақ фольклорын 
насихаттау үшін, әрі қазақ фольклортану, әдебиеттану, тілтану т.с.с. 
ғылым салалары үшін дерек көзіне айналғаны сөзсіз. 
Хрестоматияның сыртқы мұқабасында: белгілі фольклортанушы 
Ә.Диваевтың суреті; еңбек аталымы; не мақсатпен басылғаны; яғни
қазақ-қырғыз әдебиеті үшін 40 жылдық Ә.Диваевтың еңбегі тойына 
арналғаны; құрастырушысы белгілі ақын Мағжан Жұмабаев екендігі
сөз болады.
Одан әрі хрестоматияда Қазақ-қырғыз Білім комиссариатының 
мүшесі Мағжан Жұмабайұлының 1923 жылдың 30 май күні 
Ташкентте жазған «Әбубәкір ақсақал Диваев» атты алғысөзі берілген 
[253, 3-5
б.
]. Мұнда: «Елге еңбегін сіңірген ер қымбат» дей отырып
ердің елге бағасы қаны бір болу да емес, жаны бір болуын да, 
қуаныш, қайғысы ортақ болуында екендігін; ердің бағасы елге еткен 
еңбегінің зор яки кішілігінде емес, ел деген жүрегінің таза болуында, 
тілегінің елмен ортақ болуын да; ер өмірінің оры менен көрі ел 
өмірінің оры, көрімен бір болуында т.с.с. дегенді алға тартады.
Әбубәкір ақсақалдың түбі бір түрік баласы қазақтың бір бауыры
Башқұрт елінен шығуы , ата-мекені Уфа губерниясы, Стерлі Тамақ 
оязы, Тоқай ауылы, 1855-жылы туған жері Орынбор қаласы болуы; 
жасынан орысша оқып, Орынбордағы Кадетский корпусты бітіріп 
шыққан соң, 20 жасында әскерлік қызметімен Түркістанға келгені;
бірер жылдан соң әскерлік қызметінен босанып, Сырдария облысы 
губернаторы Н.И. Гродековке қызметке тұруы- бәрі оның қазақ 
фольклорын жинау ісінің негізін қалағаны анық. 
Осы орайда Н.И. Гродековтың қазақ елін орыс үкіметіне әбден 
бағындырып, нақтылап алу үшін яғни түпкілікті отарлау мақсатында 
қазақ елінің жайын-күйін тексеруге кіріскендіктен де, Әбубәкірдің 
қазақ елінің жайымен танысуын тездетуге ықпал жасауға мүдделі 
болғанын да ескерген жөн. Осының бәрін ғылыми өмірбаяндық 
деректер негізінде Мағжан Жұмабаев біршама жан-жақты сараптаған. 


175 
Осы себептен Ә. Диваевтың 1883-нші жылдан бастап қазақ елінің 
жай-күйін тексеруге кірісіп кеткенін көрсету барысында оның
мақсаты – қазақтың азат басын ноқтаға кіргізе беру үшін емес, қазақ 
елін басқаларға дұрыс таныту екені; қазақ еліне тұмсығымен су 
тасыған қарлығаш қызметін атқарғаны; қарлығаштың қымбаттылығы 
тасыған суының молдығында емес, жүрегінің адалдығында екендігі; 
Әбубәкір ақсақалдың қазаққа сіңірген еңбегі оның көлемінде ғана 
емес, алдымен адал ойлы қамқор болуында екендігі т.с.с.- бәрі де 
Мағжан Жұмабаевтың зерттеуші Ә.Диваевтың фольклортанушылық 
еңбегіне берген салмақты бағасы, орынды қошаметі деп бағалаймыз.
Міне, осылайша Әбубәкір ақсақалдың 40 жыл бойына қазақ елінің
халық ауыз әдебиетін, жол-жорасын жинағандығын; елдің елдігін 
сақтайтын әдебиеті, тарихы, жол-жорасы т.с.с. екендігін саралаған 
М.Жұмабаев мынадай тұжырымға келеді: «...Ол күндерде қазақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет